ЖҮРЕГІНІҢ ШУАҒЫН ШАШЫП ӨТКЕН

Адам бойындағы қайсарлық негізінен ақыл-ойдың, білім-біліктің, басқа да әлеуметтік күштің көрінісі екені белгілі. Осы бір туабітті қасиет досым Абайділда Дәулетбаевқа өмір бойы серік болып, Ташкенттегі оқуда жүргенде де, 40 жылдан астам еңбек жолында да, 30 жыл басшылық қызмет бабында да ылғи алға сүйреп, қатарынан оздырып отырды. Бұл қайсарлық сонау мектеп қабырғасында-ақ байқалып еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 120 0
ҚОСТАМНАН ШЫҚҚАН ҚАЙРАТКЕР

ҚОСТАМНАН ШЫҚҚАН ҚАЙРАТКЕР

Мақала кейіпкері Жүсекең – Жүсіп Бисариев ағамыз 1913 жылдың 5 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты «Қостам» деген елді мекендегі №17 ауылда дүниеге келіпті. Бұл жерлерде алғашқы артельдер мен ТОЗ-дар, ұжымшар, кейіннен Абай атындағы кеңшар болып, кешегі нарыққа дейін үлкен ауыл болып келді. Қатарынан пысықтау болып өссе керек, бала кезіндегі Қазан төңкерісінің, одан кейінгі ақ пен қызылдың ұрысы жайлы үзік-үзік естеліктер айтып отыратын еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 188 0
КУРСК  МАЙДАНЫНЫҢ КУӘГЕРІ

КУРСК МАЙДАНЫНЫҢ КУӘГЕРІ

Қазақта «Қазыналы қартың аман болсын» деген аталы сөз бар. Қазақтың көл-дария, дана қарттары – ұлттың ұйыстырушысы ғана емес, келешек ұрпақтың тәрбиелеушiсi. Қарияларымыздың қалқайып ортамызда жүруiнiң өзi ұрпаққа үлгi-өнеге емес пе?! Ұлттық рухты, патриоттықты баласының бойына сiңiруде де ата-әже институтының алар орны ерекше.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 1 128 0
БЕЙБІТ КҮННІҢ ТІЛЕКШІСІ

БЕЙБІТ КҮННІҢ ТІЛЕКШІСІ

Елдің арасында Ұлы Отан со­ғысы деген атаумен белгілі сұрапыл жылдардың адамзат баласына тигіз­ген зардабы аз емес. Сол бір кезеңде қаншама адамның қаны төгілді. Жер жастанып, өзге топырақта мәң­гілік мекенін тапты. Соғыста қан­ша­ма адамның тағдыры осылайша өр­біді. 1939 жылы басталған екін­ші Дүниежүзілік соғыста неміс бас­қыншылары Батыс Еуропа елде­рінің көбісін өздерінің қарауына ал­ғаннан кейін, әлемдегі социалистік мемлекеттің бірі – КСРО-ны басып алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мер­зімде басып алу мақсатында дай­ындалған «Барбаросса» жоспары­на қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гер­мания КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт – Ленинград, екінші бағыт – Мәскеу, үшіншісі – Киев қа­лалары. Соғыстың түпкі мақсаты – социалистік ел КСРО-ны жою еді.
ТАҒЫЛЫМ 29 қараша 2014 г. 979 0

ЕКІ МАЙДАННЫҢ ЕРІ

Айса Махамбетов ағамызды көнекөз басшылар болмаса, көбісі біле бермейді. Ол кісімен қызметтес болған құрдастары оның іскерлігін айрықша атайтын.
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2014 г. 1 271 0
БАҚЫТТЫ АДАМ

БАҚЫТТЫ АДАМ

Ұмытпасам, елу алтыншы жылғы (өткен ғасырдағы) тамыз айының орта кезі болар. Аптап ыстықтың беті қайтып, күн ауа самал соға бастаған кез. Шілденің шіліңгіріндегі шөл азабынан, аптаптың қамытынан құтылған малшы қауымның жүзіне жайдары қан жүгіре бастаған. Ыстық ығысқан соң көлеңке сағалаған төрт түлік, әсіресе қара қой қанат жая жайылып, етке шыға бастаған-ды.
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2014 г. 1 191 0
Жүздің жүзін көрген қария

Жүздің жүзін көрген қария

Бүгінгі бақытты ұрпақ кинодан көріп, оқып-білген алапат Ұлы Отан соғысының куәсі, от пен оқтың арасында қан кешіп, аласапыранды көзімен көрген жанның бірі жаңақорғандық Жүніс Қабетенов қария.
ТАҒЫЛЫМ 22 қараша 2014 г. 1 516 0

ЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ

Сыр аймағының айшық­танып, өңірдің өркен жаюына өзіндік қолтаңбаларын қал­дырған азаматтар аз емес. 
ТАҒЫЛЫМ 20 қараша 2014 г. 1 003 0

ЖАМПОЗ ЖЫРАУ ЕДІ

Өткен жылы бұл пәниден 58 жасында мәңгілік сапарға аттанған аралдық өлмес өнер иесі Рысбек Әшімовті жырқұмар қауым әлі күнге сағына іздейді. Оның да өзіндік себебі бар еді. 
ТАҒЫЛЫМ 15 қараша 2014 г. 1 452 0
ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕРІ

ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕРІ

Ұлы Отан соғысы Жеңіс мерекесінің 70 жылдық торқалы тойы да таяп қалды. 
ТАҒЫЛЫМ 25 қазан 2014 г. 1 394 0