СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ АЗАМАТ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ АЗАМАТ

Бақдәулет Дербісәліұлының ел экономикасын арттыруға елеулі үлес қосатын жұмысшы кадрларын даярлау саласында  жүргеніне  отыз жылға жуықтапты. Сонау сексенінші жылдардың орта шенінде сол кездегі №9 кәсіптік-техникалық училищеде басталған ұстаздық жолы күні бүгінге дейін сәтті жалғасуда. 2005 жылдан бастап №6 кәсіптік лицейде оқыту шебері, арнаулы пән және әдіскер-оқытушы болып қызмет  атқарып келе жатқан Бақдәулеттің есімі қазір көпшілікке кеңінен танымал. Оны әріптестері де, кәсіптік білім саласының басшылары да мақтан тұтады. Оның  себебіне көз жүгіртіп көрелік.
ТАҒЫЛЫМ 31 қазан 2013 г. 1 419 0
СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

Бұл өмірден небір жайсаңдар өткені ойға оралады. Аз ғұмырында Ғани Мұратбаев шығыс жұлдызы атанды, Саттар Ерубаев жиырмадан сәл асқанда «Менің құрдастарым» романын жазды, Шоқан отызға жетпей орыс ғалымдарын таңырқатты.  Мен қоғам және мемлекет қайраткері Аралбай Махамбетовті осылардың өміріне ұқсатамын. Ол өте білімдар еді. Бар-жоғы 41 жыл өмір сүріп, дүниеден өтті. Бұған да биыл 40 жылдан асты. Жүйрік уақыт зымырап өтіп жатыр. Иә, Аралбай Махамбетов кім болған дейсіз ғой, оқырман?
ТАҒЫЛЫМ 29 қазан 2013 г. 1 263 0
ТЕКТІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

ТЕКТІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

Өркеш-өркеш болып түйедей шөгіп жатқан қалың қатпарлы қарт Қаратау сілемдерінің етегінде Талап ауылы орын тепкен. Бұл жердің табиғаты  көркем, ауасы таза, суы балдай. Халқының ынтымағы жарасып, қаймағы бұзылмаған. Осы қасиетті өлкеден талай талантты дарындар, ғалымдар, дәрігерлер, ақын-жазушылар, спортшылар, өнер және қоғам қайраткерлері шықты. Осындай асыл текті азаматтың бірі – Зинабдин Шермағанбетов. Ол кісі ұзақ жылдар мектеп директоры болып және мемлекеттік қызметтер атқарды. Сондықтан ұстазымыздың кісілігі, тектілігі, біліктілігі, тұлғалығы жайында аз-кем қалам тартуды өзіме зор міндет санадым.
ТАҒЫЛЫМ 29 қазан 2013 г. 1 304 0
АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДЫ АЗАМАТ

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗДЫ АЗАМАТ

1937 жылы қыркүйек айының аяғында Қиыр Шығыстан сталиндік қуғын-сүргіннің әсерінен, яғни, депортациялық жолмен корей халықтары Қазақстанға көшіріледі. Осы корей халқының бірсыпырасы біздің Қармақшы ауданына келді. Оларды аудан басшылары қыстап шығуға жертөлелерге 48 отбасын, яғни, шағын екі артельді орналастырды. «Червонная Земля» төрағасы Пак Ин Гван, «ІІІ Интернационал» төрағасы Цай Ден Хак Қашқансу табанына қоныстанды. Yшінші ұйымдастырылған колхоз төрағасы Ким Тен Сем Бозарқаш («Утренная Заря») колхозына орналасты. Сөйтіп, жаңа қоныстанушылар көңіл елегінен өткізе келіп, бұл өңірдің күріш егісіне қолайлы екенін анықтады. 
ТАҒЫЛЫМ 26 қазан 2013 г. 1 276 0

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай-ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, ақыл-парасаты, талғам түсінігі, өмірге көзқарасы, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса.
ТАҒЫЛЫМ 22 қазан 2013 г. 4 581 0

“ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚТЫҢ” АРБАКЕШІ

Ақын, жазушы Қалмақан Әбдіқадыров 1903 жылы туған. Тұңғыш "Сырдария” атты өлеңі 1925 жылы "Еңбекші қазақта” жарияланды. 1928 жылы "Жалшы” деген атпен жеке жинағы жарық көрді. "Екпін” (1932), "Шахтер” (1934 ж) "Өлеңдер жинағы” (1935 ж) баспадан шықты. "Келес қызы”, "Мақташы қыз” атты дүниелерінде еңбек адамдарының ерлік еңбегі бейнеленді. "Қажымұқан” (1952), повесін жазды, "Мың бір түнді” (1949, 1955, 1962) аударды.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 2 297 0

ХАЛЫҚ СҮЙГЕН ҚАЙРАТКЕР

...Жер бетіне кісі келеді екен, Алла берген кесімді мерзімін жүріп өтеді екен. Бірақ сол жолды кім қалай жүріп өтеді? Мәселе осында... Сенен Алланың сұрайтыны да сол. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 1 730 0

ДАРАБОЗ ДАРА ТҰЛҒА

Дана халқымыз: «Асыл туған адамның, алтын жетпес нарқы бар. Жақсы менен жаманның, аспан мен жерде нарқы бар» дегендей, жақсы адамның өзі де, сөзі де, ісі де, бейнесі де өшпейді, жалғасын табады, табыла береді.
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 1 521 0

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒАСЫ

Елі үшін еңбек еткен ердің ісі қашанда көптің аузында болары сөзсіз. Сонау Кеңес заманы тұсында, партия деген биліктің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде халықтың қамымен жүрген азаматтардың еңбегі қазіргі ұрпақ үшін жай әңгіме секілді көрінер. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қазан 2013 г. 1 466 0

СЫР ӨҢІРІНІҢ САҢЛАҒЫ ЦАЙ ДЕН ХАК

...Біздің Сыр бойындағы Қармақшы аймағының "ІІІ-Интернационал” колхозында түріктің беделді, белгілі ақсақалы жасы ұлғайып, ауруы меңдеп, бақилық сапарға аттанар алдында ақтық демі бітуге таяу жатады. Қадым заманғы ата дәстүрі бойынша бақұлдаспақ парыз. 
ТАҒЫЛЫМ 10 қазан 2013 г. 1 740 0