ТОҒЫСҚАН ТҰҢҒЫШТАР ТАҒДЫРЫ

ТОҒЫСҚАН ТҰҢҒЫШТАР ТАҒДЫРЫ

(Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов пен тұңғыш биші Шара Жиенқұлова жайында) Бұл мақаланы жазуыма «Кызылордин¬ские вести» газетінде жақында жарық көрген Жәнібек Исаевтың «Вместо сердца – пламенный мотор» деген мақаласы түрткі болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жолдасбек Нұрымов кім? Ол 1912 жылы Сырдария ауданына қарасты №3 (қазіргі Аманкелді) ауылда өмірге келген. Жастайынан жетім қалып, әкесінің ағасы Қалмұхаммедтің қолында тәрбиеленеді. Ғылым мен білімге құштар ол алты жасында ұшып бара жатқан аэропланды көріп, аспан әлеміне құштарлығы арта түседі. Арманы Балашов қаласындағы ұшқыштар даярлайтын авиациялық училищеден (1931 ж.) бір-ақ шығарады. Училищені үздік дипломмен бітіріп, екінші дәрежелі ұшқыш мамандығын алып, сол оқу орнында ұшқыш инструктор ретінде жұмысқа қалады.
ТАНЫМ 24 желтоксан 2016 г. 2 414 0
Бір эшелон сыралғы  Арал халқының имандылық ықыласы еді

Бір эшелон сыралғы Арал халқының имандылық ықыласы еді

Қазан төңкерісі, сосынғы азамат соғысы шабыспа ұрып, қазақ даласы алаңжарлы күй кешкен сонау уақытта Арал жағасына алыс Мәскеуден бір хат келді. Бұл ұшбу хат пролетариат көсемі В.Лениннен еді. Ол жолдауда «осылай да осылай, Еділ бойын аштық жайлады, миллион жұрт, әсіресе, аштықтан ісінген 700000 бала қырылып кету алдында» деген ереуіл жайт тізбелене келе, «...сіздерде жағдай жаман емес, Арал балықшылары мен жұмысшылары, жомарт көмектеріңізді аямаңыздар» деген үлкен өтініш болған. Уақыт – 1921 жыл, жаңа күнтізбемен, қазан айының 7-ші жұлдызы екен. Бейнелі тілге салғанда, Арал жұрты сол жанайқайлы өтінішті «жан-жүрегімен қабыл алған» сияқты. Бұл жақтағы елдің өзі де сол тұста, бірді-бірге жалғап, ұшқасып отырған қоңторғай ахуалда еді.
ТАНЫМ 26 қараша 2016 г. 1 284 0

СТАЛИННІҢ СІБІРДЕГІ ҰЛЫ

Соңғы ширек ғасыр ішінде Ресей баспасөзінде Сталиннің некесіз туған ұлы туралы бірқатар материалдар жарық көрген болатын. Бірақ  олар негізінен үстірт алынған фактілерге негізделгендіктен тарихшылар тарапынан соншалықты қызығушылық туғыза алмаған еді. Жуырда біздің қолымызға ресейлік «Совершенно секретно» газетінің 2016 жылғы ақпан айындағы №1 саны тиді. Газетте журналист Алексей Богомолов «Настоящая история внебрачного сына Сталина» атты мақала жариялапты. Мақаланың ерекшелігі – автор мұрағаттардан алынған деректерді негізге ала отырып, сонау ХХ ғасырдың басы мен орта шенінде болған оқиғаларды көз алдыңызға әкеледі. Сонымен автор не дейді?
ТАНЫМ 12 қараша 2016 г. 1 276 0
Қазақтың «Тerra incognita» мекені... (1-бөлім)

Қазақтың «Тerra incognita» мекені... (1-бөлім)

 Сыр елі – құпия тұнған ел дегенге келетіндей. Иә, Қызылорда – қазақтың «terra incognita» мекені. Неліктен мұндай қорытындыға келгенімді төмендегі ойларымды оқығанда түсінерсіз. Сонымен, кеттік.
ТАНЫМ 07 қараша 2016 г. 1 224 0
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

ОРТА АЗИЯНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Мыңдаған жылдар бойы ұлы дала төсінде талай ел қорғаны болған даналар өткен. Олар өз заманында жауымен жан аямай күресіп, халқын ерлікке, елдікке, бірлікке, ынтымаққа бастап, тайпалар мен ұлттардың жойылып кетпеуіне үлкен әсер еткен. Сөйтіп, тарих беттерінде өздерінің есімдерін мәңгі жадымызда жүретіндей қалдырған. Сондай ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі – Самарқан қаласының әмірі, Тұран елінің бас әскери қолбасшысы,Орта Азиядағы теңдесі жоқ сәулетші Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының туғанына биыл 440 жыл толып отыр.
ТАНЫМ 29 қазан 2016 г. 1 026 0
МҰСТАФА ШОҚАЙ және ТӘУЕЛСІЗДІК

МҰСТАФА ШОҚАЙ және ТӘУЕЛСІЗДІК

Жақында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мұстафа Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты ұлы күрескердің мұрасын зерделей отырып, оның өміршең идеяларын насихаттау болып табылады.  Осыған байланысты жаңа айдарда саяси ғылымдарының докторы, профессор, орталықтың ғылыми кеңесшісі Әбдіжәлел Бәкірдің «Мұстафа Шоқай және тәуелсіздік» атты мақаласын ұсынып отырмыз.
ТАНЫМ 15 қазан 2016 г. 1 189 0
Теңізбен тамырлас тарих

Теңізбен тамырлас тарих

«Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы қарт Аралға келіп тоқтады. Әсем таби¬ғатымызбен қатар тарихымызды танытуда 4000 шақырымнан аса жол жүріп келген түсірілім тобы Арал қаласының күндері аясында өз жұмысына кірісті. Алдымен байырғы «Барсакелмес» қорығына барып, ондағы «Қызыл кітапқа» енген құландарды түсіруді мақсат еткен топ, сәл секемденсе сағым ұшындағы сұлбаға айналатын тарпаңдарды қолсозым жерден көруге мүмкіндік алды. Қарасының өзінен-ақ көбейгенін көңілге медет тұттық. Қорық инепекторларының айтуынша, биылғы сәуір айындағы жүргізілген есеп бойынша 513 бас тіркелген көрінеді. Бірақ, бұл тек ресми санаққа ілінгені ғана. Үйірден саяқ жүргендерінің өзі біршама екен. Сонау 1954 жылы Түркіменстанның Батқыз қорығынан жерсіндіруге әкелінген 7 бас Пржевальск жылқысы аман-есен өсіп-өніп, жер аумай қалды. Бүгінде тарпаңдар «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының инспекторларының қырағы назарында. 160800 гектарға созылып жатқан қорықта құландармен қатар қарақұйрық, ақбөкендер, шөл және шөлейтті жердің құстары мен балпақ, батпандар тіршілік етеді. 
ТАНЫМ 13 қазан 2016 г. 1 139 0
Дархан дала тұлғалары

Дархан дала тұлғалары

Елбасы «Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу, алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» – деген болатын.  Осыны негізге алған "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясы бұл жолы қазыналы Қазалы топырағына аялдады. Әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі, сара жолы болады. Ұлы Жібек жолының бойындағы Жанкент, Мыңтөбе, Күйік-Қала, Кескен-Күйік секілді ертедегі қалалар саф алтынға бергісіз тарихи сырларды бүгіп тұр. Сараман-Қоса, Орақ, Бегім-Ана, Ұзынтам, Сарыбайқазған, Қазанғап сияқты жаугершілік заманда белгі беру мақсатында тұрғызылған тари¬хи мұнаралар мен Құттыбай, Сырлытам, Бақа би, Кәрібай, Найзағұл, Жанқожа кесенелері,  Дөңқазған, Үшназар, Қосым әулие, Жабағылы,  Әулиетөбе және Манас мазараттары сынды әр заманғы тарихи-сәулет ескерткіштері бүгінгі күнге терең ұрпақтар сабақтастығын сездіреді.
ТАНЫМ 11 қазан 2016 г. 1 323 0
Кейкі    батыр

Кейкі батыр

Бейсенбі күні ел тарихына қатысты үлкен бір оқиға өтті. Астанаға Ресейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді. Бұған дейін  белгілі болғандай, Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің белгілі көсемінің бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Біз осы тарихи оқиғаға байланысты бүгін ұлт еркіндігі жолында жан қиған ер жайлы мақаланы ұсынып отырмыз. 
ТАНЫМ 08 қазан 2016 г. 1 334 0
Тарихи жәдігерлер өткеннен сыр шертеді

Тарихи жәдігерлер өткеннен сыр шертеді

Ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи тұлғалардың танылуына, архитектуралық, археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай дүниесіне ұмтылысы күн санап дамып жатыр. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы өткенге құрметпен қарап, бүгінгіні қадірлеп, келешектің қамын ойлауды, көпшілік халықтың санасына қайта жаңғыртуға жұмыс жасауда.
ТАНЫМ 06 қазан 2016 г. 7 296 0