ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН

Өмір деген осы... Ұшқан құстай зымырап өтіп бара жатады. Бұл өмірге кімдер келіп, кімдер кетпеген. «Жақсының шарапаты жалпақ елге жетеді» демекші, бар ғұмырын ұрпақтарға ұлағат етуді мұрат тұтып, жаны ізгілік шуағымен жадыраған жандар артында өшпес іс, өлмейтұғын мұра мен із қалдырады. Пайғамбар жасына келген соң өткен өмір жолдарыңа қайрылып қарап,  «қайдасың, қайда?» деп іздейді екенсің. Сол бір жылдары талай-талай тумысы бөлек текті тұлғалармен тұз-дәмдес болып, дәріс алған едік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, ендігі сөз кезегін жүректегі жазбаларыма берсем.
ТАҒЫЛЫМ 01 наурыз 2014 г. 1 354 0

ҰСТАЗЫҢДЫ АТАҢНАН ДА ӘЗІЗ ТҰТ

Шәкірт ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Ұстаз да диқан сияқты ғой. Әр баланың жанына білім дәнін себеді, қатайтып ұшырады. Бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
ТАҒЫЛЫМ 01 наурыз 2014 г. 1 604 0

АЛЫСТАЙ БЕРГЕН БІР БЕЙНЕ

Сыр елінің сындарлы азаматы, марқұм Олжабай Сапарбаев туралы сыр
ТАҒЫЛЫМ 27 ақпан 2014 г. 1 483 0

АҚТАҢГЕР

«Тоқта, балам, өмір деген өтпелі, бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді?» дегендей, құдайдың өлшеп берген ғұмырында талай адамдармен замандас, әріптес, дос, сырлас, сыйлас болғанымызға шүкіршілік етеміз.
ТАҒЫЛЫМ 22 ақпан 2014 г. 1 415 0
ҚАЙРАН, РЫСБЕК

ҚАЙРАН, РЫСБЕК

Осыдан төрт-бес жыл бұрын жұмыс орныма Рысбек Әшімов кіріп келді. Амандық-саулық сұрасып жатырмыз. Сәлден соң Рысбек: – Төлеп, Аралдан әдейі сені іздеп келе жатырмын, бір шаруам бар еді, – деді.
ТАҒЫЛЫМ 15 ақпан 2014 г. 1 568 0

ҒАЖАЙЫПТАРҒА ҰҢІЛГЕН КЕУДЕ КӨЗІМЕН

Биылғы жылдың қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Университетіміздің өсіп-өркендеуіне, республика деңгейінде, тіпті одан да тыс дүниежүзіндегі 800 жоғары оқу орындарының бірінші үш жүздік тобының қатарынан орын алуына ғалымдарымыздың, ұстаздардың, шәкірттердің қосқан үлесі орасан зор деп айта аламыз. Солардың арасынан менімен мектепте бірге оқыған, сол бір қиын-қыстау заманның ауыртпашылығына шыдап, күні-түні ізденіп білім алуға деген құштарлығымен Алматыға келіп, жоғары мектепке оқуға түсіп,  ізденісі мен еңбегінің арқасында филология ғылымдарының докторы, профессоры, кафедра меңгерушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, түрколог, теолог, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Берікбай Сағындықұлы жайлы ойларымды  оқырман қауымға мақтанышпен ұсынғалы  отырмын. 
ТАҒЫЛЫМ 01 ақпан 2014 г. 2 065 0
ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫМ

ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫМ

Белгілі қаламгер Еркін Әбіловтің балдәурен балалық шағы Арал ауданының Жалаңаш елді мекенінде өтті. Әкесі Аққали ауылдағы абыройлы ұстаздардың бірі болатын. Ол осындағы мектепте білім тұнығынан алғаш сусындаған сүйікті ұлын қаламмен қанаттандырды. Сөйтіп, бала Еркіннің ойлы очерктері, ойнақы суреттеме-мақалалары мектеп қабырғасынан бастап сол кездегі аудандық, облыстық, республикалық «Толқын», «Ленин жолы», «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» басылымдарында бұрқырап жарық көріп жатты. Шәкірт тілшінің сол кездегі кейіпкерлері – теңіз тереңінен су маржанын сүзген балықшы қауымы, білім ұясындағы «бәрекелді-ай» дегізетін тың да тосын жаңалықтар болатын. 
ТАҒЫЛЫМ 01 ақпан 2014 г. 1 893 0
ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ

ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ

Балалық балғын шағын Қарауылтөбеде өткізген Байзақ Момынбаев орта мектепті  бітірісімен Алматыдағы ауылшаруашылық институтына  оқуға түсіп, оны 1969 жылы  ойдағыдай бітіреді. Алғашқы еңбек  жолын республикалық «Казсельхозмеханизация» кәсіпорнында инженер-механик мамандығынан бастайды. Ұстаз ғалымдарды өзі оқыған  оқу  орнына қызметке  шақырып, ауыл шаруашылығы институтында ассистент  болып,  шәкірт тәрбиелейді. 1980 жылы  кандидаттық диссертациясын Ленинград ауылшаруашылық институтында қорғап шықты.
ТАҒЫЛЫМ 28 қаңтар 2014 г. 1 989 0

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, МІНЕЗІ КӨРКЕМ ҰСТАЗ ЕДІ...

Ұлы Абайдың отыз жетінші қарасөз-ғақлиясындағы: «Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел, Алдыңғы толқын ағалар, Артқы толқын Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер», – деп, терең толғануының сырын ойға алғанда әрқашан өткен өмір, зымыран құс – замана керуені көз алдыңда жылжып бара жатқандай көрінеді. Сосын кемеңгер Абай атамыздың қалайша дәл айтқанына әрі қысқа тұжырыммен көп ой білдіргеніне дән риза боласың. Міне, екінші мыңжылдықты тәмамдап, үшінші мыңжылдықты бастағанымызға да он үш жылдан асты, Тәуелсіздігіміздің жиырма екі жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. XX ғасыр өзінің сан алуан оқиғаларымен, өміршең өзгерістерімен, солардың бел ортасында жүріп, өнегелі іздер қалдырған өрелі өрендерімен, ел жадындағы асыл азаматтарымен есімізде мәңгі қалды.
ТАҒЫЛЫМ 25 қаңтар 2014 г. 2 590 0

ӘР КӨҢІЛДІҢ ШЫРАҒЫ БОП ҚАЛҒАН ЖАН

Басшы кадрларды іріктегенде кеңес кезеңінің өте бір жақсы, ел сүйсінетін осы заманға да  өнеге, үлгі етерліктей  жағымды жұмысының бірі – нәзікжандылардан саралап, таңдап ел басқару істеріне тартуы еді. Қармақшы ауданының басшылығында  қызмет атқарған Марияш Сапабекова, Бағия Оспанова, Тұрсынкүл Әбдиева, Ырысты Тілеуқабылова, Зауыткүл Қалиева, Тынышкүл Дәлиева  сынды апаларым мен қарындастарымның есімдері ел есінде.  Олардың әрқайсысы партия мен ел сенімінен шыға білді. Ол кезеңде  партия мен ел сенімі біртұтас  болатын.  
ТАҒЫЛЫМ 11 қаңтар 2014 г. 1 117 0