Тамақтың бабын қазақтай жасаған халық жоқ шығар? Сондықтан да болар, оның жасалу технологиясын қатаң сақтай білгендіктен халқымыздың ұлттық тағамдарының қайсысы болмасын аса дәмді, денсаулыққа пайдалы.
ТАНЫМ
22 наурыз 2014 г.
5 780
0
Бұл аңыз заман аттап, бізге жеткен, Келеді ел жадында ертеректен. Өтіпті Наурыз атты дәулетті қарт, Жан екен туымы бөлек асыл тектен.
ТАНЫМ
22 наурыз 2014 г.
2 323
0
Халқымыздың таным-түсінігінде 7 санының орны бөлек. Балаға жастайынан жеті атасының кім екенін үйретіп, от, су, құрғақшылық, оба, зілзала, аштық, соғыс сияқты жұттардан сақтанған.
ТАНЫМ
22 наурыз 2014 г.
2 119
0
Биылғы қыстың қаһары қатты, қары болған соң ба, Наурызды жұртшылықтың айрықша күткені байқалады. Ауылдарда "Самарқанның көк тасы еріді” деген күннен бастап көрші-қолаңға наурызкөже беру басталып кетті.
ТАНЫМ
22 наурыз 2014 г.
1 369
0
Ұлы Даланы қоныстап, жыл маусымдарының қас-қабағымен санасып, аспан шырақтарын бағдарлап, төрт түлік малды тіршілігіне тірек етіп, Тәңірге табынып ғұмыр кешкен көшпелілер есте жоқ ескі заманнан бері наурыз айында күн мен түннің теңесер шағын жылдың басына балап, дүние тіршіліктің жаңғырар сәті екенін ұғып, сонысын кие тұтып, сол күнді Наурыз деп атаған. Неге? Егер аңыздарға құлақ түрсек:
ТАНЫМ
22 наурыз 2014 г.
2 155
0
Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың «Қарабура» тарихи романы бұдан үш жыл бұрын оқырмандар қолына тиіп, жақсы бағасын алған еді. Қаламгер бұл шығармасына қосымша тың мәліметтер жинақтап, жазып, жаңа тараулар қосты. Содан үзінді ұсынылып отыр. Өткен тарихты таразылап отырсаң, Орта Азия елінде елді ел қылатын, ерді жер қылатын талай оқиғалар туындап, бірінің жағасына бірі жармасып, бірінің басын бірі алып, жанын қиған бақыт пен байлыққа, қыруар билікке жетпекші болған көріністерге таңдай қағып, кейде жиренішті өкінішпен қарайсың. Сол өкініштің көлеңкесінде талай мемлекеттер пайда болып, дамып, кейде келмеске кеткендей құлдырып, тасталқан болып қирап қалғандары қаншама?!
ТАНЫМ
15 наурыз 2014 г.
2 074
0
Қазақ халқында қолы алтын зергерлер мен ұсталар аз болған жоқ. Жер-дүниені кезген жиһанкездер олардың өнеріне тәнті болғанын таспаға басылған талай еңбектен біліп жүрміз. Біздің қолөнеріміз ежелден ешкімнен кем түскен емес. Елдің арасында темірден түйін түйген, сан алуан ағашты кәдесіне жаратқан және өзге де өнердің майын ішкен шеберқолды адамдар саны аз болды ма?! Расын айтқанда, олардың саны өте көп. Бәлкім, олардың кейбірін кейінгі ұрпақ жадынан жоғалта бастаған да шығар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық өнерді киелі кәсіп түрінде бағалап, осындай шеберлерді төрге оздырғанын кез келген ұлтжанды азамат зердесіне тоқып өскені бесенеден белгілі. Өйткені бүгінгі ұрпақ ұсталық, зергерлік өнерді ұмыт қалдырып, жаһандану заманының иіріміне терең батып бара жатқанын қалайша жасырамыз?!
ТАНЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 750
0
Бүгінгідей ақпарат дәуірінде қандай да бір қоғамдық пікір көзден таса қалмайды. Соңғы уақытта "8 наурызды атап өту керек пе?” деген пікірталастар әлеуметтік желілердің шаңын аспанға шығарып жатыр. Кейбір пікірлер "... әйелдердің теңсіздігін сұраған күн, теңдестірді ал, не болды? Кім не ұтты?” деген сарында болса, енді біреулері "... аналарды жаппай құттықтау күнін көпсінбейікші” деп араша түсіп жатыр.
ТАНЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 710
0
Сыныптастар өзара бас қосқанда сонау мектеп партасындағы бір-біріне сездіруге бата алмай, сүйіктісінің есімін терезенің жақтауына ойып жаздырған бала махаббаттарын еске алысып жатады. Бірі екіншісін басынан өткерген бала махаббатымен мазақтап, кезінде өздерінің қиял әлемінде өмір сүргендеріне таң қалысады. Сол жанды қай қылығы, қай мінезі үшін ұнатқанын еске түсіре алмай дал болады. Қалай болғанда да атар таңға іңкәр еткен бала көктемдегі балауса махаббаттың жүректің терең түбінде сақталары анық.
ТАНЫМ
08 наурыз 2014 г.
1 306
0
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың басында мен Литва ССР-і Каунас-Клайпеда тас жолының бойындағы орман арасындағы әскери жабық қалашық Кармелова деген жерде әскери борышымды өтедім.
ТАНЫМ
06 наурыз 2014 г.
1 491
0