Ұлы дала –   бәріміздің панамыз

Ұлы дала – бәріміздің панамыз

Қазақстан халқының татулығы мен ынтымақтастығы, бейбітшілігі мен тұрақтылығы  еліміздің ең басты байлығы. Бүгінде ел бірлігі мен тұтастығын сақтап, сан этностың басын қосып, қоғамдық институт ретінде өзінің маңыздылығын дәлелдеген Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл толды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ассамблея біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлшегіне айналды. Содан да болар, елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызығушылық танытуда.
Cұхбат 01 мамыр 2020 г. 1 472 0
Covid-19 пандемиясына жазда нүкте қойыла ма - Нью-Йорктегі дәрігермен эксклюзивті сұхбат

Covid-19 пандемиясына жазда нүкте қойыла ма - Нью-Йорктегі дәрігермен эксклюзивті сұхбат

Этникалық украиналық Евгений Перепада 1989 жылы АҚШ-қа көшіп кеткен екен. Нью-Йорктегі ауруханалардың бірінде жедел жәрдем қызметінде болған ол Covid-19 дертімен өзі де ауырып, аман қалыпты. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен эксклюзивті сұхбатта америкалық дәрігер Covid-19 пандемиясына қатысты пікірімен бөлісті.
Cұхбат 26 сәуір 2020 г. 1 320 0
Баймырза Қожамберлиев:  «Өмірдегі құбылыс кездейсоқ пайда  болмайды»

Баймырза Қожамберлиев: «Өмірдегі құбылыс кездейсоқ пайда болмайды»

 Адамзаттың қазіргі ұр­пағы өз дамуының қарама-қай­шылығы мол күрделі дә­уіріне қадам басты. Күрделі дейтініміз, аға ұрпақтың ай­нала­сында болып жатқан бүгінгі құбылыстарды бағалап, өзінің сана сүзгісінен өткізуге қабілетті  дегендері оншалықты көп емес. Себебі бүгінгі құбылыстың жай-жапсары көпшілігі үшін жұмбақ. Керек десеңіз, сананың қабылдауына тым ауыр соғады. Сонымен біз өзіміз қаламаған, жасыратыны жоқ сырттан таңылған жаһан­дану үрдісінде не болып жатыр? Біз қазір қандаймыз? Ертеңіміз не болады? Фило­софия ғылымының докторы, профессор, облыстық қоғам­дық кеңес мүшесі Баймырза Қожамберлиевпен болған әң­гіме-сұхбатымызға осы және басқа да сауалдарға жауап іздейміз. Біздің өзара әңгімеміз еркін пікір алмасу сипатында өрбіді. 
Cұхбат 18 сәуір 2020 г. 1 896 0
"Еріктілер ісіне ел сүйсінді"

"Еріктілер ісіне ел сүйсінді"

 Биыл – еріктілер жылы. Бұл қатарға қосылған жастардың алды қауіпті індетпен күреске өз үлестерін қосып жатыр. Жер-жерден құрылған еріктілер ұйымы түрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларын жасауда. Көктемгі науқан кезінде дала диқандарына жәрдемдесіп жатқандары да жетерлік. Осы ретте «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиал төрағасы Талғат Оспанұлы Тілесті әңгімеге тартқан едік.
Cұхбат 13 сәуір 2020 г. 1 312 0
«Пациенттің артынан ақша еріп жүреді»

«Пациенттің артынан ақша еріп жүреді»

  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Еліміз оған үлкен дайындықпен келді. БАҚ-та көп ақпарат берілді. Сөйтсе де, жаңа жүйеге қатысты сұрақ жетерлік. Соның бірнешеуін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовке қойған едік.
Cұхбат 02 сәуір 2020 г. 1 400 0
Еріктілер ел еңсесін көтереді

Еріктілер ел еңсесін көтереді

  Өзгеге қол ұшын созу, бастаманы іліп алып, соңына дейін жеткізу үшін асарлату – біздің қанға сіңген қасиет. Әрі ол қоғамды өркениетке бастайтын ниеті оң, жүрегі кең адамдардың жұмысы. Бұл бүгінде заманның көшіне еріп, талапқа сай түрленіп, волонтерлік деген атауға ие болды. Президент те биыл оған ерекше пәрмен берді. Еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды істер іске асырылды. Сыр еріктілері де жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын дәлелдеуде. Жуырда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Бауыржан Мастековпен атаулы жылда қолға алынған бастамалар мен алға межеленген жоспарлар жайын тарқатқан  едік. 
Cұхбат 01 сәуір 2020 г. 1 836 0
Нұртөре Жүсіп: Сөзуарлықтан - сөз ұғарлыққа, еріншектіктен - еңбекшілдікке көшуіміз қажет

Нұртөре Жүсіп: Сөзуарлықтан - сөз ұғарлыққа, еріншектіктен - еңбекшілдікке көшуіміз қажет

Назарларыңызға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіппен "Тенгриньюс" жүргізген сұхбатты ұсынамыз.
Cұхбат 10 наурыз 2020 г. 1 496 0
Педагог мәртебесінің пәрмені артуда

Педагог мәртебесінің пәрмені артуда

Күн сайын емес, сағат сайын сан алуан өзгеріске ұшырап жатқан бүгінгі қоғамда жас ұрпаққа білім берудің жауапкершілігі өте жоғары. Енгізілген жаңа технологиялар, тың әдістер, халықаралық тәжірибелер ұрпақ тәрбиесіндегі міндеттердің салмағын ауырлата түсті. Жаһандық қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде өзгерістерге бейімделу – уақыт талабы. Осы орайда облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетовпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 07 наурыз 2020 г. 2 262 0
«Білімде бірінші орында дәстүр болуы керек»

«Білімде бірінші орында дәстүр болуы керек»

 Сыр өңірі тарихының терең зерттеліп, жинақталу ісінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлының сүбелі үлесі бар. Жуырда ғалыммен арнайы жолығып, ел тарихы, сөз өнері мен руханият, қазіргі білім жүйесі туралы сұхбаттастық. Қырық жылдан аса Қорқыт ата атындағы білім ордасында еңбек еткен қайраткермен әңгімеміз де Сыр өңірі тарихынан басталды. 
Cұхбат 05 наурыз 2020 г. 1 597 0
«Кітап шығару үшін қалтамнан   тиын төлеген емеспін»

«Кітап шығару үшін қалтамнан тиын төлеген емеспін»

  «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар». Жасы жетпістен асқан жерлесіміз, жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың қаламынан туған осынау дүниелер театрсүйер қауымға етене таныс. Қазақ драматургиясындағы өзіне тән ерекшелігімен танымал ағамызбен туған жерге сапары кезінде жолықтық.
Cұхбат 29 ақпан 2020 г. 1 805 0