САНАНЫҢ САҒАСЫ, ЕЛДІҢ АҒАСЫ

Бұл күндері Ботабай аталатын ауыл кезінде Тартоғай совхозының №3 мал фермасының орталығы еді. Ілгергілер «Ақын аулы» деп айдар таққан ауыл бертінде 18 ғасырда өмір сүрген осы топырақтың әрі батыр, әрі мұрап болған тарихи тұлғасы Ботабай бабасының атын иемденіп, жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын аттады. 
ТАҒЫЛЫМ 08 қазан 2013 г. 1 287 0

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАҚСЫ АДАМ

Ауыл ақсақалдарымен сәлемдесіп, бір жағы күндегі қым-қуыт тірлікпен ақылдаспақ болып, туған ауылым, Қызылжармаға бет түзедім. Жол бойы ой үстіндемін. Кешегі өткен ағаларды еске аламын... Қалмақ ағай, Дауылбай, Бегай, Мінайдар, Сейтжағыппар, Тұраш ағайлар. Бәрі де өмірден озып кеткен. Апырм-ай «алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, уақытымен өлінер, баяғыдай көрінер» деген осы екен-ау... Кімге барам, ақылдасар кім бар?
ТАҒЫЛЫМ 05 қазан 2013 г. 1 732 0

МӘҢГІ ӨШПЕС ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАР

Дүниеге шыр етіп келген пенде баласының ішінде жалғанның жарқылына алданбай, адалдық пен адамдықтан айнымағандар санаулы-ау, сірә.. Өзі кетсе де, артында өнегелі ісі мен жолын жалғастырар ұрпағы қалған осындай жандар ғана қылаусыз құрметке ие болып, кейінгілер жадында сақталып қалады. Сан құбылған замана өкпегінің өтінде отырып, мәңгі өлмес шырақ жағып кеткен Қалыбай мен Дәмегүлді де біз осы санаулылар қатарына қостық.
ТАҒЫЛЫМ 05 қазан 2013 г. 1 813 0

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

«Елдің атын ер шығарады» демекші, қасиетті Сыр өңірінің мақтанышына айналған, есімдерін қастерлеп айтып жүрер азаматтар бұл өлкеде аз емес. Сыр өңірінің халқы өздерінің аяулы ұлдарын қастерлей де, ардақтай білетін дархан жұрт. Осындай мақтан тұтар Сыр перзенттерінің бірі – Еңбек Ері Цай Ден Хак.  
ТАҒЫЛЫМ 19 қыркүйек 2013 г. 1 886 0