Мұғалімге сенім арту керек

Мұғалімге сенім арту керек

‒ Қазір экономика және жаһандық перспективалар мен жобалау жұмыстары пәні бойынша сабақ беретініңізден хабардармыз. Бірақ ең алғашқы еңбек жолыңыз ауылдан басталған екен...
Cұхбат 08 қазан 2019 г. 2 026 0
Ұстаз ұстаханасы –  өмір өнегесі

Ұстаз ұстаханасы – өмір өнегесі

 «Мұғалім – мектептің жүрегі». Ұстаз әр адамның өмірінде, балалық жүрегінде мәңгі есте қалады. Жаңа заман талабы мұғалімдерге зор міндет артты. Ұрпақ тәрбиелеуде жәй ғана пән мұғалімі болып қалу емес, оның болашақ тағдырына жол көрсетуші, бағыт беруші тұлғаға айналуы керегін уақыттың өзі дәлелдеуде. Мереке қарсаңында облыстың бас ұстазы, білім басқармасының басшысы Майра Мелдебековамен әңгімелескен едік.
Cұхбат 05 қазан 2019 г. 1 689 0
Мақсатымыз –  жастардың басын біріктіру

Мақсатымыз – жастардың басын біріктіру

Талғамы терең, талабы мықты жастарды біріктіретін жастар ұйымдарының бірі – «Jas Otan» Жастар қанаты. Олардың мақсаты жарқын болашаққа жол салу. Еселі еңбек пен инновацияны қалайтын жас көшбасшылар қандай жобаларды жүзеге асыруда? Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілеспен әңгімелестік.
Cұхбат 01 қазан 2019 г. 1 328 0
«Қайсар» мен Қызылорда жүрегімде мәңгі сақталады

«Қайсар» мен Қызылорда жүрегімде мәңгі сақталады

 «Қайсар» футбол командасының экс шабуылшысы Братислав Пунощевац ресми түрде команда сапынан кетті. Екі маусым команданың жеңісіне себепкер болған футболшымен аз кем әңгімелестік, деп хабарлады https://www.fckaysar.kz.
Cұхбат 27 қыркүйек 2019 г. 896 0
Жерді дұрыс пайдаланбағандарға бақылау күшейді

Жерді дұрыс пайдаланбағандарға бақылау күшейді

Жер – біздің ортақ байлығымыз. Табиғат ананың бізге берген теңдессіз сыйын бүгінгі ұрпақ қалай қадірлеп жүр?  Асты мен үсті түрлі қазба байлыққа толы ұлан-асыр жер учаскелерінің игерілмей жатуы сырт көзге сын.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауында жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталды. Тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі оны игермей, босқа ұстап отырғанына баса назар аударды. «Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деп атап өтті. Бұл бағытта біздің өңірде қандай жұмыстар жасалуда? Газет тілшісі облыстық жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаевпен сұхбаттасқан еді.
Cұхбат 26 қыркүйек 2019 г. 1 649 0
Субсидия оңтүстік аудандарға бағытталған

Субсидия оңтүстік аудандарға бағытталған

Газетіміздің өткен санында жүзім мен алмаға берілетін субсидия туралы ақпарат бағбан қауымын елең еткізді. Кімге, қанша мөлшерде беріледі деген көп көкейіндегі сауалға жауап беру үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараковпен  сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 24 қыркүйек 2019 г. 1 872 0
«Nur Otan» – жарқын істердің  бастамашысы

«Nur Otan» – жарқын істердің бастамашысы

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыру үдерістері халықтық өмір сүру сапасының артуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына және рухани дамуына ерекше серпін беріп отыр. Бұл ретте елдегі басты саяси күш – «Nur Otan» партиясы Елбасының көшбасшылығымен осынау игі өзгеріс­тердің бастауында тұрып, оның іске асырылуына атсалысуда. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасып, іргелі ұйымның ілкімді істері жайлы әңгіме өрбіткен едік.
Cұхбат 24 қыркүйек 2019 г. 1 655 0
Жеңілдікті оңтайлы  пайдалану керек

Жеңілдікті оңтайлы пайдалану керек

Ел игілігі үшін жүзеге асып жатқан бағдарламалардың халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, экономиканы көтеруге септігі зор. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыссыздықты азайту мақсатында халықтың шағын кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасалған. Бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтардың кәсіппен айналысуы үшін жеңілдетілген несие алуына да мүмкіндік бар. Бұл мақсатта несиелендіру жұмыстары «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкер­лік корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асып келеді. Облыста бұл мақсатта 2011-2016 жылдарға республикалық бюд­жеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Мақсаты айқын қаржыны облыс тұрғындары қалай жұмсады, қайтарымы қандай деген сауалдарды аталған акционерлік қоғамның мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасау бөлімінің бас менеджері Серік Жаңабаевқа қойған едік.
Cұхбат 24 қыркүйек 2019 г. 733 0
Қазақ ғалымдары күріштің жаңа түрін ойлап тапты

Қазақ ғалымдары күріштің жаңа түрін ойлап тапты

Қазір біз «Сыр сұлуы», «Айкерім» сияқты күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізіп жатырмыз. Бұл жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім түрі. Бұл туралы Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, биология ғылымдарының кандидаты Бақытжан Дүйсембеков сұхбат кезінде айтты. 
Cұхбат 23 қыркүйек 2019 г. 1 730 0
Ирандық қазақ «Қорқыт ата» кітабының үшінші нұсқасын тапты

Ирандық қазақ «Қорқыт ата» кітабының үшінші нұсқасын тапты

Әлемде Қорқыт ата кітабының біз білетін екі-ақ нұсқасы бар. Бірі Германиядағы Дрезденде болса, бірі Италиядағы Ватиканда сақталған. Дрезден нұсқасында 12 сюжет, Ватикан нұсқасында соның алтауы бар. Біз жиі айтатын Қорқыт атаның нақылдары, оғыз-қыпшақ ұлыстардың құрылу тарихы, оғыз батырларының ерліктері осы кітаптарда. Белгілі, бұл – түбі бір түркіге ортақ қазына.Ал, жуырда тұтас түркі жұртын елең еткізерліктей жаңалықтан хабардар болдық. Қорқыт ата кітабының үшінші нұсқасы Иран елінен табылды! Бір қызығы, мұндағы жыр бұрынғы нұсқаларда кездеспейді. Осы жаңалықты естіген бойда Түркия, Америка сынды елдерден «мен таптым» деп 8 адам БАҚ-қа хабарласып, жарияға жар салған көрінеді. Бірақ, «Қорқыт ата» кітабын қолжазба күйінде сатып алып, құнды дүние екенін сезіп, көшірмесін ғалымдарға ұсынған адам біреу-ақ. Ол – ұлты қазақ Уәлимұхамед Қожа. Ал біз тағдырына осындай аса маңызды дүниені табу, оны көпшілікке жариялау бұйырған Ирандағы қандасымызбен Сыр елінде ұйымдастырылған түркітілдес елдердің өнер фестивалі қарсаңында жолықтық. Кітап көне түркі шағатай тілінде. Беттері сарғайған көне қолжазбаның көшірмесін біз де көрдік, бірақ оқи алмайтынымыз бесенеден белгілі. Бастысы, мұның әлі қазақша аудармасы жоқ.Уәлимұхамед Қожа «Қорқыт ата» кітабын қалай тапты, ғалымдар не дейді, Қазақстанға қалай келді? Бұл туралы өзімен әңгімелестік. Сөз арасына түркімен, парсы сөздерін қосып сөйлейтін болғандықтан, бізге ағылшын-парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш көмекке келді.
Cұхбат 21 қыркүйек 2019 г. 1 957 0