АЛҒАШҚЫ ЭКОЛОГ

Газет  тігінділерін парақтап отырып, өзім ұйымдастырған «Табиғат  дауысы» (Голос природы) газетінің ең бірінші саны (05.06.2001ж.) қолыма түсті. Басылымның бұл қадамы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі мен облыс әкімінің сәттілік тілеген құттықтауларымен ашылып,  «Ер есімі – ел есінде» дегендей, «Ол ерекше жан еді» тақырыбымен берілген ең алғашқы мақалада:
«Облысымыздағы Арал өңірінің экологиясы жанға батар ащы  шындық екені кез - келгенімізге белгілі. Әрине осы аймақтың арнайы экологиялық зардап аймағы болып мойындалуының өзіне қаншама азамат еңбегін сіңірді. Сондай жандардың бірі – (биыл 85-ке келер еді) Елтай Байназарұлы Тыныштықбаев. Ол – Арал өңірінің экологиялық зардап аймағы болып танылуы үшін ерекше еңбек сіңірген жан. Әсіресе Арал, Балқаш мәселелері бойынша қоғамдық комитетте  қызмет атқара жүріп, Арал өңірі экологиясын жақсарту мақсатында маңдай терін аямай төкті. Бүкіл білімін, қуат күшін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сарп етті» – деп айшықталыпты.  Бұл терең ойлағанда орынды да еді. Себебі, Елекең Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1988 жылдың 7 қаңтарындағы №32 қаулысына сәйкес 1988 жылдың 26 қазандағы облыстық Кеңес атқару комитетінің №404 шешімімен облыста жаңадан құрылған экология саласындағы қызмет – Қызылорда облыстық табиғат қорғау комитетінің алғашқы басшысы болатын.
Экология саласына Елекең басшылық жасаған жылдары облыстың шаруашылық салаларын дамытуға арналған «Арал-2006» бағдарламасы дүниеге келіп, ол негізінен экономиканы экологияландыру бағытында жүзеге асырыла бастады. Сол жылдары, әсіресе 1992 жылы тікелей Елтай Байназарұлының басшылығымен дайындалып, наурыздың 25-де қабылданған №280 «Арал аумағындағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экология¬лық жағдайын жақ¬сарту жөніндегі шұғыл шаралар туралы», 4 қыр¬күйекте күшіне енген «Қармақшы, Жалағаш аудандарын, Ленинск қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағын сумен қамтамасыз ету туралы» №743 және 1992 жылдың 17 желтоқсан №1057 Қаулысымен Қызылорда облысы Экологиялық зардап аймағы болып табылған Үкімет қаулыларының облыс аймағын экологиялық сауықтыру бағытындағы аса маңызды болғанын ерекше атап айтқан жөн. Сонымен бірге, осы жылдары экология басқармасы арқылы дайындалып, облыс әкімшілігі тарапынан қолдау тауып жүзеге асырыла бастаған «Жасыл өлке», «Ауыз су», «Экология», «Денсаулық» сияқты бағдарламалар жұрт¬шылық арасында келешектен үлкен үміт күттірді.
1991 жылдың басында Арал мен Арал аймағына байланысты Республикалардың Жоғарғы  Кеңестері және КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі 2 млрд 605 млн сом ақша бөліп, «Арал» консорциумын құрды. 1992 жылы Арал апатының ¬зардаптарын жою жөніндегі шараларды заңдылық тұр¬ғыда  қамтамасыз етуде үлкен серпіліс ¬болып, Республика Жоғарғы Кеңесінің ¬   С.Әбділдин басқарған екі бірдей сессиясында осы мәселе қаралып, Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Бұл маңызды құжаттар бойынша, мысалы өңірдегі негізгі кәсіп балық өндіруді 1993 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 24 мың тоннаға жеткізу үшін тоғанды су қоймалары мен көлдерді таза сумен қамтамасыз етіп, оларды қайта жөндеу сияқты мелиоративтік жұмыстар қолға алына бастады. Жануарлар дүниесін қорғау және молайту бағытында Жоғарғы Кеңестің экология және табиғат қорын пайдалану жөніндегі Комитеті мен осы аттас Министрлікке Қызылорда облысы жерінен республикалық дәрежеде 6 қорық: Құланды-Телікөл – ақбөкен жайылымдық, Қызылқұм – қарақұйрық  мекені, Қамыс¬ты¬бас көлі – балық түрлерін сақтай¬тын бірден-бір су айдыны, Қандыарал – көл жүйелерін сақтау, Қарғалы – өсімдік түр¬лерін сақтап көбейтуге қолайлы аймақ¬тарды ашу жөнінде негізделген ұсыныстар жолданды.
Сол кезде облыста жұмыс жасап тұрған 350 бу қазандықтары тексеріліп, оның 85 пайызында газ тазалағыш қондырғылары орнатылмай, кәсіпорындарда ведомство¬лық бақылаудың жоқтығы анықталған. Теңіздің кепкен ұлтанынан көтерілген тұз¬ды шаң-тозаң нәтижесінде 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда дәнді дақыл¬дардың өнімі 12, күріштің өнімі 8,8 пайызға төмендегені анықталып, «Арал-2006» бағдарламасында осы мәселелерге орай нақтылы шаралар белгіленді.
1988-1990 жылдары жинақталып, ¬Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Түркмен¬стан¬ның ғарышты зерттеу орталық¬тары¬ның гидрометеорологиялық институттары мен жердің жасанды серігі «Ресурс-01»-нің көмегімен түсіріліп, 1992 жылы баспадан шыққан «Арал өңірінің экологиялық картасы»-нда Елекең ағаның маңдай  терінің ізі қалған.
Бұлар 1993 жылдың ¬маусымына дейінгі экология саласындағы Елтай Байна¬зар¬ұлының мен білетін атқарған кейбір ғана игі істері. Шынында да өмірінде білімді, тумысында мінезге бай адам қашанда сенімді қызмет атқарады. Маған дейін экология саласында қызметтес болған Қырымов Досхана ағамыздың айтуынша, Елекеңе жағымпаздық, жалтақтық жат еді. Әрқашан әділ басшы, ізденімпаз, адал ниетті аға болды. Басқалардан да соны талап етті. Білікті кадрларды жұмысқа тартып, оқытып үйрету арқылы тұрақты экология мамандарын қалыптастырды. Ол тірлікте биік мансап, атақ-даңқты елең қылмағаны секілді, дүниеқорлықты да тәрк еткен адам еді. Алдына мұқтаждықпен келгендерді жылы қабылдап, байыпты тыңдап, қолдан келіп жатса мәселесін шешіп, көңілдендіріп жіберетін...
Бұдан басқа да, Республикамызға танымал, бұрынғы партия, Кеңес қызметтерінде басшылық қызмет атқарған, қазір «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғам¬дық бірлестік жетекшісі, тереңөзектік Алма¬гүл Божанова Елекең жөнінде: – облыстық ауыл шаруашылығын басқара жүріп, егін-мал шаруашы¬лығы өнімдерін арттыру, ауыс-палы егістің агро¬техникалық шараларын қатаң сақтау, жердің құнарлылығын арттыру, су шаруашылығын тиімді пайдалануына баса назар аударды», десе, қызметтес болған Қармақшы ауданының құрметті азаматы Нұртілеу Салықов: «Кезінде облыстық партия комитеті мен облыстық Кеңес атқару Комитетінің суды тиімді пайдаланудағы жарыс-конкурстарының бірнеше рет жеңімпазы Елтай Байназарұлы бастаған қармақшылықтар болғанын аудан тұрғындары бұл күндері үлкен сүйіспеншілікпен айтып отырады», – деп еске алады.
Елтай Байназарұлы қоғамдық жұмыс¬тарға белсене араласып, халық депутаттары Кеңесінің облыстық және аудандық депутаты болып бірнеше рет сайланғаны ел есінде. Туған елі мен жері үшін еткен еңбегі елеусіз қалмай, ол екі рет «Құр¬мет белгісі» орденімен және Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Алғашқы еңбек жолын «Казгипроводоэлектро» ¬экспедициясында техник ретінде 1957 жылы бастаған. Мұнан соң 1959-1971 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Облком инспекторы, ме¬лио-рация және су шаруашылығы жүйесінде әртүрлі қызметтерді де ойдағы¬дай атқарды. Қолынан іс келетін азамат 1971-1975 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 1975-1980 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Қармақшы аудан¬дық комитетінің екінші ¬хатшысы қызметтерінде болып, мұнан соң бір¬неше жыл қатарынан облыстық ауыл¬шаруа¬шылық басқармасын басқарған, 1986 жылы облыстық агроөнеркәсіп коми¬теті төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екі жылға жуық еңбек еткен... Иә, халыққа қызмет ететін әр азаматтың өзінің биігінен төмендемегені қандай жақсы!
Бұл қызметтердің Елтай Байназарұлына қаншалықты қиын міндеттер артқанын бастан кешкен адам ғана түсіне алады. Уақытпен санаспай еңбек ету, жылдың қай мезгілінде болсын науқандық жұмыстан аяқ алып жүргісіз кездер, табиғаттың дүлей күшіне ұшыраған адамдар, сусыз қалған күрішшілер мен мал отарын алып қалу үшін жанталасқан күреске толы күндер, қыстың қақаған аязында трактормен отарларды аралаған тынымсыз түндер, кейде жаяулап та қар кешіп, уақытпен санаспайтын мезгіл – бүгінде біреуге ертегі-елестей болса, біреуге өткен өмір деректері.
Сондықтан да біздің – экология саласы ардагерлері атынан айтпақ болып отырған сауалымыз: Тереңөзек, Қармақшы аудан әкімшіліктері, облыстық ауыл шаруашылығы, экология басқармалары қолдауымен Е.Тыныштықбаевтың есімін ел есінде қалдырудың іс-шаралары ойлас¬тырылса деген ұсыныс.

Қуанышқали ШАПШАҢОВ,
Қызылорда облысының құрметті қайраткері.
ТАҒЫЛЫМ 16 қыркүйек 2017 г. 853 0