ЖАНЫ ЖАРАСҚАНДАР

Жылдар жылжыған сайын жаңарып, жаңғырып жатқан заман ғой. Бұл пікір бұқаралық ақпарат құралдарын да айналып өте алмайды. Басқасын айтпағанда, кешегі кеңестік кезеңде облыстық газетте секретариат деген болатын. Айтпағымыз, соның қызметкерлері жайлы. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бас кезінде облыстық "Ленин жолы” (қазір "Сыр бойы”) газетінің секретариатында жауапты хатшының орынбасарлары Болат Мұратбаев, Нұрпейіс Байғараев және газеттің әрлеушісі (ретушер) Мұхаммед Оразбақов қызмет ететін. Ал жауапты хатшы Шора Ералиев өз алдына жеке кабинетте болатын. Секретариат қызметкерлерінің міндеті – редактор мен оның орынбасарлары оқып, нөмірге жоспарланған материалдарды макеттеп, баспаханаға жіберіп, сонда теріліп, беттеліп, газет кезекшілерінің алдына берілуін қамтамасыз ету. Әрине, оңай жұмыс емес. Ерте келеді, кеш қайтады. Өздерінше материал жазуға уақыты да жоқ. Оларды секретариат қызметкерлері дейді, ал олармен деңгейлес бөлімдегі жазатын журналистер әдеби қызметкерлер болып аталады. Біздің бұл жолғы әңгімеміз сол кездегі секретариаттағы үшеу туралы болмақшы.
ТАҒЫЛЫМ 11 қазан 2014 г. 1 373 0

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕДІ...

Адамның бойындағы жақсы қасиеттер туралы айтқанда әңгіме кейіпкері болып отырған азаматтың әрбір артықшылығы ойға оралары анық. Ал әңгіме әкең жайында болса ше? Ойыма ол кісінің тек жасаған жақсылықтары, адалдығы, ақкөңіл де ақпейіл мінезі оралады. Мен дәл осындай жанның өз әкем болғаны үшін тағдырыма мың алғыс айтамын. Жер қозғалса да, салмақты қалпынан бір танбай­тын сабырлы, жымиғаны жүрек жылытатын, ел­жанды азаматтың, әкем Болат Теміровтің фәни дүние­ден өткеніне де 15 жылдың жүзі болды. 1999 жыл­дың 22 қазанда елге сыйлы болған әкемнің кең­пейіл жүрегі мәңгі тоқтап, дүниеден өте барды...
ТАҒЫЛЫМ 11 қазан 2014 г. 1 375 0

БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІНЕ ЖЕТКЕН ЖАН

Соғыс және еңбек ардагері Оразалы Төлебаев ақсақал 1926 жылдың мамыр айында Сырдария ауданының Абай ауылында дүниеге келген. Әкесі Толыбайдан төрт жасында айы­рылып, балалық шағы жоқшылықта өткен ол 1945 жылы ақпан айында майданға аттаныпты.
ТАҒЫЛЫМ 04 қазан 2014 г. 1 123 0

ПЕРЗЕНТІҢЕ ПАНА БОЛ...

Асылзаттың өз қатарласта­рынан көп айырмашылығы жоқ-ты.
ТАҒЫЛЫМ 02 қазан 2014 г. 1 125 0

ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК

Бұрынғы өткен дана бабаларымыз «Заман өзгереді, оны да көз көреді» деген екен. Сол айтқандай, біздің халқымыз содан бері әртүрлі дәуірде қилы-қилы кезеңдерді бастан өткеріп, «мың өліп, мың тіріліп», егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекетке айналғанын көзіміз көріп отыр. Бұл туралы, өткен тарихымыз, ата дәстүріміз, тіл, дін туралы қасиетті Ұлытаудың төрінде отырып ой тербеген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы» деп түйіндеген еді. 
ТАҒЫЛЫМ 30 қыркүйек 2014 г. 1 703 0

ДОС РУХЫ ӨШПЕЙДІ

 Достықты жоспарлап, белгілі бір мақсатпен дос болу мүмкін емес, болған күнде де ол баянды бола бермейді.
ТАҒЫЛЫМ 27 қыркүйек 2014 г. 1 173 0

ӨНЕРМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР

Күмбірлеген киелі домбыра күңірене  толғануда. Бұрын шанақтан төгілген күй сөйлейді дегенге күмәнмен қараушы едім. Иесіне байланысты екен. Турасы адамына кездеспей жүр екенмін. Пернені бойлай жүгірген Мұрат  Сыдықов ағамыздың салалы саусақтарынан  жанарымды ала алмадым. Неткен құдірет. Осыншама асқақ дарынның қарапайым ауыл перзенті екеніне таңдандым.
ТАҒЫЛЫМ 27 қыркүйек 2014 г. 1 553 0

БӘЙТЕРЕК

Табиғатында бәйтерек көкке өрлей өседі, тамырын тереңге жібереді. Бұта біткен бәйтеректің көлеңкесінде қалады. Күміс қанат бүркіт атаулы тау басындағы шыршаларға қалықтай ұшып, биік жартасқа ұя салады. Боран-бұрқасынды шыбын шаққан құрлы көрмейді. Ата бүркіт балапандарының қанатын қатайтып, биік шыңдарға еркін ұшуын қадағалайды, шыңдайды.
ТАҒЫЛЫМ 27 қыркүйек 2014 г. 1 326 0

ҚАЛАМЫ СЕМСЕР СЕРКЕ ЕДІ

Құрбысы көп те теңі жоқ қайталанбас Құттыбаймен мен бала кезден таныс болатынмын. Біздің таныстығымызға оның "Торы” деген әңгімесі себепші болған еді. Бертін келе қаламдас та болдық, тоқырау кезінде тұрмыс тауқыметін тартқан тағдырлас та болдық. Атам қазақ "Адам адамды бірге жүргенде таниды екен” деп бекер айтпаған ғой. Бірге жүріп тұз-дәмдес болғанда Құттыбайдың өзгелерден оқ бойы оза шауып жүрген жүрісінің куәсі болдым.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 183 0

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Әлем тарихында алғаш рет дүниені дүр сілкіндіріп 1418 күнге созылған сұрапыл соғыс миллиондаған жазықсыз жандарға ажал құштырды. Қаншама жас қыршынынан қиылды, қаншама жан аңырап қалды. Жарықтық Жер-Ана Қасіреттен қабырғасы сөгіліп, қан жылап теңселіп кетті. Омыртқасы бекімеген бозбала «Отан үшін!» деп қара тажалға қасқая қарсы ұмтылды. Сол ұрыс даласында ұрандаған ұлы адамдар әкелерге деген ұрпақ парызының шегі де, шектеуі де жоқ.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2014 г. 1 294 0