ҚЫМЫЗ ІШЕ БІЛЕМІЗ БЕ?

Жазда қымызды, қыста суға езілген құртты сусын есебінде пайдаланып келген қазақтар Кеңес үкіметі орнаған күннен бастап шөл басуды орыстардың ащы сусынына ауыстырды. Қоғамдық формация қалай құбылса, адамдардың киім киюіндегі ерекшеліктер де, салт-дәстүр де солай өзгеріп сала берді. Жазда жайлауда бие байлап отыру ескі дәстүрдің бірі еді. Жайлауда отырған үйлердің қымыз даярлап баптауындағы бәсекелестік уақыт өткен сайын бірте-бірте баяулады.  Той мен қонақ күту жағдайларын былай қойғанда ащы су өлікті шығарып салу секілді жағдайларда да дастарқан мәзірінің қолайсыз асы болып алды. 
ТАНЫМ 07 желтоксан 2013 г. 7 814 0
ТІЛ ТАБИҒАТЫН ТАРАЗЫЛАҒАН ҒАЛЫМ

ТІЛ ТАБИҒАТЫН ТАРАЗЫЛАҒАН ҒАЛЫМ

Арал топырағындағы Бөген жерінде туып, теңіз жағалап, көк толқынмен жарыса ойнап өскен қара домалақ  бала, бүгінде елге белгілі ғалым, азамат, ұстаз. Жерлесіміздің ғылымдағы, қоғамдық өмірдегі жеткен табыстары мақтанышпен айтып, көңіл марқайтуға жарап жатса, бұл бір ғанибет емес пе! 
ТАНЫМ 30 қараша 2013 г. 2 117 0
"Алтын бесік – туған жер" ҚОҒАЛЫКӨЛ АУЫЛЫ

"Алтын бесік – туған жер" ҚОҒАЛЫКӨЛ АУЫЛЫ

Біздің "Қоғалы" ауылы қыпшақ Тұрсынбай датқа тұрғызған "Құлболды" ишан кесенесі тұрған жер. Батысында ең биік "Жетімасар" құмы тұр. Әріректе яғни соғыс жылдарында колхоздың бидай еккен жері – "Қырық жігіт" алқабы. Бұл жер үлкен күрежол еді, бала кезімізде "Шымбай жолы" аталып, Қарақалпаққа қарай жол тартқан керуендерді көзіміз көрді. Соларды тамашаладық. Қазір осының бәрі аңыз секілді.
ТАНЫМ 26 қараша 2013 г. 4 907 0

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ– ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Археологиялық ескерткіштерді зерттеу жолына түскеніме 55-жылдан  артық уақыт болды. Күннің ыстығына да, суығына да төзіп, маса-сонаның талауына түсіп палаткада өмір сүріп тапқан ескерткіштерден ата-бабаларымыздың қолдарымен жасалған бұйымдарын тауып олардың өмір-жайынан мағлұматтар деректер жинауға тырысамыз. Қазба жұмыстары жүріп жатқан жердегі жергілікті  адамдар біздің «алтын іздеп жүр» деп түсінбесе, басшылардың өзі археологтардың жұмыстарына онша мән де бермейді. Сондықтан көптеген археологиялық ескерткіштер із-түссіз жойылып кетіп жатыр. Мәселен, атақты Отырар қаласының үлкен  мешітінің кірпіштерін өткен ғасырдың 50-жылдарында Қызылқұм ауданының адамдары бұзып алып жатқан кезде академик Ә.Марғұлан кез болып оларды тоқтатқан. Бұзылудан аман қалған мешіт орнын ашық аспан астындағы мұражайға айналдырғанда кірпіштердің алынған жері көрініп жатыр. Бұл сол кездегі аудан басшыларының ескерткіштен ешбір хабары болмағандығын көрсетеді. 
ТАНЫМ 23 қараша 2013 г. 1 432 0
“Алтын бесік – туған жер”  ТҰРМАҒАНБЕТ АУЫЛЫ

“Алтын бесік – туған жер” ТҰРМАҒАНБЕТ АУЫЛЫ

Дүниеге шыр етіп келгеннен адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды. Өсе келе оның топырағынан нәр алып, қырдағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Иә, ауылдың таза ауасы мен бұлақтың мөлдір, балдай тәтті суына ештеңе жетпейді-ау. Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері, атамекені, алтын бесігі деп біледі. Менің де өз алтын бесігім – туған жерім өзіме ыстық.
ТАНЫМ 22 қараша 2013 г. 9 091 0
«Алтын бесік» – туған жер СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ

«Алтын бесік» – туған жер СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ

Ауыл – бізге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Дүниеде ең құдіретті Ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы. Ауыл – адамдардың бойына нәр құятын алтын бесігі. Ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі – туған жер. Ауыл көркейсе халық өмірі жақсарады. Әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні кірмей ме? Ауыл – қазақ халқының алтын ордасы, салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнерімен мәдениеті. Сөз өнерін өрнектеген ақындар, ән өнерін әуелеткен сазгерлер мен күйшілер, аты аңызға айналған даналар да қарашаңырақтан қуат алған. Әр адам үшін туған жер ыстық болады. 
ТАНЫМ 21 қараша 2013 г. 4 919 0
БАБАЖАН ҚЫРҒЫНЫ

БАБАЖАН ҚЫРҒЫНЫ

Демек, Мұсабай жыраудың: Баласын Майқарадай ұстап алды, Артына Төлек батыр мінгестіріп, Сәлем де Кенесары ханыма деп, Алашты алты жүре аралатты, – деуі ақындық қиял емес, нақты шындық. 
ТАНЫМ 19 қараша 2013 г. 1 757 0
БАБАЖАН ҚЫРҒЫНЫ

БАБАЖАН ҚЫРҒЫНЫ

Жалпы негізгі тарих үшін кешірімді жайт – ресми тарихтың бір басылымында аталмай, екінші бір басылымында осы бекініс маңындағы жайттарды ғана шолып шығатын аласапыран оқиғаларға толы ХІХ ғасырдағы Хиуа мен қазақ арақатынасындағы түйінді бір оқиға бар. Ол – қазақтардың Сырдың төменгі етегінде орналасқан Хиуа наибы Бабажан бекінісін талқандауы. 
ТАНЫМ 16 қараша 2013 г. 2 031 0
ҚОЖЫҚОВТАР ҚОЛТАҢБАСЫ

ҚОЖЫҚОВТАР ҚОЛТАҢБАСЫ

Өткен ғасырдың басында қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, сол үшін ұлтшылдық қамытын киіп, тар қапаста тағдыры шешілген арыстардың арасында  Сырдың асыл азаматтарының да көп болғанын тарих дәлелдейді. Өз заманында елім деген ерлердің қай-қайсысының да талайлы тағдырға кезіккені, дәуірінен озық туған оғландардың жалған жаладан жауырыны жерге тигені аз емес. 
ТАНЫМ 16 қараша 2013 г. 2 089 0
ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ

Президент Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» деп айрықша атап көрсеткен еді. Сондықтан да жоғары оқу орындары алдында педагогтар дайындауда басты мақсат – кәсіби тарихшыларды дайындау талаптары тұр. Себебі соңғы жылдары тарих ғылымының барысында әр түрлі методологиялық тәсілдер қалыптасқан және жасалып та келеді. Сондай-ақ, тарих оқулығының мазмұнына байланысты және тарихшылар алдында күрделі ғылыми теориялық мәселелердің шығуы, ғалымдарға жаңа мазмұнды әдістерді іздеу мен тарихты оқыту технологиясын үйренуде үлкен еңбек ету қажеттігі тұр.
ТАНЫМ 09 қараша 2013 г. 2 763 0