Батырлар институтының тарихы мен маңызы

Жерімізге сұғынған жатжұрттықтармен соғыста және ұлт-азаттығы жолында жан аямай күрескен батыр тұлғаларымыздың жарқын істерін кеңінен дәріптемей, шынайы патриоттарды тәрбиелей алмаймыз. Азаттық таңының атуы үшін сан ғасырлар бойы егеулі найзасы қолдан түспей күрескен батырларымыз келешек ұрпаққа отаншылдықтың өміршең өнегесін, тамаша ғибрат үлгісін көрсетіп кетті. Осыған байланысты батырлар институтының қазақ қоғамындағы орны әлі де болса жан-жақты қарастырылуы қажет. Несін жасырамыз, аталған санатқа жататын көптеген жеке тұлғалардың өмір жолдары, елге жасаған еңбектері әлі кеңінен зерттеле қойған жоқ.
Тарих 16 қараша 2019 г. 1 695 0

Ұлттық идеялардың заманауи бейнесі

Таяу Шығыс елдері мен халықтары және әлемдік діндер үшін Иерусалим қандай киелі болса, Түркістан – Орта Азия халықтары мен елдері үшін сондай киелі. Өйткені ислам өркениеті нақ Таяу Шығыста қанат жайып, көкке самғаса, ислам діні біздің аймақ пен көшпенділер әлеміне самғауы мен орнығуы Түркістан арқылы жүзеге асырылды. Осы тұрғыдан алғанда біз салған Нұр-Сұлтан қаласы Түркістан идеясының материалдануы, бүгінгі тілмен айт­қанда, Нұр-Сұлтан мен Түркістанның жаңғыруы.
Тарих 20 қазан 2019 г. 1 705 0

Перовскідегі алғашқы мектеп

Патшалық Ресейдің отаршылдары Қазақстанның оң­түстік облыстарын басып алған соң бұл жерлерде түрлі әлеуметтік өзгерістер орын алды. Сырдың төменгі ағысында, атап айтсақ, Перовск уезінде отарлаушы елдің ықпалымен заманға сай оқу орындары ашыла бастады.
Тарих 26 қыркүйек 2019 г. 3 157 0
Құлболды ишан

Құлболды ишан

Сырдың қасиетті топырағы сан ғасырлық тарих қойнауынан жеткен ғажайып құндылықтардан кенде емес. Қорқыт абыздан бастауын алған рухани мол қазынамыздың туған жердің тылсымына тұнған сыр-сипаты ерекше. 
Тарих 19 қыркүйек 2019 г. 7 358 0
Алаштың асыл перзенті

Алаштың асыл перзенті

ХІХ ғасырдың соңында Қаратаудың теріскейіндегі алыс ауыл Ақсүмбеде (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы) өмірге келген Сұлтанбектің тіршілік ғұмыры ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесіндегі аласапыран оқиғалардың қақ ортасында өтті. Бар саналы ғұмырын туған халқына адал қызмет етуге арнаған Сұлтанбектің тағдыры да елімен еншілес болды. Халқымен бірге оның жарқын болашағы үшін күресті. Осы жолда бақытын да көрді, халқы нәубетке ұшырағанда осы жолда жүріп құрбандық болып кете барды. Сол себепті де ұлттық дамудың тарихи тегершігі кері айналған тұста, Сұлтанбек Қожанов та «ұлтшылдықпен» айыпталып, халық жауы атанды, ұзақ жылдар бойы есімі жұртқа «жабық» болып келді. Сұлтанбектің есімі Кеңес үкіметі жылдарында ақталғанымен де оның шын мәніндегі халқымен қауышуы еліміз тәуелсіздік алған жылдарда болды. Қазір тәуелсіз Қазақстанның рухани көгінде Сұлтанбек Қожановтың жұлдызы жарқырай түсуде.
Тарих 10 қыркүйек 2019 г. 1 707 0
65 жыл бойы ашылмаған хат

65 жыл бойы ашылмаған хат

 Әдеттегідей жұмыста отырған сәтім еді. Түстен кейінгі уақыт болатын. Қызметкерлер отыратын кабинетке «Ғанибай үйі керуен сарайының ішінен хат тауып алып едім» деп бейтаныс жігіт кірді. Біз де қызығушылық таныта кеттік. Өзін таныстырды, аты-жөні – Төлеуов Ерлан Төстікбайұлы, 1988 жылы туған, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Қазреставрация» мекемесі Қызылорда филиалының реставраторы болып қызмет жасайды екен. Қазалы қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш – Ғанибай үйі керуен сарайының ішкі бөлмесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде табылған хатты музейге тапсыруға келіпті.
Тарих 27 тамыз 2019 г. 2 528 0
Қазынаға бай қолөнер

Қазынаға бай қолөнер

Қазақ халқы ағаштан жасалған бұйымдарды көп қолданған. Мәселен, ағаш төсек, жүкаяқ, кебеже, адалбақан және тағы басқалардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген шеберлікті аңғаруға болады.
Тарих 22 тамыз 2019 г. 2 601 0
Ескі мешіттің құпиясы

Ескі мешіттің құпиясы

Жанқожа батыр ауылында әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы, ел арасында «ақ бұлтты батыр» атанған Ақтал Ақайұлы бабамыз, Қожаназар ишан, Ерлепес ишан, Суханберлі, Сарқұл қожа, Сары нысан, атақты емші Алпамыс баба, Хайрулла мақсым басқа да көптеген танымал тұлғалар өмірге келген. Ауыл сыртындағы биік төбеде Жанқожа батырдың әкесі Нұрмұхамед (Нұрымбет) пен ағасы  Өтеген жерленген үлкен зират бар. Сондай-ақ, Қазалы өңірінде ұзақ жылдар бойы болыс болған Егізбай мен Кенжебай байдың да дәл осы жерде өмір сүргені ұрпақ жадында.
Тарих 20 тамыз 2019 г. 6 982 0
Жеті мәрте министр шыққан ауыл

Жеті мәрте министр шыққан ауыл

(Журналистік зерттеу. Жалғасы) Тартоғай ауылдық кеңесінің құрылғанына – 100 жыл Құдайшылығымды айтар болсам, кіндік қаным тамған жер – Тартоғайды дәл осындай қасиетті, дәл осындай даңқты деп ойлаған жоқ едім. Тартоғай туралы көлемді дүние жазу бұрыннан келе жатқан ішкі арманым еді. Ең алғаш рет осы идеямды Қызылорда облысының сол кездегі әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар азаматтарының бірі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа  2014 жылдың басында айттым. «Өз ауылыңның тарихын жазамын деуің – өте құптарлық шешім. Көрсетші, басқаларға, туған жерді қалай сүю керектігін, қалай құрметтеу керектігін» деп төбемді көкке жеткізгендей болды.
Тарих 18 тамыз 2019 г. 2 184 0
Тәңірдің сыйы - Тартоғай

Тәңірдің сыйы - Тартоғай

 (Журналистік зерттеу. Жалғасы) Тартоғай ауылдық кеңесінің құрылғанына – 100 жыл Әрбір қазақ ауылының өзіндік тарихы, рухани һәм табиғи құндылықтары, ешбір мекенге ұқсамайтын ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Біздің журналистік зерттеуіміз бойынша бір ғана Тартоғайдан КСРО кезінде жеті рет Қазақстан министрі шыққандығы қаншалықты мақтаныш болса, қасиетті жерінің де елінің атағын әлемге танытқандығы да соншалықты қымбат.
Тарих 17 тамыз 2019 г. 1 580 0