Кәсіпкерліктің аймақ  дамуына қосар үлесі айқын

Кәсіпкерліктің аймақ дамуына қосар үлесі айқын

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясындағы «Шағын несиелендіруді көбейту» шараларының облысымызда жүзеге асырылу барысы туралы газет тілшісіне әңгімелеп берді.    
Cұхбат 09 мамыр 2019 г. 1 279 0
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту тетіктері қандай?

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту тетіктері қандай?

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру жұмыстары басталды. Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы РrimeМinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов айтып берді.
Cұхбат 04 мамыр 2019 г. 1 209 0
Кейінгі толқыннан көп үміт күтемін

Кейінгі толқыннан көп үміт күтемін

Биыл – жастар жылы. Атаулы жылдан күтер үміт көп. Қай кезде де ел болашағы – жастар – назардан тыс қалған емес. Кейінгі толқынға дұрыс бағыт-бағдар беру, жақсы тәлім-тәрбие беру аға буынның міндеті деп санайтын ұстаз, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Жақсыбек Егізбайұлымен сұхбатымыз осы тақырыпқа арналды.
Cұхбат 27 сәуір 2019 г. 714 0
Жаныңда жүр  ғажап жан

Жаныңда жүр ғажап жан

Пайғамбарлардан кейін адамзат қауымы азғындыққа түспес үшін және жалған дүниедегі пен­делер­дің парызын есіне тү­сіру­ үшін Алла өзі таңдаған құлдарына, яғни, әулиелерге ерекше қасиет дарыт­қан. Өйткені адам баласы ұмытшақ әрі қыңыр. Олар әулиелер тұрмақ, Пай­ғам­барлардың өзін талай рет тас атып қуған. Әулиелер сол ерекше қасиеттерімен халықты жақ­сылыққа, рухани тазалыққа, мейірімге, иманға үндеген. Жүр­ген жерін жамандықтан тазарт­қан. Адамдарды ауру-сыр­қаудан айық­тырған. Сон­дықтан халық оларды ерекше құрметтеп, зираттарына тәу еткен. Алайда, әулиелердің отқа сал­са, күймейтін, суға салса, батпай­тын қа­сиеттері немесе бір мез­гіл­де екі шаһарда, екі мешітте на­маз оқи беретін кереметтері құпия болып қала берген.
Cұхбат 27 сәуір 2019 г. 2 162 0
Сауытбек Абдрахманов: Тұлпар тұрпатты халық болуымыз керек

Сауытбек Абдрахманов: Тұлпар тұрпатты халық болуымыз керек

Қазіргі таңда телевизия елдіктің бір мінберіне айналып келе жатқаны жақсы белгілі. «Асыл арнадағы» «Сүбелі сөз» бағдарламасын жүргізе бастағалы бері қалың қазақтың қадірлісі болып табылатын талай азаматтың ойларын жұртшылыққа жеткізуге мүмкіндік алдым. Сол сұхбаттардың бірін – белгілі қаламгер, қайраткер, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахмановтың Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдап түсіндірген әңгімесін бейнетаспадан қағазға түсіріп, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
Cұхбат 22 сәуір 2019 г. 1 259 0
Рысты Бекбергенова: «Өмір жолымда жақсы адамдар жолықты»

Рысты Бекбергенова: «Өмір жолымда жақсы адамдар жолықты»

«Сыр бойының» 90 жылдық тарихында осы руханият мектебінен өткен ер азаматтар қатарында қыздар да болды. Редакцияның уақытпен санаспайтын мың-сан тірлігін атқару, азаматтардың ауыр жүгін жеңілдетуге олар да өздерінің нәзік иықтарын тосты. Қарашаңырақтың ортақ абыройын асқақтатуға тер төкті. Солардың қатарында Рысты апа Бекбергенованың орны бөлек. Бүгінде жасы 90-ға жақындап қалғанына қарамастан ұжымның барлық шараларынан қалмайды. Жүрісі ширақ, сөзі нық, батасынан жаңылмайды.
Cұхбат 20 сәуір 2019 г. 1 845 0
Қоғамдағы саяси тұрақтылықты бекітеді

Қоғамдағы саяси тұрақтылықты бекітеді

Төрткүл дүниенің ең негізгі мәселесі – қауіпсіздік болып тұрған кезеңде Қазақстанның президенттік сайлау өткізу туралы шешімі ішкі жағдайда және халықаралық деңгейде ел қауіпсіздігін сақтап қалу және жарқын болашақ үшін жасалған стратегиялық шешім болды. Президент үндеуіне пікір білдірушілер бұл сайлау демократияны дамытуда елеулі рөл атқарады деген ойда. Солардың бірі саяси ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің профессоры Мұрат Насимовке  бірнеше сауал қойған едік.
Cұхбат 18 сәуір 2019 г. 8 108 0
Термезді тербеткен тектілік

Термезді тербеткен тектілік

Сәуірдің 5-10 күндері Өзбекстанның Термез қаласында халықаралық бахшылық (жыраулық) өнер фестивалі өтті. 74 мемлекеттің 160-тан аса ұлт өнері шебері бақ сынаған бақсылық сайыста Сыр елінің дарынды қызы, қазақтың жампоз жырауы Ұлжан Байбосынова бас бәйгені жеңіп алды.Ұлжан Байбосынова - атақты жырау Алмас Алматовтан сабақ алған, осы өнерді жеті атасынан жалғап келе жатқан Бидас Рүстембековтің шәкірті. Талай мәрте халықаралық жыр сайыстарынан суырылып шығып, бәйге алдын бермеген тарланбоз талант.Ықылас атындағы халық музыкалық музыкалық аспаптар музейінің директоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Франция әдебиеті мен өнері кавалері орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.Біз жерлесімізді телефон арқылы жеңісімен құттықтап, осы фестивальдің өту барысы жайлы аз-кем ақпарат алған едік.
Cұхбат 12 сәуір 2019 г. 2 033 0
Діни білім алуда дұрыс бағыт таңдай біл

Діни білім алуда дұрыс бағыт таңдай біл

Қоғамда қаншама мамандық түрі бар десек те, әр мамандықтың өзіне тән көтеретін жүгі бар. Уақыттың талабына қарай кей мамандықтар өз-өзінен жойылып кетсе, керісінше, жаңа бір қызмет түрлерінің қажеттігі айқындалып отырады. Айталық, соңғы 10-15 жыл көлемінде елдегі діни ахуалдың дұрыс қалыптасуын қадағалайтын дін саласы мамандарының тапшылығы кәдімгідей байқалады.Осы бағытта алғашқылардың қатарында "Нұр-Мүбәрак" уни­вер­ситетінде оқып, "Исламтану" маман­дығы бойынша докторантурада дәріс алып жүрген Дастан Құрманбаев қазіргі таңда университет жанынан ашылған ғылыми орталықта қызмет атқарады. Жас маманмен бірқатар толғақты мәселелер турасында әңгімелескен едік.
Cұхбат 02 сәуір 2019 г. 1 594 0
ФЕСТИВАЛЬДА ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

ФЕСТИВАЛЬДА ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

 30 наурыз күні Қызылордада жас дәстүрлі әнші-жыршылардың республикалық фестивалі өтеді. Игі шараның басында бағзыдан жеткен төл өнерді ұрпаққа насихаттау жолында тер төгіп жүрген жыршы-термешілер Күнсұлу Түрікпен мен Марат Сүгірбай жүр. Дайындық кезінде Күнсұлумен сұхбат құрудың сәті түсті.
Cұхбат 20 наурыз 2019 г. 3 220 0