« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Азамат соғысының батыры В.И. Чапаев, атқосшысы Петька пулеметші Аня туралы анекдотты да талай естіген жоқпыз ба? Жазушы Д.Фурмановтың «Чапаев» романы бойынша 1934 жылы ағайынды Васильевтер түсірген фильмді де талай рет көрдік? Ақбоз атқа мінген Чапаевтың ақтарды қуған бейнесі көз алдымызға келеді. В.Чапаев кавалериялық дивизияны емес, атқыштар дивизиясының командирі болды.
Мордовия деревнясынан шыққан ұлты чуваш Василий Чапаев азамат соғысы кезінде автомобильмен жүрген. Майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе Чапаевтың қолбасшылық дарындылығы үшін ерекше құрмет тұтып машинаның жақсысын Чапаевқа бөлді. Бастапқыда америкалық «Ставер» мен «Пиккард» мінгенмен, Чапаев сол кездегі жылдамдығы жоғары болып есептелінетін сағатына 50 шақырым тартатын «Форд-Т» машинасына тоқтады.
Ағаш ұстасы болған В.Чапаев бірінші дүниежүзілік соғыста батылдығы арқасында «Георгий кресті» орденінің барлық төрт дәрежесімен марапатталды. Білім болмаса да соғыс тактикасын игергені үшін офицер шенін алды. Отыз жастағы Чапаев М.Тухачевскийден бұрын болашақ соғыста аты әскер емес, техника шешуші орын алатынын білді. Чапаев басқарған №25 дивизияда бронды отряд, броневик, екі мыңдай телефон, телеграф, мотоцикль болды. Чапаев концепциясының дұрыстығын, қол астында болған репрессиядан аман қалған генерал И.В.Панфилов 1941 жылы Москва үшін шайқаста дәлелдеді. Дивизия комиссары Д.Фурманов Чапаев десе ішкен асын жерге қойса да, Революциялық әскери кеңес төрағасы,еврей Л.Д.Троцкий қара халықтан шыққан білімі жоқ Чапаевқа бас бұзар бандит ретінде ғана қарап, сенбегендіктен оған тек күшейтілген күзетімен ғана келетін. 1919 жылдың 6 қыркүйегінде Жайық бойындағы Лбищенск қаласында шағын ғана әскермен қалған Чапаев штабына Орал қазактарының атаманы В.С.Толстов тұтқиылдан шабуыл жасады. Д.Фурманов орнына 10 күн бұрын комиссар болып келген П.Батурин 800 қызыл әскермен тұтқынға түсті. Христос емес Маркс пен Лениннің іліміне сенген священник баласы П.Батуринді тұтқындардың көз алдында терісін тірілей пышақпен сыпырды, сосын тұтқындардың барлығы қылышпен шауып өлтірді.
Жараланған Чапаев 20 жасар Т.Зуйковты Жайықтың жағасына шығарып үлгергенмен, өзінің әлі кетіп қатты ағыс алып кетеді. 1927 жылы Рязань облыстық «Жұмысшы дауысы» газетінде Тимофей Зуйков (кинодағы Петька) бұл туралы толық баяндаған болатын. Алайда бұл естелік кейін ұмытылып қалды. Чапаев екі рет үйленген екі әйелінің есімі де Пелагея еді. Бірінші әйелі патша үшін соғысып жүрген кезде күйеуін күтпестен басқа күйеуге шығып кетті. Екінші әйелі Чапаевтың атағы дүрілдеп тұрса да, майданды жабдықтау бөлімінің бастығы Петр Крунинге күйеуге шықты. В.Чапаевтың артында үш баласы қалды, шешелері дұрыс болмасада балалары интернатта тәрбиеленіп жақсы адамдар болып қалыптасты. Үлкен ұлы Александр Чапаев (1910-1985) Ұлы Отан соғысына қатысып генерал-майор шеніне дейін өсті, екінші ұлы Аркадий (1914-1939) үшқыш болып, әуе апатынан өлді, қызы Клавдия (1918-1999) әкесі туралы «Менің белгісіз Чапаевым» аты естелік кітабын жазып кетті. Азамат соғысы кезіндегі бірінші атты армия қолбасшысы С.М.Буденный мен комиссары К.Е.Ворошиловтың атағы жер жарып, «Буденный маршы» жырланып және «Ворошилов атқышы» төс белгісін беру үрдісі дүрілдеп тұрса да, Сталин тапсырмасы бойынша ағайынды Васильевтер өлген Чапаевтың ақбоз атқа қондырған кинодағы бейнесін кеңес заманындағы адамдар санасында ұзақ сақтап қалды.
Бақытжан Түменбай,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |