« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Рахымжан Қошқарбаевтың соғыстың соңғы ордасына ту тіккенің бүкіл қазақ біледі. Біздер мектепте оқып жүргенде, «КСРО тарихын» оқығандықтан М.Егоров және М.Кантария деп білдік. Мектеп бітірген соң, бірінші болып ту тіккен батырымыз Алматы қаласында тұратынын естідік.
КСРО деп аталатын «мызғымас одақ» кезінде үстемдік құрған коммунистік идеология орыс халқын «аға» халық ретінде санамызға сіңіруге тырысты,бар артықшылық соларға жасаланып,бар мәселелер Кремль қабырғасында шешіліп отырғаның жас та болсақ біліп жүрдік.
Рейхстагқа ту қалай тігілгеніне келсек. Берлин үшін шайқас 1945 жылдың 16 сәуірінде басталып Қызыл Армия үлкен адам шығынымен, 29 сәуірде екі атқыштар дивизиясы Рехстагты қоршауға алды. Бір күн болса да, өмір сүргісі келген Гитлер бұйрығымен Берлин метросында өзінің халқы тығылып отырғанына қарамастан суға толтырды, метро арқылы Рейхстагқа бару мүмкін болмай қалды, Рейхстагқа дейінгі 260 метр алаңды су басып қалды.
Келесі 30 сәуірде таң атысымен 150-ші дивизияның полк туы лейтенант Р.Қошқарбаев пен жауынгер Г.Булатовқа тапсырылды, соңғы ордасына тығылған немістер қатты қарсыласып,оқты қарша боратты. Біздің әскерлердің қарсы атқан оқтарына арқа сүйеп екеуі жер бауырлап, судан бастары ғана қылтиып екі аралықтағы 260 метр жерді 7 сағат 30 минутта өтіп, Рейхстаг есігіне әрең жетті. Есіктің сол жағындағы терезе жақтауына екеуі секіріп мініп бойы бойшаң Рахымжан Григорийді иығына мінгізіп, туды екінші қабат терезесіне қадады, бұл кезде 14 сағат 25 минутты көрсетіп тұрды.
Дивизия командирі генерал-майор В.Шатилов 1-ші Белорус майдан қолбасшысы Г.К.Жуковқа хабарлағанда,маршал Жуков қатты ашуланып: «Не? Қайдағы бір азиаттарға ту тіккіздің. Ертең қалайда 1орыс пен 1грузин ту тігетін болсын»- деген сөзін осы дивизияның байланыс бөлімінің бастығы Тәшкенбаев өз құлағымен естіген. Дивизия штабына келгесін генерал В.Шатилов қайтадан ту тігуге екі топты дайындады. Бірінші топта капитан В.Маков пен сержанттар А.Бобров, Г.Загитов,А.Лисеменко, М.Минин болса, екінші топта М.Егоров пен М.Кантария болды. Бірінші топ туды қадай алмаған жағдайда,екінші топ міндетті түрде туды тігуге тиіс болды.Тек Гази Загитов қана жараланып капитан В.Маков тобы 30 сәуірде сағат 22-де 40 минутта туды Рейхстаг шатарыныдағы әйел мүсінінің басын сындырып,соған туды тығып орналастырды,бұлар Рахымжаннан кейін 8 сағат 15 минуттан соң қадады.
Ал, М.Егоров пен М.Кантария 1 мамыр күні таңғы сағат 3-те, атыс бәсеңдеген соң ғана,Рейхстаг фасадындағы крайзер Вильгейм ескерткішіне орнатты.Келесі күні осы туды тарих үшін орыс пен грузин Рейхстаг күмбезіне қайтадан орнатқаның кинохроникаға түсірді. Осы ту Жеңіс туы деп есептелініп,қазіргі уақытта РФ Қарулы күштерінің мұражайында сақтаулы тұр. Дивизия штабы мен әскери Кеңес мүшелері барлық 9 жауынгерлерді Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынды. Батыр атағы орыс М.Егоров пен грузин М.Кантарияға ғана беріліп,қалған жетеуіне жауынгерлік «Қызыл ту» ордені берілді. Рақымжан Қошқарбаеқа батыр атағы берілмеу себебі әкесі 1937 жылы «халық жауы» деген атақпен сотталып кеткен болатын. КСРО кезінде осы орыс пен гурзин барынша мадақталды.Останкинодағы «Көгілдір от» хабарына қатысып, кітаптартар жазылып,кинолар түсірілді. Ескерусіз қалған жеті батырдың тағдыры да, әр түрлі болып аяқталды.Капитан А.Маков полковник шешімімен доғарысқа шықты, Р.Загитов Башқұртстанда өз ауылының Кеңес төрағасы болды. А.Лисеменко соғыстан соң іс-түссіз жоғалып кетті. М.Минин Псков қаласында тұрып,елге белгілі омарташы болды. Ал, А.Бобровтың жолы болмады,соғыстан соң жертөледе тұрғандықтан, бала-шағасының көптігіне байланысты пәтер беруін сұрап қалалық атқару комитетінің есігін тоздырып өзінің жүйкесіде тозады. Соңғы рет барғанда, бюрократ басшы: «Соғысқа жалғыз сен қатысқан жоқсың, кезегін келгенде аласың» -дегенде, стол үстіндегі гранит тастан жасалынған сия сауытпен басын жарып сотталып кетті.
Өзіміздің Рахымжан батырымыз туралы айтқанда, қарулас досы қатардағы жауынгер барлаушы Г.Булатовты айналып кете алмаймыз. Григорий Петрұлы Булатовтың ұлты татар, 1925 жылы 16 ақпанда дүниеге келген, өзінің командирі Р.Қошқарбаевтың иығына мініп ту қадағаның айтып кеттім. 1945 жылдың мамыр айының соңында Г.Булатовты Бас қолбасшы И.В.Сталин қабылдап: «на сегодняшний день обстоятельство требует, чтобы на вашем месте были другие люди. Вы должны забыть, что совершили подвиг»-деп айтады. (Сталиннің дауыс ырғағын білдіру үшін қазақшаға аударған жоқпын). Үкімет саяжайларының біріне демаласың деп, Г. Булатовты орналастырады,алайда бұл оған құрылған қақпан еді. Саяжайдағы қызметкер әйел мені зорлады дегесін, НКВД тұтқындап, соттап жібереді. Бұны естіген маршал Г.К.Жуков араласып, босаттырып, үйіне шақырып қонақ қылып, ескерткішке фотосуретіне қол қойып береді. Москвада тіркеуде болмағағасын тұрақтай алмай. Киров облысындағы Слободск қаласындағы механикалық зауытқа жұмысқа тұрып, үйленіп қызды болады. Жеңіс күнініне орай соғыс ардагері ретінде зауыттағы кездесуде Рейхстагқа ту тіккенің айтқанда басы бәлеге қалды, «онда неге батыр атағы берілмеді?» дегенде, не деп жауап берерің білмеді. Сталиннің өзі қабылдағаның айтса, одан сайын келеке ететінің біліп тілін амалсыз тістеп жүрді. Жұмыстастары Булатовты «Гришка-рейхстаг» деп атап, мазақтайтын болды. Осы кезде өзінің командиріне хат жазып: «Рақымжан маған қарағанда, сенің қолың ұзындау ғой,әділдікті қалпына келтірші, мен шаршадым» деген болатын. 1965 жылы жеңістің 20 жылдығы, 1947 жылдан кейін бірінші рет аталып өткесің, шыдамы таусылған Г.Булатов Москваға хатты боратып, әділдікті талап етеді. Кешегі батыр қоғамға қауіпті адам болып шыға келді де бақылауға алынды, ішкілікке салынғасын әйелі кетіп қалды, ақыры ұрлық істеді деген жала жабылып тұтқындалады. Тергеуші В.Ситников құдайына қараған адам болып шықты. Маршал Жуков қол қойған фотосын көрсетіп, оған хат жазуға рұқсат сұрайды. Сол жерде Жуковқа хат жазып, өзі сотталып кете береді. Бұл жолы да маршал Жуков араша түсіп босатыруға қол жеткізеді.Түрмеден шыққанмен ішкілігін қоймады,1970 жылы 12 қаңтарда Рахымжанға соңғы хатын жазды: «шырылдап шындықты қалпына келтірем деп шаршадым, ізденбей-ақ қой, сенің де қолынан келмейді, мен өмірден түңілдім..». Рахымжан алдынғы хатында жазғандай Алматыға отбасымен көшіп кел деп тағы да шақырады. 1973 жылдың 19 сәуірінде жұмыстағы әжетханада асылып өледі. Зауыттағы адамдар Григорий өз ажалынан өлмегеніне сенімді, сол күні зауыт ауласында белгісіз екі адам жүргенің бәі көрген. Есіл ер осылайша 48 жасында өмірден өтті.
Кезінде келеке қылған жерлестері он жылдан бері Г.Булатовқа «Ресей батыры» атағын беру туралы президент В.В. Путинге хат жазуда, онда Қазақстанда Р.Қошқарбаевқа Халық қаһарманы атағын бергендігін мысал ретінде де келтірді. 2005 жылы жерленген жеріне және облыс орталығына ескерткіш орнатты және Булатов атындағы патриоттық тәрбие беретін орталық ашылды.
Батыр Рахымжан 1924 жылы 19 қазанда дүниеге келді, руы арғын, анасынан 4 жасынан айырылса, әкесі 1937 жылы «халық жауы» деп тұтқындалып, ГУЛАГ-қа айдалып кеткесін, балалар үйінде тәрбиеленген. 1943-1944 жылдары Фрунзеге көшірілген Тамбов жалпыкомандалық училищені бітіріп кіші лейтенан шенімен соғысқа қатысқан. Соғыстан соң Бауыржан Момышұлы ерлігі белгісіз болып жүрген Р.Қошқарбаевты елге танытуды жазушы Кәкімжан Қазыбаевқа тапсырады. 1958 жылы «Лениншіл Жас» (Жас Алаш) газетінде, оның «Жас қазақ ерлігі» деген мақаласы шыққасын, бүкіл қазақ қоғамы дүр сілкінді.
Қазақ әдебиетінің негізін салған Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафин,Ә.Тәжібаев,К.Қазыбаев бастаған зиялы қауым КОКП бас хатшысы Л.И.Брежневке бірінші болып ту тіккендігі туралы деректерді көрсете отырып Р.Қошқарбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы, жеңістің 20-25-30-35 жылдығына орай өтініштерді жіберумен болды.
Міне, сол деректерді тағы бір оқып шығыңыздар, майдангер кино оператор Роман Кармен: «Конечно, я же помню казаха, который первым прорвался к Рейхстагу с красным флагом. Этот парень фактически поставил точку в Великой Отечственной войне» десе, көрнекті жазушы Борис Горбатов былай деп жазды: «Пора кончать сравнивать наших войнов с орлами и беркутами. Какой орел и беркут может сравниться с казахом Кошкарбаевым, который на моих глазах водрузил Знамя Победы над Рейхстагом, несмотря на сильный, ураганный огонь немцев».
Рейхстагқа бірінші болып ту тігілгендігін 1945 жылдың 1 мамырында «Нью-Иорк таймс» газеті жазған болатын,ал М,Егоров пен М.Кантария газет шыққан күні ту тіккен болатын.
Ең соңғы рет 1980 жылы Қазақ КСР-нің 60 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жазған хатты Д.А.Қонаев Алматыға келген КСРО басшысына қолма қол тапсырғанда,
Бас хатшы Л.И.Брежнев: «Біз енді ешқашанда Отан соғысы оқиғасына оралмаймыз.Ол ескерген дүние» депті. Ал, өзі болса Кеңес Одағының Маршалы погоның тағып, тек соғыс кезінде ғана берілетін «Жеңіс» ордені мен төрт рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған болатын.
Осы жерде, ертіректе «Қазақстан» телеарнасында 9 мамыр күнгі хабарда соғыс ардагерінің мынадай жағдайды айтқаны есімде қалыпты. 1985 жылы Москвадағы Жеңістің 40 жылдығы парадында М.Кантарияның қолындағы туды Рақымжан ағамыз тартып алып қасында тұра қалыпты. Соғыс ардагерлері шындықты білгендіктен ешнәрсе дей алмаған. Өкінішке орай әлгі ардагердің аты-жөні есімде қалмапты, жалғыз мен емеспін ғой ол хабарды көрген деп жазып отырмын.
«Ізденген жетер мұратқа» дегендей,тарих ғылымының кандидаты Болат Асанов және зерттеуші Сергей Ким 2007 жылы сол кездегі РФ үкімет басшысы В.В.Путинге хат жазып,1945 жылдың мамырында жарық көрген КСРО,АҚШ,Англия газеттеріндегі деректерге сүйене отырып хат жазған болатын. Ақыры 62 жылдан соң ақиқат жеңді. РФ Қарулы күштерінің әскери тарихи институтының қызметкерлері қазақ Р.Қошқарбаев бірінші болып ту тіккендігін растап жазбаша түрде мойындады. 2008 жылы Б.Асанов пен С.Ким «Знамия Победы: запоздалая правда» деген кітабында шындыққа қалай қол жеткізгенін жазды.
Қазақ халқы Р.Қошқарбаевты тірі кезінде батыр деп алақанына салып өтті. Ерлігі жарық көрінуіне бастамашы болған Бауыржан батыр: «Жеңіс туын тіккен батырың қоғамдық моншаның бастығы деп қалай таныстырасыңдар»-деп, 1967 жылы жаңадан ашылған «Алматы» қонақ үйінің меңгерушісі еткізді. Рахымжан батыр осы қызметте 1988 жылы қайтыс болғанға дейін болды.1999 жылы 7 мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Р.Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді. Алтын жұлдыз батырдың отбасындағы жары Рахила мен қызы Әлияға тапсырылды.Осы жерде ақын Мұхтар Шахановтың:
Ер қадірін бағаламаудан,
Қай ел опа тауыпты?
Иә, ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлдеқайда қауіпті- деген сөздері ойға оралады.
Бақытжан Түменбай,
« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |