“ЖАС ТҰЛПАРДЫҢ” ЖАНЫНДА ЖҮРДІ

1964 жылы "Жас тұлпар” жастар қозғалысының концерттік-насихаттық тобы Мәскеуден Қазақстанның ауылдық жерлеріне кезекті сапарға шығатын болды. Бұл жолғы сапарымыз Шымкент облысына түсті. Бірақ та біздің топтағы байланыс институтының студенті, күйші Мырзагерей Шотқалиев жазғы өтетін тәжірибесіне орай сапарға шыға алмай қалды. Мәскеулік студенттер арасында оның орнына адам таба алмадық.
ТАҒЫЛЫМ 22 сәуір 2014 г. 1 144 0

ОҚТАН ОЗҒАН ӨМІР

Келісті де келбетті Баһан қария шежіренің қоймасы іспетті. Бір әңгіменің шетін суыртпақтап шығарсаңыз, көңілі келсе, әрі қарай өзі тарқатып алып кете берер. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейтін  ілгергілердің тәмсілін еске алсаңыз да, көп жасағандығына сүйенсеңіз де жаңылыспайсыз. Негізі көргені де, түйгені де көп кісі болғаны. Жаратушының берген байлығы шығар, биыл бірі кем тоқсан жасқа келсе де тізесі дірілден, көзі іріңнен аман. Сөзі тетік, ісі нық, балаларына әлі күнге жөн-жоба көрсетіп, ақыл қосып отырады. Сәлемдесе келе әңгіме ауанын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандық борышын атқару кезеңіне қарай ойыстырдық. 
ТАҒЫЛЫМ 17 сәуір 2014 г. 1 059 0

СӘНДІ САЗДЫҢ САРДАРЫ

Мүлкаманды ойласам, өзімнің шұғылалы шағым, өмірімнің ең аяулы беттері, жарқын күн, жалынды түндерім, қуаныш, қызыққа толы жұлдызды жылдарым – студенттік кезім есіме түседі. Есіме түседі де сол жылдар бүгін екпіні еңкейіп қалған қан тамырларына жаңа ырғақ қосқандай жаным жайнап қоя береді. Жүрек жас құлындай ойнақшып, кеудеме сыймай бұлқына қалатыны бар. Қандай шуақты, қандай алқалы кез еді! 
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 1 333 0
ИІРІМ – ДҮНИЕ

ИІРІМ – ДҮНИЕ

Күрең күздің қара суығына бауырын төсеп, өзін қиындық құрсауына салып, жылы белдеуге қарай қанаттының соңын алып ұшатын қоңыр қаз деген құс болады. Таланттылардың ішінен де іріктеліп, осы азапты жолды пешенесіне бұйырған маңдайдағы жазмыштай таңдап алып хас жазушылар ғана қалады. Сондай сөз иесінің бірі – Әлмәмбет Әлішев!
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 2 057 0

МАҚСАТҚА БЕРІК ЖАН ЕДІ...

Бүгінде 60-ты орталаған біздердің қатарымыздан балалық бал дәурен мен жалынды жастықтың қызулы күндерін бірге өткізген: Жаппар, Бүркітәлі, Құттыбай, Әділбек, Шарапат, Жұмадиндердің әрқайсысы келместің кемесіне мініп, ақыреттік сапарға аттанғанда – көңілге қимастық сезіммен мұң ұялаған.
ТАҒЫЛЫМ 12 сәуір 2014 г. 917 0

ПАРТИЗАН

Жеңіс күні жақындаған сайын тарих беттерін ақтара түсеміз. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты 1964-1967 жылдары Алматыдағы баспадан шыққан екітомдықты қолға алдық. Екінші томның 181-ші бетін ашқанда таныс есім жарқ ете қалды. 
ТАҒЫЛЫМ 08 сәуір 2014 г. 1 397 0

ДАРАБОЗ

Халық арасында: "Алып таулар алыстаған сайын асқақтай түседі” деген ұғым бар. Жақсы адамдар да әсте аласармайды, қайта бүкіл бітім-болмысымен ел жадында жайнап, жаңғырып тұрары ақиқат. Күні кеше ғана арамызда жүрген абызымыз, ақылшымыз – Көмекбай Қаракөзов ағамыздың тұз-дәмі түгесіліп, мәңгілік жайына аттанып кеткеніне де 7 жылдың жүзі болып қалыпты-ау. 
ТАҒЫЛЫМ 05 сәуір 2014 г. 1 423 0

ТАБИҒАТҚА ТАРТЫП ТУҒАН...

Әр адам Жаратушы иемнің ғажайып бір туындысы десек, сол пендеңіздің бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлқы, өзіндік жаратылысы бар: бірақ біреу кемел ойлы, көкжиегі кең, біреу күйбең тіршіліктің көлеңкесінен шыға алмайтын көрмәдік, ал біреу қай кісімен болса да тіл табыса білетін көшелі де өрелі, ойы озық. 
ТАҒЫЛЫМ 05 сәуір 2014 г. 1 246 0
КҮЙ КЕРУЕНІНЕ ТАҒЫЛҒАН ҚОҢЫРАУ

КҮЙ КЕРУЕНІНЕ ТАҒЫЛҒАН ҚОҢЫРАУ

Өнерге деген құштарлықтың буы билеп, бойымызды түзеп, жоғары оқуға түскен кезіміз. Жаңа ортаға үйренісе бастаған уақытта аққұба өңді, орта бойлы, сұлуша жігіт біздерге куратор болып келді. Бұл жас ұстаз Мүлкаман Қалауов болатын. Жас ұстаздың бізге қамқорлық жасап, ортамызда жиі болуы, достық пен жолдастық сезімдеріміздің қалыптасуына, өнерді сүйе білуге баулуы, өмірге жаңаша көзқараспен қарап қалыптасуымызға ерекше ықпал жасады. Көп жағдайда ұстаздың оркестрге арнайы жасалған партитураларын және жаңа ән-күйлерінің алғашқы тыңдаушысы да болдық. 
ТАҒЫЛЫМ 05 сәуір 2014 г. 1 618 0

БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРҒАН

Жерлесіміз Рақыш Әміреұлы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті кафедра меңгерушісі, химия және химиялық технологиялар кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Рес¬публикасы жаратылыстану ғылымдары Ұлттық академиясының және Халықаралық ақпараттану академиясының академигі.
ТАҒЫЛЫМ 03 сәуір 2014 г. 1 236 0