Адамның аты – оның жарты тағдыры деген қағида бар. Өйткені адамның аты – оның ата-анасының қырандай қиялы, асқақ арманы, үкілі үміті, ақ тілегі, тәңірге, тағдырға аманаты. Тазагүл – атына заты сай қисынын тапқан қиял, орындалған арман, аманат, ақталған үміт. Ол ақылды, парасатты, білімді, зерек, зерделі, атынан ат үркетін, азуы алты қарыс азаматқа есесін жібермейтіндей жүректі, жігерлі, арлы, намысты азаматша болды.
ТАҒЫЛЫМ
21 қыркүйек 2017 г.
1 283
0
Сыр елінде, қала берді республика көлемінде Әлима Әбдіхалықованың есімін білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеспіз. Әлима апай десек, аймақтағы киелі білім шаңырағы – М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, колледжді айтсақ, Әлима Жақыпқызының есімі қатар аталатыны соншалық, тіпті екеуі егіз ұғымға айналып кеткендей. Оның өзіндік сыры да бар. Ғұмырының 40 жылдан астам уақытын педагогика саласына, оның ішінде аталған оқу орнының өсіп-өркендеуіне, дамуына арнаған ұлағатты ұстаз еңбегі шынында да ұшан-теңіз еді.
ТАҒЫЛЫМ
21 қыркүйек 2017 г.
764
0
Нөсер жасым қазадан,Тосын келген сынақ па?Қан қазақта таза адам,Шүкір айтқан шұнаққа.Сәке, қайда барасың?
ТАҒЫЛЫМ
19 қыркүйек 2017 г.
937
0
Серік екеуміз театрға бір уақытта келдік. Шығармашылық еңбекті де бірге бастадық. Алғаш рет Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлуын» қолға алып, жастармен сахнаға шығарған кезіміз болып еді. Міне содан бері елу жылдай уақыт өтіпті. Қаншама спектакльдерді сахнаға әкелдік. Серіктің қиялының ұшқырлығы сондай, сахналық шешімді сен күтпеген жерден, тың ойлармен ерекше қалыпта жасайтын. Оның сахналық эскиздерін, әрбір спектакльдерге жасаған макеттерін көркемдік кеңес мүшелері таң қала отырып, суретшінің еңбегіне сүйсіне отырып қабылдайтын.
ТАҒЫЛЫМ
19 қыркүйек 2017 г.
807
0
Жүрегімнің тыңдап алып әр соғысын жиі ұрған, Құрастырам қаралы сөз,жаралы өлең қиыннан. Сен кетті деп естігенде, естігенде жан аға Жылап өтті көз алдымнан он тоғыз бен жиырмам.
ТАҒЫЛЫМ
18 қыркүйек 2017 г.
954
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында «Әлемнің әміршісі – еңбек» екенін атап көрсетті. Онда халыққа еңбек етудің қажеттігін баса айтып, масылдыққа жол жоқ екенін жете түсіндірді. Бағдарламаның негізгі идеясы – еңбек адамының беделін көтеру, әлеуметтік жаңғырту арқылы еліміздің ертеңі үшін еңбекқор ұрпақты қалыптастыру, еңбек адамын құрметтеу.
ТАҒЫЛЫМ
18 қыркүйек 2017 г.
942
0
Мына өмірде қанша айтсаң да таусылмайтын, қайта айтқан сайын айтқың келе беретін адамдар болады. Ондай адамдар өздері өмірден өтсе де, арттарында саналы ғұмырында жасаған игі істері қалады. Сондай жандардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, сатирик, журналистиканың көптеген жанрларына қалам тартқан публицист, мықты көсемсөз шебері, СССР және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Жүніс Шәукебаев екенін айта кеткеніміз жөн.
ТАҒЫЛЫМ
16 қыркүйек 2017 г.
735
0
Газет тігінділерін парақтап отырып, өзім ұйымдастырған «Табиғат дауысы» (Голос природы) газетінің ең бірінші саны (05.06.2001ж.) қолыма түсті. Басылымның бұл қадамы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі мен облыс әкімінің сәттілік тілеген құттықтауларымен ашылып, «Ер есімі – ел есінде» дегендей, «Ол ерекше жан еді» тақырыбымен берілген ең алғашқы мақалада:
ТАҒЫЛЫМ
16 қыркүйек 2017 г.
853
0
Қай жерде жүрсе де халықтың құрметіне бөленетін адамдар болады. Оларды жұртшылықтың ықыласына бөлейтін ең бірінші адамгершілік қасиеті болса керек. Ал адамгершілікке қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық, еңбекқорлық, сыпайылық, мәдениеттілік секілді тағы да басқа көптеген жақсы қасиеттер жатады. Өткен маусым айында 99 жасында өмірден өткен, еңбегін ел мойындаған қоғам және мемлекет қайраткері Сейдулла Оспанов ағамыз осындай жандардың қатарынан еді. Ағамызды Қызылорда облысы тұрғындары ғана емес, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы да құрметтей білді. Аға ұрпақ өкілдері жақсы білетін С.Оспанов кім еді, халыққа қандай қызметі, еңбегі сіңді, соған тоқталып өтелік.
ТАҒЫЛЫМ
14 қыркүйек 2017 г.
691
0
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткізілетін іс-шаралардың басы-қасында Тұңғышбай Шалтақбайұлы жүреді. Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өзінің ой-пікірін ортаға салып, кейінгі буын жастарға кеңес беріп, ұйымдастырылатын іс-шараның белсенді мүшесі ретінде өзін көрсетіп, осы уақытқа дейін азаматтық қорғау органдарында еңбек етіп жүрген Тұңғышбай ағай әлі де тың, кейінгі буынға берері көп ардагер.
ТАҒЫЛЫМ
13 қыркүйек 2017 г.
620
0