ЖАУЫНА БҰЛТТАЙ ТҮЙІЛГЕН

Сырдарияөзенінің төменгі ағысында орналасқан халық ХІХ ғасырдыңбасынан-ақ Қоқанжәне хиуалықтар мен орыспатшалығының езгісіне тапболды.Әрине,бұл төтеннен бір күндетап келген, бірденболған оқиға емес.Сан ғасырлар бойы көршілесболып келген хандықтардыңқазақ елінің жері менбайлығына құмартумен, ашкөздікмақсаттарынан туындағанеді.
ТАНЫМ 11 қазан 2014 г. 1 560 0

ЖАНҚОЖА АТАМНЫҢ АРУАҒЫ

1943 жылдың бас кезі, 5 жастамын. Анам саууға барған сиырын таппай, зарлады да қалды. Сиырды алып кеткен екі адамның ізі жатыр. "Батыр атам-ау, енді мына жетімдерді қалай асыраймын?” – деп анам жылап жүр. Негізі Әлімнің келіндері Жанқожа батырды "Батыр атам” деп сыйынатын. Үйде атам бар еді. Бір жағында жан жоқ, тіл жоқ. Кезінде Арал-Қазалыға белгілі суырып салма ақын болған. 
ТАНЫМ 11 қазан 2014 г. 1 245 0

ҰЛТЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН ҚАҺАРМАН

Ұлт-азаттық қозғалысы қашанда және қандай жерде болмасын отарлаушы елдің саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени-рухани өктемдігіне, әділетсіз­дігіне, зорлығына қарсы бағытталатыны белгілі.
ТАНЫМ 11 қазан 2014 г. 1 137 0

КҮНГЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КЕРУЕН

Қазақ елінің тарихындағы қасіретке толы беттердің бірі – 1931-1933 жылдардағы ашаршылық апаты. Кеңестік тоталитарлық жүйенің үстемдік құрған шағында, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқына қолдан қиянат жасалды. Тарихшылардың айтуынша, оның астыртын құпия себептері болған. Мысалы, дәстүрлі қоғамда өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының мал-мүлкіне өкімет алдымен 1928 жылы тәркілеу жүргізді. Мұның соңы халық наразылығын тудырып, олардың көтеріліске шығуына, қырылуына, одан кейін ашаршылыққа ұрынып, босқан қазақ жұрты алыс және жақын шетелдерге шұбыра көшуіне ұласқаны тарихтан жақсы белгілі.
ТАНЫМ 27 қыркүйек 2014 г. 1 373 0
Есентемір баба кесене саябағы

Есентемір баба кесене саябағы

Сенбінің шуақты күнінде Сырдария ауданы Шаған ауылында Есентемір бабаға арналған кесене ашылды. Кіші архитектуралық форма кешені болып бой көтерген ескерткіш маңайынан көк майсалы демалыс саябағы да орын тепті.
ТАНЫМ 23 қыркүйек 2014 г. 3 042 0

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан интеллигенциясы, яғни қазақтың зиялы қауымы ақын-жыраулары шешен-билері, абыздары дәстүрлі қазақ қоғамының алғашқы өкілдері болды. Қазіргі кезеңде көптеген сөздіктерде интеллигенция дегенде мамандығы бойынша ой еңбегімен айналысатын адамдарды айтады. 1917 жылғы революция қарсаңында осындай қазақ интелигенциясының өкілдері қазақ даласынан шығып Ресей оқу орындарында оқып, қызмет істеп, саяси жұмысқа белсене араласа бастады. Сөйтіп ХХ ғасырдың басында ой өрісі батыстан кем түспейтін, елінің, халқының жанашырлары жаңа толқындағы қазақ интеллигенциясы қалыптасты.
ТАНЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 2 696 0

ҰЛТТЫҢ РУХЫН ОЯТҚАН ҚАЙРАТКЕР

«Отаныңмен салыстырғанда ең қымбатыңның өзі арзан», деп Қадыр ақын айтқандай, адамның ең қымбаты бір шыбындай жаны болса, бір шыбындай жанын шүберекке түйіп, сол кездегі Қазақстан басшысы Левон Мирзоянның шақыруын қабыл алып, Өзбекстандағы атқарып жүрген халық ағарту комиссары деген биік лауазымды қызметін қалдырып, Темірбек Жүргеновтің 1933 жылы өз Отанына – Қазақстанға халық ағарту комиссары қызметіне келуі, жеке басының амандығынан ұлт мүддесін жоғары қойған биік мұраттан туған шешім еді. Олай дейтінім, сол кезеңде Алаш ардақтыларының басына қара бұлт үйіріліп Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедовтер түрмеде, Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезовтер жауапталып жүрген зұлмат кезең болатын.
ТАНЫМ 18 қыркүйек 2014 г. 2 844 0

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮРЕСКЕРІ

Атажұртын басқыншылардың езгісінен азат етуде қылышынан қан тамып, өмірінің соңына дейін жойқын жорықтар мен сұрапыл соғыстардың ортасында жүріп, елін қызғыштай қорғаған батырларымыздың бірі – Жанқожа Нұрмұхаммедұлы (1774-1860). Ол XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шыққан халық батыры.
ТАНЫМ 13 қыркүйек 2014 г. 2 383 0

ТАРИХТЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы тәуелсіздігін аңсады. Хан да, қара да, таңдайынан бал тамған шешен де, қара қылды қақ жара төрелік айтқан көсем де, баһадүр батыр да қазақтың бостандығы үшін күресті, тәңірден елінің тәуелсіздігін тіледі.
ТАНЫМ 13 қыркүйек 2014 г. 2 753 0

Шөңірек батыр кім?

XVIII-XIX ғасырларда Сырдың өн бойын Қоқан, Хиуа хандықтары билегені бәрімізге тарихтан белгілі. Осы Елді мекендерді билеп, одан алым-салық алып, оны орталыққа жіберіп тұруы үшін қорған, бекіністер салып, әскер жасақтарын ұстағаны.
ТАНЫМ 06 қыркүйек 2014 г. 1 771 0