« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сыр аймағының айшықтанып, өңірдің өркен жаюына өзіндік қолтаңбаларын қалдырған азаматтар аз емес. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, "Құрметті теміржолшы”, марқұм Әнәпия Ұзақбаев.
Әнәпия ағамыз 1931 жылы Жаңақазалы станциясындағы училищені үздік бітіріп, еңбек жолын Қазалы паровоз депосындағы машинистің көмекшісі болудан бастаған. Бертін келе, кезіндегі Орынбор теміржолының Қазалы станциясындағы мектебі саяси бөлім бастығының орынбасары болған ол 1940 жылы Кеңес әскері қатарында жүргенде Ұлы Отан соғысына аттанады. Сұрапыл соғыста взвод командирі болған Әнәпия Ұзақбайұлы Брянск, Воронеж, Курск қалаларын азат етуге қатысқан. От пен оқтың ортасында жүріп, бірнеше рет ауыр жарақат алған жауынгер Чехословакия, Польша елдеріндегі шайқастарда да болды.
Елге аман-есен оралған Әнекең туған жер топырағын түлетуге орасан зор үлесін қосады. Қазалы аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Шалқар станциясы мен Түркістан-Сібір темір жолы бойының саяси бөлім бастығының орынбасары, Қазалы станциясындағы теміржол училищесінің директоры қызметтерін абыройлы атқарып, еңбек демалысына шығады.
Айтулы азаматтың көзі тірісінде жасаған ересен еңбектерін ескерген қазалылықтар 1999 жылы оған бір көше есімін берген болатын. Жақында осы көше басына Әнәпия ұрпақтары ескерткіш-белгі орнатып, ашылу салтанаты болды.
Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпанов және аудан басшысы Әнекеңнің білімді де білікті басшы болғанын тілге тиек етіп, оның елге жасаған еңбегі ескерусіз қалмағанын жеткізді. Көшеге тас төселіп, шағын аллеяға қоршау жасалып, брусчатка төселіп, түнгі жарық шамдар мен орындықтар орнатылған.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |