«Бір бригада апта бойы ашқұрсақ жүргенбіз»

«Бір бригада апта бойы ашқұрсақ жүргенбіз»

Әскер – әрбір ер азамат үшін өмір мектебі. Отансүйгіштік отбасынан басталатынын ескерсек, оған ананың мейірімінен бөлек, әкенің айбаты тірек болмақ.
ҚОҒАМ 08 мамыр 2020 г. 1 162 0
Шекараның қырағы күзетшісі

Шекараның қырағы күзетшісі

 Әскери қызметтің маңызды саласының бірі – кинология болса, шекараны қорғауда да төрт аяқты «тәртіп сақшыларының» қырағылығы қиындықты дер кезінде шешіп, заңсыздықтың әшкереленуіне жол ашады.  «Жанқожа батыр атындағы» шекара заставасында 10 жылдан астам қызмет кеткен Бахтияр Әбдірейімов ақылды жануарға сенім артуға болатынына әбден көз жеткізген. Тәжірибелі маман  келісім-шарт бойынша қызметтік иттер тобының аға нұсқаушысы, топ бастығы болып қызмет атқарады.
ҚОҒАМ 08 мамыр 2020 г. 1 449 0
Бағытыңнан тайма, «Жас сарбаз»

Бағытыңнан тайма, «Жас сарбаз»

Ер азамат – отбасының да, Отанның да қорғаны. Сондықтан оларға құрмет бөлек, талап зор. Бірақ оларға өзгені де, өзін қорғауы үшін де намысын жаныған мақсат, табандылық пен тас түйін дайындық қажет. Бүгінде елімізде жігерлі жас жігіттердің күші мен энергиясын жаңа бағытқа бұрған «Жас сарбаз» жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы жұмыс істейді.
ҚОҒАМ 08 мамыр 2020 г. 1 283 0
«Індет ешкімді аямайды»

«Індет ешкімді аямайды»

Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас мейірбикесі Тұрғаш Дәнееваның жұмыстан үйіне қайтпағанына бір айдан астам уақыт болды. Жолдасы мен балаларын қатты сағынғанмен, амал жоқ. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі анықталған күннен бастап ол өзге әріптестерімен бірге күні-түні тынбай жұмыс істеп жүр. Өйткені бұрын-соңды тәжірибеде кездеспеген аурумен күресу оңай емес.
ҚОҒАМ 05 мамыр 2020 г. 1 363 0
«Алғыстан басқа айтарымыз жоқ»

«Алғыстан басқа айтарымыз жоқ»

Дүние жүзіне тараған коронавирус індеті біздің елімізге де келе бастағанда «қалай болар екен?» деп уайымдағанымыз рас.  Бірақ «бізге жете қоймас» деген ой басым болды. Осылайша бейқам жүргенімізде  аты жаман ауру біздің ауылға да жетті. Әдепкіде онша елемеп едік, кейіннен қорқып қалдық. Ауылда 44 адам ауруға шалдықты, жүзден астамы олармен қарым - қатынаста болып, оқшауланды. Ауылымыз тұтастай карантинге жабылды. Аудан, облыс орталығымен қатынас тоқ­тады. Тұрғындар көшеге де шықпайтын болды. Ауылға кіреберіске тосқауыл бекеті қойылып, ешкімнің сыртқа шық­пауы, сырттан кірмеуі қатаң қадағаланды. Қамсыз отыр­ған ауыл тұрғындары үшін бұл жағдай оңай болған жоқ. Бірақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қиын сәтте бізді көп болып қолдады. Облыс, аудан орталығынан тиісті сала мамандары, медицина қызметкерлері  келіп, тұр­ғындарды сабырға, төтенше жағдай талаптарын орындауға шақырып, ақпараттық, түсін­дірме жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Алғашқы науқас тіркелісімен-ақ, ауылда тынымсыз тірлік басталып кетті. Бар үмітіміз ең алдымен ақ халаттыларда болды.  Індет ілмегіне іліккендер мен олармен байланыста болғандарды жедел жәр­дем көлігімен ауданға, облыс орталығына алып кетіп жатты.
ҚОҒАМ 05 мамыр 2020 г. 1 075 0
Өнер – халықтікі, өнерпаз – оның жаршысы

Өнер – халықтікі, өнерпаз – оның жаршысы

Күллі елдің басына түскен жағдай өнер адамдарының жүрегіне түсті.
ҚОҒАМ 05 мамыр 2020 г. 1 079 0
Бапкер бақыты

Бапкер бақыты

Евгенийді қазақшаға мұншалықты жетік деп ойламаған едім. Даусын созып «Ассалаумағалейкум!» деп нақышына келтіріп сәлемдесті. Аузын ашса, жүрегі көрінетін қазақы қалыппен хал-жағдайымды, отбасымның амандығын сұрағанда бұрын-соңды жүздеспеген осы азаматты жақын тартып қалғандаймын.
ҚОҒАМ 01 мамыр 2020 г. 1 247 0
Татулығы жарасқан

Татулығы жарасқан

Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылында сан ұлт өкілдері тұратыны бүкіл елге белгілі. Бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналған ауыл – көпшілікке осы ерекшелігімен үлгі. Ауыл – татулығы жарасқан ағайынмен сәнді. Мұнда тұратын әр отбасы бірлік пен ынтымақты, ауызбіршілікті ту еткен.
ҚОҒАМ 01 мамыр 2020 г. 1 459 0
«Бір күні қазақша мақала жазамын»

«Бір күні қазақша мақала жазамын»

Кирилл Денисов есімі көпшілікке «Кызылординские вести» газеті арқылы таныс. Ұлты орыс болса да, қазақ тіліне жүйрік. Айтуынша,  қазақ тілін көшеде жүріп үйренсе керек.
ҚОҒАМ 01 мамыр 2020 г. 1 388 0
«Құрт пен бауырсақты  сағындым»

«Құрт пен бауырсақты сағындым»

  Жақында әлеуметтік же­ліге жүрек тебірентерлік бей­нежазба шықты. Бас-аяғы 2 минутқа жетпейтін жіптіктей баянда шешен қызының әңгімесі «Құрметті қазақ достарым! Біздің түріміз бөлек болғанмен, сіздер бізге бауырсыздар» деп басталады. 
ҚОҒАМ 01 мамыр 2020 г. 1 317 0