ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҚПАЙ МА АҢҒА...

ҚАНСОНАРДА БҮРКІТШІ ШЫҚПАЙ МА АҢҒА...

Атадан аманатқа айналған өнер қайсыбір жылдары ұмыт қала бастады. Өкінішке қарай, осындай кенжелеп қалған аймақтар қатарында Сыр өңірі де бар. Қазақылық қаймағы бұзылмаған өлке болғанмен, қазіргі күні Қызылорда облысында құс салудың қыр-сырын білетін адамдар саны санаулы-ақ. 
ТАНЫМ 24 желтоксан 2013 г. 2 675 0
РУХАНИ МҰРАМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАЙ БІЛЕЙІК

РУХАНИ МҰРАМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАЙ БІЛЕЙІК

«Біз неге аңыз-әңгімелерімізге, эпостарымызға, ән-күйімізге, салт-дәстүрімізге, тілімізге жүгінбей тұрып, оған ғылыми зердемен ой жібермей тұрып, тілімізді, дінімізді, ділімізді білмейтін сырт жолаушының ортағасырлық, одан да арғы жазбаларымен шектелеміз? Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт сияқты елдердің арасында отызға тарта эпостың ортақтығына қай тұрғыда назар аударып жүрміз? Рухани мұраларымыздың тарихи тегін ғылыми диалектикалық негізде сараласақ, осы түйіндер тарқатылып сала береді».  Ақселеу Сейдімбек.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 2 697 0

“КҮМІСАЙ" ӘНІНІҢ ТАРИХЫ

Сыр сүлейлері шоқтығының көрнекті өкілі, атақты жырау, ақын әрі сазгер, Тұрымбет  Салқынбайұлын өзінің сенімді ізбасарларының бірі  Балқашбай Жүсіпов кезінде халыққа кең тараған бір термесінде: «Тұрымбет – ән атасы Кіші жүзде, тоғытқан әннің кесте көп өрнегін» деп ерекше бағалаған. Менің  өз басым Тұрымбет жыраудың  мақамдарын, әсіресе, өзгеше мәнермен орындалатын «Күмісай» әнін жыраулық, әншілік  репертуарымның басты арқауы санаймын. Бұл кісінің әндерін біз бала жастан жаттап өстік. Шіркін, Тұрекеңнің «Күмісай» әні бір керемет дүние ғой! – деген-ді бірде Қармақшыда өткен   бір әдемі кеште Алмас жырау тебірене  сөйлеп.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 804 0

1916 ЖЫЛ

Сыр саңлағы, толқынды аққан дария суындай жырдан бастау алған әрі ақын, әрі жырау, орысша, қазақша, арабша сауатты Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы өмір сүрген кезең Ресейдің отаршылдық саясатының кең өрістеген, сұлтандық пен болыстық жүйенің, қазақ елі арасында ру тартысының қанат жайған уақытымен тұстас. Қаңлы Жүсіп 1916 жылғы оқиғаға байланысты өз жүрегінен шыққан «1916 жыл» деген толғау-термесінде патшаның 1916 жылғы 28 июньдегі жарлығына бүкіл елмен бірге өз қарсылығын білдіріп, ақ патшаның озбырлық саясатын ашық көрсеткіндігін суреттейді. Мұсахан ӘБДІҚАДЫРОВ.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 379 0
КЕҢ ДАЛАНЫ КЕУДЕСІНЕ СЫЙДЫРҒАН СЕРІ

КЕҢ ДАЛАНЫ КЕУДЕСІНЕ СЫЙДЫРҒАН СЕРІ

Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылдық округінің, Алтыбай ауылында дүниеге келген. Ол үш ағайынды болған, ағалары Ақшабай мен Шоңай төңірегіндегі елге белгілі, беделді, дәулетті кісілер. Осы ағаларының арқасында Иманжүсіп бала кезінен ерке, шолжың, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей телі-еркіндеу болып өседі. Олардың анасы Үміш (Ұрқия), – тегі арғын руының Бәсентин тармағынан.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 950 0

ТАРИХТА МӘҢГІ ҚАЛАР ОҚИҒА

Теледидардан, радиодан «Қара бауыр қасқалдақ» әнін естісем, сонау 86-шы жылғы Алматы қаласындағы қанды қырғын қаз қалпында есіме түседі. Көз алдымда болған соң ба жүрегім ауырады. Ол кезде Еңбек Қызыл ту орденді Ауыл шаруашылығы институтында оқитынмын. Біздің жатақхана алаңға тым жақын орналасқан-ды. Қасымдағы Алмас, Абдулла атты жігіттермен алаңға шықтық. Алғашқы күн тыныш өтті. Екінші, яғни 16 желтоқсан күні онсыз да әскерилермен қоршалған алаңға Балтық жағалауы республикалары мен Ресейден келген арнайы жасақтар топ-тобымен түсіп жатты. Кейін мәлім болғанындай, бұл КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде арнайы дайындалған «Құйын-86» операциясын жүзеге асырушылар екен. 
ТАНЫМ 16 желтоксан 2013 г. 1 253 0
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ

ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ

Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен тарихын бар қайғы-қасіретімен, қуаныш-сүйінішімен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауы шарт. Себебі, ол – тұтас құбылыс. 
ТАНЫМ 16 желтоксан 2013 г. 3 822 0
Алтын бесік – туған жер: Қазалы ауданы

Алтын бесік – туған жер: Қазалы ауданы

   Жүйіткіген тоқтаусыз арғымақтай асау уақыт. Қазір бірнеше жүздеген шақырым шалғайда жүрсем де, қасиетті Қазалыны ой-санамнан бір сәтке де жырақтатқан емеспін.  Дүйім жұрт Қазыналы Қазалы деп дәріптеген осынау жер туралы сөз болса, бойымда шабыт шарқ ұрып, ой-санамда өрнекті өлең өріле кетеді. 
ТАНЫМ 09 желтоксан 2013 г. 11 620 0

СЫР МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАБЫРҒАЛЫ ҚАЙРАТКЕРІ

Сыр мәдениетінің қабырғалы қайраткері – Тынышбек Дайрабайды еліміздің еңкейген кәрісінен еңбектеген баласына дейін біледі. Әсіресе, бұл есім – сырбойылықтар үшін қымбат, құрметті. Осы айтқанымызды дәлелдеу үшін арқалы азаматтың, елін, жерін сүйетін патриот ағамыздың ғылыми қызметін саралап көрейік. 
ТАНЫМ 07 желтоксан 2013 г. 2 015 0
ҰЯБАЙ КЕСЕНЕСІ

ҰЯБАЙ КЕСЕНЕСІ

Ұлы даламыздың қасиет қонып, құт-береке дарыған   аймақтарының құпия тылсым сырлары көп. Зерттеліп, ғылыми айналымға қосылғанынан,  қосылмағаны әлі де  көп  деп  ойлаймыз.  Себебі, құпия сырларын  ішіне бүккен құм  төбелерді қоспағанның өзінде, ашық аспан астында  жатқан   жәдігерлеріміз қаншама.  
ТАНЫМ 07 желтоксан 2013 г. 2 528 0