ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ

Үстіміздегі жылғы 6 желтоқсанда Қызылордада әдебиеттанушы ғалым М.Дүйсеновтің 85 жылдығына арналған «Мырзабек Дүйсенов және қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға жазушының үзеңгілес достары, еліміздің белгілі ғалымдары мен шәкірттері қатысады. Бүгін осыған орай көрнекті ғалым, профессор Т.Кәкішұлының «Шынайы достық» атты мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз. 
ТАҒЫЛЫМ 04 желтоксан 2013 г. 2 348 0

САЙЛАУ ІСІНІҢ АКАДЕИМГІ

Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне ересен еңбек етіп жүрген ағаларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – кезінде комсомол, кеңес, партия, ішкі істер органдары мен облыс әкімдігінде табаны күректей 10 жыл қалтқысыз қызмет еткен Қожамжар Ыбырайұлы Наурызбаев. Бүгінде Қожекең облыстық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін абыройлы атқарып келеді. Сыр елінің тұрғындары оған «Сайлау ісінің академигі» деген ат қойып, айдар таққан. Содан да Қожамжарды білмейтіндер кемде-кем болар.
ТАҒЫЛЫМ 30 қараша 2013 г. 1 223 0
ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН БАПКЕР

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН БАПКЕР

Алпыс жастың асқаралы шыңына шыққан соң ба, өткен жылдар өрнегі көз алдыңда көлбеңдей тұра қалады екен. Көргендерің мен көңілге түйгендеріңді кейінгі ұрпаққа ұлағат етуді де мұрат тұтасың. Талайлармен тұз-дәмдес, ағалы-інілі болып сыйласқандықтан болар, бұл өмірден жалғанға мезгілсіз сағымданып кете барғандарды да іздейсің. Сондай мейірімді де мәрт жігіт, спорт саласының серкесі, ағалы-інілі болып сыйласқан бауырым Ербол Ботабеков болатын.
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2013 г. 1 102 0
ЕЛ-ЖҰРТ ЕСҚОЖАНЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

ЕЛ-ЖҰРТ ЕСҚОЖАНЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Өзім айрықша қадір тұтып, құрметтейтін Есқожа  Бергенбаев туралы мақаланың тақырыбын ұзақ ойландым. Мұны оқығанда болмысынан қарапайым, көзіне мақтаса, өзін қоярға жер таппай ыңғайсызданатын Есағаңның не дейтінін алдын ала сезіп отырмын. Жауабымды да дайындап қойдым. "Есаға, Құмкөл мұнайын игерудегі сіздің еңбегіңізге лайықты баға беретін уақыт жетті. Ол туралы біз айтпағанда, кім айтады?”
ТАҒЫЛЫМ 16 қараша 2013 г. 1 180 0
ІҢКӘРЛІК ИІРІМДЕРІ

ІҢКӘРЛІК ИІРІМДЕРІ

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, жалт беретін баянсыз өмір-ай десеңізші! Байырғы жорналшы, апайтөс ақын,  сұңғыла сықақшы, ақжүрек азамат Жанұзақ Қожабергеновтың бақилық болғанына да қырық күн болып қалыпты.  Досымның қазасы жайлы суық хабар жеткен күні байыз таппай менің үрейлі кеудемнен қиқулап ұшқан  бозөкпе сезім жаралы жапалақтай күнделік бетіне құлдырап құлай берген еді. Сол көбелек күйдің күнәсіз кейпін Сіздің кенерелі құзырыңызға ұсынуды жөн көрдім. Жанұзақтың жаны жаннатта болсын!
ТАҒЫЛЫМ 16 қараша 2013 г. 1 222 0
ЖАРАЙСЫҢ ЖАРЫЛҚАСЫНОВ НЕМЕСЕ ӘРІПТЕС ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

ЖАРАЙСЫҢ ЖАРЫЛҚАСЫНОВ НЕМЕСЕ ӘРІПТЕС ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

Газеттің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Құрманғали Ажаров ағамыз: – Жарайсың, Жарылқасынов! – деп телефон тұтқасын тұғырына қондырды. Ол әлгі бір әзірдегідей емес, қазір көңілді. Оның да себебі бар. Осыдан жарты сағаттай уақыт бұрын жоспарлау кезінде редактор Қалқабай Әбенов: – Құреке, егін жинаудан сын материал керек, соны жеделдетіп тауып, бүгінгі нөмірге салуымыз қажет, – деген болатын. Ал жауапты хатшы Шора Ералиев те сөзге араласып: – Шұғыл түрде меншікті тілшілерге шығыңыз, олардың біреуін түске дейін қолға түсірмесеңіз, кеш қаласыз. Мүмкін болғанша ертелеткеніңіз жөн. Материал кешіксе, бетті ұстайды, содан барып газет кешігеді, – деп тығыздаған еді. Содан ширығып шыққан Құрекең телефонға мініп, аудандардағы тілшілерді түгендей бастаған-ды. Іздегенге сұраған демекші Қармақшыдан Рашид Жарылқасынов өзі хабарласып, табан астында сын материалды телефонмен хабарлады. Күріштік алқаптан кеше кештетіп оралған беті болса керек, көзбен көргенін көңілге тоқып, соны тезірек жеткізуге асыққан сыңайлы. Бөлім меңгерушісін көңілдендірген де осы жағдаят еді.
ТАҒЫЛЫМ 09 қараша 2013 г. 1 970 0
ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ

ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ

Алаштың анасы атанған Сыр өңірі еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға кенде емес. Солардың бірі – №115 негізгі мектеп директоры, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» Романқұлов Совет Өміртайұлы ұстаз деген ұлы сөзге лайық шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленіп жүрген жан. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ұлағатты ұстаз шәкірттерінің жүрегіне білім нәрін себумен бірге жақсылыққа, ізгілікке өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүруге тәрбиелеп келеді.
ТАҒЫЛЫМ 05 қараша 2013 г. 2 235 0
АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

АҒА ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕГЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

Киелі Сыр  өңірінің ауыл шаруашылығы жылының «Алтын күз - 2013» мерекесі Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 195 жыл толуына тұспа-тұс келді. Негізгі дақыл саналатын күріштің әр гектарынан 48,8 центнерден өнім жинау бұрын-соңды болған емес. Басқа дақылдардан да жақсы өнім жиналса, мал шаруашылығында да өсім жақсы. Оған Сыр өңірінің әрбір тұрғыны қуанышты кейіпте. Толағай табысқа жетуге қанша адам аянбай еңбек етті. Сол кісілердің еңбегі лайықты бағаланып, ауыл шаруашылығы саласының 29 номинациясы бойынша анықталған еңбек озаттары Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Биылғы «Алтын күздің» ерекшелігі – бұрынғы еңбек ардагерлерін ұмытпай, оларға да ерекше  құрмет көрсетілуі.  Облыс басшысы  Социалистік Еңбек Ері атанған бір топ қарияларға автокөлік кілтін тапсырды. Бұл – келешек ұрпаққа үлкен өнеге.
ТАҒЫЛЫМ 05 қараша 2013 г. 1 043 0
АДАМДЫҚ АСҚАРЫНДАҒЫ АЗАМАТ

АДАМДЫҚ АСҚАРЫНДАҒЫ АЗАМАТ

Адамзат жаралғаннан бері жер бетіндегі осы саналы тіршілік иесінің атауына қосылып айтылып келе жатқан «адамгершілік» деген тіркес бар. Адам бойындағы қандай да бір қасиеттің армен безбенделетінін ұғынған ұлтымыз пенделік пиғылдан ауласын аулақ салып, адамгершілігін аласартпаған жанды ардақ тұтып, құрмет көрсеткен... 
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2013 г. 1 625 0
БЕКЗАТ БОЛМЫС

БЕКЗАТ БОЛМЫС

(Мырзабек Дүйсеновтің күнделік жазбалары туралы) Белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы Мырзабек Дүйсенов өзі қалам тербеген қай жанрда да шеберлігін көрсете білді. Оның «Ана махаббаты», «Қалыңдық», «Гүлжан сүйеді», «Меймандар», «Ант», «Үміт», «Біз күн перзентіміз», «Бір аспанның астында», «Ғасырлар сыры», «Сағанатас сырлары» және басқа көркем шығармалары, ғылыми-танымдық эсселері, зерттеу еңбектері қалың оқырманның игілігіне айналды. Қаламгер білім-білігімен ғана емес, ешкімге ұқсамайтын стилімен де ерекшеленді. Жұрт шығармаларын іздеп жүріп оқитын автор ретінде көпке танылды.
ТАҒЫЛЫМ 02 қараша 2013 г. 3 695 0