БОЗҒҰЛОВ

БОЗҒҰЛОВ

Әдетте, халық кез келген шығармаға жақсы жазылыпты, жаман жазылыпты деп өз бағасын беріп жатады. Ол – заңды құбылыс. Кім туралы жазсаң да, кім туралы айтсаң да, оның сәтті шығуы үшін жазып, айтып отырған адамың жаратылысынан жақсы адам болуы керек. Оны  жан-жақты, жақсы білуің керек, жақсы түсінуің керек, жақсы көруің шарт. Сонда ғана жақсы шығарма туады.  Жақсы адамның жақсылығының өзі – ешқандай әсерлеусіз-ақ, әшекейлеусіз-ақ, көтермелеусіз-ақ, дәнекерлеусіз-ақ жақсы шығарма. 
ТАҒЫЛЫМ 09 қаңтар 2014 г. 3 687 0

ӨМІРДЕН ТҮЙГЕН ӨСИЕТ

Бала Ханзада жастайынан зерек өсті, ерте жетілді. Аталар сөзін зердесіне құйып өскендіктен болар, отырған жерде көнекөздер сөзін тамылжыта айтады, ақ батаны төгілтеді. Шағын ауылда дуалы сөздің құймақұлақтары көп еді-ау. Ауыл ақсақалдары күн сайын кешкілік бір үйге жиналып, әңгіме-дүкен құратын. 
ТАҒЫЛЫМ 07 қаңтар 2014 г. 1 398 0

ДАРАБОЗ ДӘРІГЕР

Есімдері елге танымал айтулы азаматтар қашанда санаулы. Заманында топ бастаған тұлғалар ешқашан тасада қалған емес. Осындай азаматтардың бірі, тіпті бірегейі, адам жанының арашасы болып жүрген Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, хирург Шынтас Зетов десем, асыра айтқандығым болмас.
ТАҒЫЛЫМ 28 желтоксан 2013 г. 1 338 0

ӨЛШЕМІ БИІК ӨМІР ИЕСІ

Елімізге еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымының кандидаты облыстың құрметті азаматы, кеңестік дәуірдің марапаттарын қоспағанда тәуелсіз Отанымыздың «Құрмет» орденін омырауға таққан ақиық азамат, абзал аға Тұрғанбай Маханов – Сыр өңіріне ғана емес, Қазақстанға танымал есім.
ТАҒЫЛЫМ 26 желтоксан 2013 г. 1 135 0

МЕТАЛЛУРГИЯ МАЙТАЛМАНЫ

Тәуелсіз мемлекеттер достастығында бірінші болып жекеменшікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін қалыптастырған Қазақстан мемлекеті тың үдерістерді толассыз іске асыруымен танылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тың ұсыныстарды ортаға салумен қатар дұрыс шешімдерді батыл қолдап келе жатқаны анық. 
ТАҒЫЛЫМ 26 желтоксан 2013 г. 1 072 0

ҚАЙРАТКЕР

«Алтын тоның болғанымен, жағасы мен жеңі қымбат, қанша батыр болсаң да, халқың менен елің қымбат». Осы бір мәтелдің мағынасына зер салып, ойланып көрсең, «Байлықтың бір жұттық, батырдың бір оқтық» екендігін білдіреді. Ел ішінде туған жұрты мен халқының қадірін білетін,  елін нағыз батырларша сүйе алатын атпал азаматтар аз емес. Солардың бірі Бегалы аға туралы аз-кем білетіндерімді оқырмандарға жеткізуге асықтым.
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 548 0

ЗАРҚҰМ

Кеңестік жүйе алғашқы 20 жылда бірнеше толқын репрессия жүргізіп, ұлт зиялыларының басым көпшілігінің көзін жойғаны тарихи ақиқат. Ел басына түскен зобалаң-нәубеттің ең алғашқы құрбандарының бірі қоғам дамуына қатысты өзіндік қөзқарасы болған Зарқұм Қуанышұлы (1865-1918жж.) еді. 
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 910 0

ЖҮЗІ ЖАРҚЫН КЕУДЕСІ КЕН, КЕҢ БОЛМЫС

Асқаралы 60 жастың асуын абыройлы азамат, өнегелі отағасы, білікті ұйымдастырушы, кәсіби жоғары деңгейлі маман санатында бағындырып отырған Мұхатдам Серікбаевтың есімі баршаға құрметті. Ақ көкірегі сырлы шежіреге толы Мұхаңмен әңгімелесе қалсаңыз, көшіп келе жатқан көне тарихтың керуенін көргендей әсерге бөленесіз. Аруақты бабалар жайлы сөз қозғаса, өзі де ерекше тебіреніп кетеді. Сондай әсерлі әңгімелерге құлақ түрген жан оның алған биіктері мен бағындырған белестеріне үңіліп, бітім-болмысының қырларына қаныға түскісі келеді. Бұл азамат 1953 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. №411 Жамбыл атындағы мектепте білім алған ол жастайынан оқуда озат болып, шығармашылық қабілетімен өз қатарластары арасынан ерекше көзге түсе бастайды. Дарындылығының негізі тума тектілікте, отбасындағы үлгі-өнегеде, ата-анасының оған деген ыстық ықыласы мен махаббатында жатыр.
ТАҒЫЛЫМ 19 желтоксан 2013 г. 1 331 0

ЕҢБЕКПЕН ЕҢКЕЙГЕНДІ ЕЛ АЛҒЫСЫ ТІКТЕЙДІ

Өткен күндерге көз тастасақ алыста қалған сияқты, бірақ жүрекке жақын. Әсіресе, халқының қамын жеп, еңбектің нанын жеп елге еленген ерен болмысты жақсылардың жүріп өткен жолдары жиі еске түседі.
ТАҒЫЛЫМ 07 желтоксан 2013 г. 1 413 0

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

Кешегі Ұлы Отан соғысы қатысушыларының саны мен  қамтыған елдерінің көптігі жағынан адамзат тарихы бұрын-соңды көре қоймаған алапат қырғын болғаны белгілі. Қаһарлы соғыстың сұрапыл жалыны бүкіл Еуропаны қамтыды. Азияға да ауыз салды. 
ТАҒЫЛЫМ 07 желтоксан 2013 г. 1 626 0