"Өтінемін, мені сүймеңіз!": індет кезінде түсірілген ескі суреттер

XX ғасырдың басында іш сүзегі, полиомиелит, тұмау секілді жұқпалы аурулардың саны күрт артты. Әр уақыттан архивте әртүрлі суреттер қалған.
1918 жыл. Нью-Йорк. Испан тұмауы таралған шақта жұмыс істеп жүрген жол полициясы мен көше тазалаушы қызметкер.
Екінші фотода 1930 жыл. Лондон. Тұмаудан қорғану үшін бетперде киген сауда үйіндегі сатушылар. 
Ал, 1939 жылы түсілген сурет ерекше есте қаларлық екен. Тұмаудан сақтану үшін кішкентай сәбиге ілінген белгіде "Өтінемін, мені сүймеңіз!" деген жазу тұр. Екіншісінде де бесік арбасында "Мені сүймеңіз, өтінемін!" деген жазуы бар тақтайша ілулі.


Дереккөз: 
massaget.kz

Тарих 02 мамыр 2020 г. 1 103 0