Корректордан сарапшыға дейінгі жол

Корректордан сарапшыға дейінгі жол

«...Көзің жетпеген дүдәмал ақпаратты материалыңа пайдаланба. Күмәнді цифрлардан айналып өт. Алыстан орағытпай, айтарыңа бірден көш». Бұл – облыс журналистикасында өз орны бар Жолдасбек Ақсақаловтың қырық жылға жуықтаған еңбек жолындағы басты ұстанымы. Өзгелерге де,  ізінен ерген бізге де осы ақыл-кеңесті айтады. Қазір қайта-қайта қаузап, дамыта алмай жүрген салалық журналистиканың экономикалық бағытын ол бағындырғалы қашшан. Осы тақырыптағы кез келген тілшінің тісі батпайтын терминдерді, макроэкономикадағы кәнігі экономистер қолданатын көрсеткіштерді пайдаланып, жатық тілмен түсіндіргенде сараптама мақала қалың оқырманның ұғымына бірден сіңеді.
БІЗДІҢ ҰЖЫМ 01 шілде 2019 г. 4 250 0
Жарқырай бер, «Сыр бойы»!

Жарқырай бер, «Сыр бойы»!

Адамбыз ғой, қуанып күлеміз, күйзеліп жылаймыз. Неге? Жақсыны  көріп, жақсы хабарды есітеміз, біреудің биікке қол созып оған жеткені қызықтырады, ал екінші бір жандардың жүріс-тұрысы, сөз саптауы көңіліңді бұзып тұрады. Көп жайды өзі ғана көңіліне түйгендей, кең дүниені бір өзі жасап, оны шексіз сүйгендей, сөйлейді-ау келіп именбей. Мұндай жайларды үлкейген соң, еріксіз аңғарады екенсің, тіпті таңғалады екенсің. Мұны маған осы ғажап өмір, көлкіген көңіл айтқызып отыр. Неге?
БІЗДІҢ ҰЖЫМ 29 маусым 2019 г. 2 371 0
Облыстық "Сыр бойы" газетінің ұжымы

Облыстық "Сыр бойы" газетінің ұжымы

Облыстың ұлттық танымдық-саяси басылымы «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны 1929 жылы 1 шілдеде жарық көрді. Арада 3 жыл өткеннен кейін 1932 жылы басылым аты «Ленин туы» болып өзгертілді. Ал 1938 жылдан 1991 жылға дейін «Ленин жолы» аталып, аймақтың ақпарат тынысына айналды. Еліміз тәуелсіздік алып, тарихи атаулар қайта қалпына келе бастаған шақта, яғни, 1991 жылдың 24 қыркүйегінде газет өзінің ежелгі атауы «Сыр бойымен» қайта қауышты.
БІЗДІҢ ҰЖЫМ 14 маусым 2018 г. 3 324 0