КӨНЕ ЗАМАН ТАҢБАЛАРЫ

КӨНЕ ЗАМАН ТАҢБАЛАРЫ

Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең ­басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз.
ТАНЫМ 26 тамыз 2017 г. 2 257 0
АДАЛДЫҚТЫҢ БЕЙНЕСІ БЕГІМ АНА

АДАЛДЫҚТЫҢ БЕЙНЕСІ БЕГІМ АНА

Осыдан біршама уақыт бұрын Бегім анамыздың мазарына зиярат жасаудың сәті түскен еді. Жол-жөнекей көңілімді белгісіз сезім билеп, толғанысқа түскенімді несіне жасырайын. Ел арасындағы «Бегім ананың мазарына ер адамдарға баруға болмайды. Ананың рухы ер кісілерді жақтырмайды-мыс. Алда-жалда ер кісілер жағы зияраттаса, әлдебір келеңсіз оқиғаға тап болады» деген әңгімені естіп жүргендіктен бойымда қорқыныш та жоқ емес.
ТАНЫМ 19 тамыз 2017 г. 1 593 0
ҚАНҚҰМ мен ҚАТЫНБАҚАН

ҚАНҚҰМ мен ҚАТЫНБАҚАН

Біздің ауыл баяғы қаракөл қой совхозының №3 фермасы еді. Ауыл да «Үшінші» деп аталады. «Қайда барасың?» «Үшіншіге». «Қайдан келесің?» «Үшіншіден». Бастауыш кластан аттап, басымызға ой түсе бастағанда мен «аты жоқ ауыл бола ма?» деп намыстанатынмын. Жылдар жылжып, жылымық заман туды. Еліміз тәуелсіздік алған соң бұл ауылдың аты «Ботабай» болып өзгерді.
ТАНЫМ 17 тамыз 2017 г. 910 0
СЫРЫ АШЫЛМАҒАН СОРТӨБЕ

СЫРЫ АШЫЛМАҒАН СОРТӨБЕ

Сыр өңірінде адамды тарих тереңіне жете­лейтін ежелгі қалалар мен көне қоныстар бар­шылық. Солардың бірі – Қармақшы ауданында орналасқан Сортөбе қалашығы.
ТАНЫМ 17 тамыз 2017 г. 2 104 0
КЕРЕМЕТІ КӨП КӨРМЕ

КЕРЕМЕТІ КӨП КӨРМЕ

Жуырда Астанадағы құлашын кеңге жайған ауқымды шараға, әлеуетін әлемге танытқан “Экспо – 2017”-ге қатысып қайттым. Мақсатым – қиян шеттегі қазақ елінің абыройын асқақтатқан көрмеге өз үлесімді қосу, 100-ден астам шебердің бұйымы қойылған “Шебер-Керуен” қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысу болды.
ТАНЫМ 15 тамыз 2017 г. 863 0
ТҮЙЕ ӨСІРІП, ТӨСКЕЙДІ ТҮЛЕТКЕН

ТҮЙЕ ӨСІРІП, ТӨСКЕЙДІ ТҮЛЕТКЕН

Тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысқан ұлтымыз үшін түйе малының орны аса қымбат. Бітім-болмысы өзге түліктерден тым ерекше жануарды  қазекеңнің киелі санауы да тегін емес. Түйенің пірін «Ойсылқара» атап, түсіне түйе кірсе, аруақтар қолдап жүр  деп есептейтініміздің түп төркіні тереңде жатыр. Ел арасында «Түйесі бардың – киесі бар» деген қанатты сөздің таралуы да көп жайттың басын ашқандай.
ТАНЫМ 14 тамыз 2017 г. 1 689 0
Алдашбай Ерназарұлы Сыр бойындағы алғашқы ағартушылардың бірі

Алдашбай Ерназарұлы Сыр бойындағы алғашқы ағартушылардың бірі

Алдашбай Ерназарұлы 1858-1936 жылдары Сыр бойында өмір сүрген, сол кезеңде жоғары білім алған зиялы азаматтардың бірі. Ол Ораз ахун Бекетайұлынан 17 жасқа дейін дәріс алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ТАНЫМ 13 тамыз 2017 г. 815 0
ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясы еліміздегі тарихи оқиғаларға толы жерлерге саяхатқа шықты. Құндылығы жоғары тарихи-мәдени мұралармен танысуды мақсат еткен топ Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында болды.
ТАНЫМ 12 тамыз 2017 г. 1 537 0
МИРАС

МИРАС

Ыбырай атаның қарашаңырағы сол бұрынғы орны, Шиелі ауданының іргесіндегі бұрынғы «Қызылту», қазіргі өз атымен аталатын байырғы ауылда. Иә, жақсының аты өшпейді, ал «әлем таныған еңбекқор азаматтың артында кім бар, қара шаңырағының түтінін кім түтетіп отыр?» деген сауалдың да жұртшылықты қызықтырары сөзсіз.
ТАНЫМ 12 тамыз 2017 г. 1 244 0
ТАЗЫНЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

ТАЗЫНЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ?

 Аталарымыз адам серігіне айналған тазыны басты байлықтың біріне балаған. Қазір бұл ит тұқымын көре алмай пұшайман күйге түсіп жүрген жайымыз бар. Ілгеріде басқаша болғанын бәріміз білеміз. Әрбір қазақтың шаңырағында кем дегенде бір-екі тазыдан болар еді. Қазір оны ауыл түгілі, аудан-қаладан таба алмайтын жағдайға түстік. Елімізде олардың саны мыңға да жетпейді екен. Осыдан-ақ тазының жағдайын түсіне беріңіз.
ТАНЫМ 10 тамыз 2017 г. 716 0