ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

Келер көктемде Кеңес әскерлерінің қанқұйлы неміс фашистерін тас-талқан етіп жеңгендеріне жетпіс жыл толады. Алпыстан астам мемлекет қатысып, елу миллион адамның өмірін жалмаған сол сұрапыл соғыстан елге аман-есен оралғандардың қатары да күн санап азайып барады. Тарих жылнамасына тайға таңба басқандай қара әріптермен жазылған 1418 күн мен түнді бүгінде көзі тірі қарт майдангерлер күрсіне еске алады. Жастық шақтары от-жалынға оранған ол күндерге лағнет айтады. Он сегіз жасында осынау қасіретті қырғынға қатысып, қарша бораған оқ пен оттың ортасынан аман оралғандардың бірі – Панабекұлы Зікірия қария.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 432 0
АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Сыр бойындағы журналистика­ның қалыптасу мен даму кезеңдерін зерделеген адам екі тілде шығатын облыстық газеттерге соқпай өтпейді. Аймақ басылымдарының атасы саналатын 85 жылдық тарихы бар «Сыр бойының» ізін ала «Кызылординские вести» газеті де осы белесті бағындырады. Басылымда әр жылдары еңбек еткен қаламгерлер бүгінгі буынға ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 077 0

БАҚЫТТЫҢ БАҒЫНА БӨЛЕНГЕН ӘУЛЕТТІҢ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 260 ЖЫЛ

Жұмыс кабинетінде отырғанмын. Жаным­дағы әріптестер бір салада еңбек ететін әулет жайлы сөз етіп отыр. Осы сәт менің есіме Тереңөзектегі Рүстем Садықұлы түсе кетті. Өзі де, жұбайы да, ұл-қыздары мен немерелері де ақ халатты абзал жандар. Әулеттің денсаулық саласындағы еңбек өтілі 260 жыл болыпты. Неге өнеге етпеске?!
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2014 г. 1 026 0

ЕҢБЕК ЕТКЕНДІ ЕЛ ҚҰРМЕТТЕЙДІ

Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысын бүгінгі кейіпкеріміздің есімімен байланыстырып жатамыз. Олай болуы заңды да. Өңірімізде үшінші сектордың пайда болуында, оның қалыптасуына Дариха Ақмағамбетқызының еңбегі зор. Еңбек дегеннен шығады, кейіпкеріміздің бүгінге дейінгі мемлекеттік, одан кейінгі қоғамдық салада қызмет атқарған жылдарын қосқанда барлығы елу жылға жуықтайды. Ендеше, Азаматтық Альянс құрылып, жұмыс істеп келе жатқан соңғы сегіз жыл апайдың еңбек өтілінің азғантай ғана бөлігі болып шығады. Кейінгі жас ұрпақ болмаса, аға ұрпақ өкілдері бұл жағдайдан толық хабардар. Олай деп толық сеніммен айтуға болады. Өйткені, Дариха Ақмағамбетқызы бірнеше ондаған жылдардан бері жұртшылықтың көз алдында келе жатыр. Десек те, ол кісінің өмір жолына қысқаша шолу жасап кетелік.
ТАҒЫЛЫМ 13 қыркүйек 2014 г. 1 164 0

СТАЛИНГРАД СОЛДАТЫ

Жол бастап келе жатқан ауыл әкімінің есімі де Әскер, іздеп келе жатқан ада­мы­­мыз да байырғы әс­кер жауынгері. Қа­зақтың қа­нында жауынгерлік қасиет бар ғой расында, мына сәйкестіктер со­ның белгісі болса керек. Кеңес әскерінің неміс басқыншыларымен қиян-кескі айқасына куә, сол кезде әскерде болған көкеміз Най­манбай Құрбанов биыл сексеннің сең­гіріне көтеріліпті. «Ойбай, белім», дейтін кәрияңыз бұл кісі емес, ширақ, жүзінен қызыл таймаған секілді, көзінде нұр азаймаған. 
ТАҒЫЛЫМ 13 қыркүйек 2014 г. 1 006 0

ТАНЫТҚАН ТЕКТІЛІКТІҢ ӨР ТҰЛҒАСЫН

Бүкіл саналы ғұмырын бі­лім беру саласына арнап, адал ең­бекпен есейген Базаркүл бейнеті зейнетімен зерделенетін шаққа жеткенін, әрбір күнін, әрбір саға­тын ізденіспен, көңілге түюмен өткізген 41 жылдың қалай зырлап өткенін байқамай да қалыпты. Бүгін біздің әңгімемізге арқау болғалы отырған жан – ибалы мінез мен ізеттілігі әр уақытта маңайындағыларға сезіліп тұра­тын, тума табиғи болмысымен лайықты, өнегелі өмір жолында ғұмыр кешіп отырған Базаркүл Махамбетқызы Құлахметова. Оның ұзақ жылғы ұстаздық жо­лы, білім беру мен шәкірт тәр­биелеудегі, ұжым басқарудағы іс-тәжірибесі, оқытудың әдіс-тәсілдерін бөлісе жүріп, ғылымға қосқан үлесі, отбасындағы бала өсіріп отырған аналық парызы әріптестеріне үлгі болғандай.
ТАҒЫЛЫМ 13 қыркүйек 2014 г. 893 0
Нұр шуақты Сәбира апа

Нұр шуақты Сәбира апа

Сәбира апай шуағы мол жан еді. Менің шешеме ұқсайтын... Адамды өзіне тартып тұратын, ешкімді жатырқамайтын. 1979 жылы Қызылорда театры есепті гастрольмен Алматыға барды. Гастроль шымылдығын М.Әуезовтiң «Түнгі сарын» драмасымен ашқан болатынбыз. Ертеңіне «Социалистік Қазақстан» газетіне «Талассыз табыс» тақырыбымен Қазақстанның халық артисі Серке Қожамқұлов пен КСРО халық артисі Сәбира Майқанованың сұхбаты шықты. Онда С.Майқанова «Жерлестерімнің гастрольдік жарнамасынан М.Әуезовтің «Түнгі сарынын» оқығанымда театрдың творчестволық батылдығына іштей қол соққан болатынмын. Бұл өзі қойылымға қиын, қатпар-қыртысы көп, күрделі дүние. «Түнгі сарын» Мұхаңның басқа шығармаларынан бітімі бүтіндей дерлік бөлек драма. Тартысының өрбуі де, кейіпкерлердің сөйлеу мәнері де, бірнеше тағдырды желілей жүргізуі де тарихи-революциялық тақырыпты көркемдікпен игеру талаптарына сай жаңаша шешілген бұл туындыны «Қаракөз», «Еңлік-Кебектің» кілтімен аша алмайсыз, – депті.
ТАҒЫЛЫМ 06 қыркүйек 2014 г. 1 454 0

АЛҒАШҚЫ ТӨРАҒА

Биыл колхоз құрылысының ар­дагері Нұрыш Жұдабаевтың ту­ға­нына 100 жыл толды. Өткен ға­сырда Перовск уезінің Кеңтүп бо­лысында өмірге келген ол өзінің ең­бек жолын 1929 жылы Қызылорда кірпіш зауытында жұмысшы бо­лу­дан бастады. Отызыншы жылдар­дағы ашаршылық кезіндегі халық­тың көршілес елдерге ауа көшуінен тысқары қала алмаған жас Нұрыш өз ырыздығын 1931-1934 жылдары Тәжікстанның Қорғантөбе ауданын­дағы "Бақшы” ауылынан теріп жеді. Кісі елінде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан болуды көздеген ол туған топырағына оралып, Сырдария ауданы Ленин атындағы ұжымшарда есепші қызметін атқарды. Сұрапыл соғыс жылдарында кеңес әскері қатарында борышын өтеді, аудан ұжымшарларында есепшілік қызмет атқарды. 
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 035 0

МӘҢГІ ЖАСА, МАЙДАНГЕР

Екінші дүниежүзілік соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойрандалды. Бірі атадан, бірі ағадан, енді бірі інісінен айырылды. Ал, дүние есі­гін ашып, жан-жағын енді біле бас­тағандар балалықпен ерте қош­тасты. Сондықтанда болар, әке­ге, бауырға деген сағыныш пен тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары еңбек еткен әрбір жанның есінен кетпесі анық.
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 480 0

БӨРІБАЙ АТА ӨТКЕН ЖОЛ

Тоқсан жастың төріне шыққан Бөрібай ақсақал әлі тың. Сонау жыл­дардың естелігін жадында жаң­ғыртқанда ай-күнінен еш жа­ңылмайды. Өткен ғасырдың жи­ырмасыншы жылы Сырдария ау­данына қарасты Аманкелді ауы­л­ында дүниеге келген Бөрібай ау­ылдағы "Зіңкетер” бастауыш мек­тебінде сауатын ашып, кейін қа­ладағы "І Май” мектебінде оқиды. Бүкіл елге жұт боп келген 1932-ші жыл бұл отбасын да айналып өт­педі. Әке-шешесінен бірдей көз жазған Бөрібай жетім балалар үй­­інде тәрбиеленді. Еті тірі жас­өс­пірім жетіжылдық біліммен ау­­ыл­шаруашылық техникумына оқу­ға түсіп, 1940 жылы агроном-хи­мизатор мамандығын алып шы­ғады.
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 241 0