ХХ ғасырдың басында дүниені дүр сілкіндірген саяси оқиғалардың ықпалы қазақ даласына да әсер етті. Ресей империясындағы саяси дүрбелеңдерден кейін, билікті еңбекшілер өкіметі санайтын большевиктер өз қолдарына алған еді. Осының нәтижесінде Қырғыз АКСР-і құрылып, КСРО - ның құрамына енді. Алғашқыда алаш зиялылары шоғырланған Орынбор қаласы астанасы болса, 1924 жылы Қырғыз Автономиялы Әкімгершілік территориясын ұлттық тұрғыдан межелеу барысында Орынбордың басым бөлігі орыстар болғандықтан және шалғайда жатқандығы ескеріліп, қазақ зиялылары арасында астананың ауысуы төңірегінде өте қызу пікір қалыптасты. Тарихи деректерге сүйенсек астана қылуға Ақтөбе, Әулиеата қалалары тіпті Атбасарда ұсынылған екен. Ақыры 1925 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарады. Бұл шешімнің шығуына сол кездегі Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы Сұлтанбек Қожанов үлкен рөл атқарды. Ол жаңа астана туралы ойларын. 1924 жылы «Ақжол» газетінде жариялаған «Кешіктірмей келісу керек», «Іс жүзінде орындау керек», «Қазақтың кіндігі қай қала болсын» және тағыда басқа мақалаларында бүкпесіз келтірді. Сонымен бірге оның «Қазақтың астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ ұлты жұртшылығына жуық болуы керек!» деген сөзі тарих бетінде мәңгі қалды.
Тарих
12 мамыр 2020 г.
2 077
0
XX ғасырдың басында іш сүзегі, полиомиелит, тұмау секілді жұқпалы аурулардың саны күрт артты. Әр уақыттан архивте әртүрлі суреттер қалған.
Тарих
02 мамыр 2020 г.
1 528
0
Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің өзі жоғары бағалап «Темір генерал» деп атаған Сабыр Рақымовты өзбектер еншілеп алып, КСРО кезінде барынша мадақтады. Қазақтың енжарлығы мен жәйбасарлығын пайдаланған көршілеріміз 1945 жылы генерал қаза тапқанда өздерінің астанасы Ташкент қаласындағы Кафанов атындағы паркке әкеліп жерледі. Өзбектің ұлттық батыры деп жарияланып, жерленген жеріне ескерткіш орнатты. Самарқан мен Навои қалаларына да ескерткіш ашылды. Ташкенттегі метро станциясы мен әкімшілік ауданға да генералдың есімі берілді. Өзбекстандағы барлық қала көшелеріне Рақымовтың есімі берілді.
Тарих
30 сәуір 2020 г.
1 931
0
Сұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келгені, тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді.
Тарих
30 сәуір 2020 г.
1 324
0
Рахымжан Қошқарбаевтың соғыстың соңғы ордасына ту тіккенің бүкіл қазақ біледі. Біздер мектепте оқып жүргенде, «КСРО тарихын» оқығандықтан М.Егоров және М.Кантария деп білдік. Мектеп бітірген соң, бірінші болып ту тіккен батырымыз Алматы қаласында тұратынын естідік.
Тарих
28 сәуір 2020 г.
2 434
0
1812 жылғы Отан соғысының басты шайқасы - Бородинода орыс патшасы І-ші Александр Москвадан айырылса, император Наполеон тағынан айырылды. Орыс армиясы бұл шайқасқа 150 мың адам мен 587 зеңбірегімен қатысты. Наполеон бұл шайқаста жеңіске жетіп орыс армиясын талқандап, Ресейді бітімге қол қойдырмашы болды. Кутузов болса шайқаста қорғанысқа көшіп жаудың армиясын барынша шығынға ұшыратпақшы болды.
Тарих
26 сәуір 2020 г.
2 048
0
Азамат соғысының батыры В.И. Чапаев, атқосшысы Петька пулеметші Аня туралы анекдотты да талай естіген жоқпыз ба? Жазушы Д.Фурмановтың «Чапаев» романы бойынша 1934 жылы ағайынды Васильевтер түсірген фильмді де талай рет көрдік? Ақбоз атқа мінген Чапаевтың ақтарды қуған бейнесі көз алдымызға келеді. В.Чапаев кавалериялық дивизияны емес, атқыштар дивизиясының командирі болды.
Тарих
25 сәуір 2020 г.
1 574
0
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына – 75 жыл. Бұл соғыстың қасіреті аз айтылған жоқ. Кітап болып жазылды, кино болып түсірілді, тарих болып қатталды. Елге аман-есен келген жауынгердің сыр-сұхбаты болып та баяндалды. Кейінгі буын «ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» ұстанымын атадан балаға өсиет қылып насихаттап та келеді.
Тарих
23 сәуір 2020 г.
1 506
0
Украинадағы шаруалар көтерілісінің басшысы, қарапайым халықтың көсемі болған Нестор Иванұлы Махно азамат соғысы жылдарында үш рет қызылдар жағына, үш рет ақтар жағына шығып соғысты. Азамат соғысының аласапыранында адамдардың адасуын «Тынық Дон» романында ұлы жазушы М.Шолохов жақсы суреттеген болатын. Шала сауатты, маскүнем мұжық Махно аса дарынды әскери қолбасшы болды. Ол ат арбаға максим пулеметін қондырып, атақты тачанканы ойлап тапты.
Тарих
22 сәуір 2020 г.
1 449
0
1943 жылдың ақпан айында Сталинград түбінде жеңілген Вермахт штабының басшылары Кеңес Одағының тылында диверсиялық әрекеттерді күшейту үшін Германия жеріндегіні есептемегенде, Абвердің 35 барлау-диверсиялық мектебі ашылды. Оған отанына сатқындық жасап, жау жағына шыққан және Кеңес өкіметін жек көретіндерді іріктеп алды. Еліміздің тылындағы аса маңызды қорғаныс заводтарын, теміржол тораптарын, көпірлерді, электр стансаларын істен шығаруды көздеді.
Тарих
22 сәуір 2020 г.
1 453
0