« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аграрийлерді қолдау толастамайды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде Президент игі шаралар жалғасатынын жеткізді.
Ел экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласы төтенше жағдай кезінде де мемлекет қолдауын сезінді. «Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді халық даналығы. Бұл, әсіресе, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан егістік жұмысына бел шеше кіріскен диқан қауымы үшін ауадай қажет.
Биыл Сыр өңірінде 183,1 мың гектар жерге егiс егу межеленсе, соның 88,2 мың гектары – күріш алқабы. Қызылорда қаласы мен аудандарда негізгі дақыл себу жұмысы жаппай жүргізілуде. Қазіргі таңда белгіленген көлемнің 58,3 процентіне дән себіліп, 45,7 проценті суға бастырылды.
Өткен жылмен салыстырғанда ауа райының қолайлы болуына байланысты шаруашылық құрылымдары күріш егу жұмыстарына ерте кірісті. Нәтижесінде күріш егу өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда – 15,7 мың, суға бастыру 13,5 мың гектарға артық. Осыған сәйкес күріш егуді 30 мамырдан кешіктірмей аяқтау жоспарланып отыр.
Ырысты, күрішті өлке диқандары биыл да жылдағы ізбен межені бағындыратынына сенім зор. Осы орайда Мемлекет басшысының дизель отынының бағасын нарықтан 15 процентке арзандату туралы тапсырмасы шаруалар үшін үлкен қолдау болды. Бүгінде сәуір айына бөлінген 4615 тонна жанармайдың литрі 162 теңгеге арзандатылып, шаруашылықтарға таратылуда. Жалпы, биыл көктемгі дала және егіс жұмысын жүргізуге арзандатылған бағада 14 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр.
Сонымен қатар, жыл сайын егін шаруашылығын қолдау мақсатында сатып алынған тұқым, тыңайтқыш, гербицид және суармалы су шығыны мемлекет тарапынан субсидияланып келеді. Биыл да бұл мақсатқа қомақты қаржы қаралды.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау шаралары қазіргідей күрделі кезеңде аграрлық секторға дем беретіні сөзсіз.
Ғалым БӘЙІМБЕТОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |