« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дүние жүзіне тараған коронавирус індеті біздің елімізге де келе бастағанда «қалай болар екен?» деп уайымдағанымыз рас. Бірақ «бізге жете қоймас» деген ой басым болды. Осылайша бейқам жүргенімізде аты жаман ауру біздің ауылға да жетті. Әдепкіде онша елемеп едік, кейіннен қорқып қалдық. Ауылда 44 адам ауруға шалдықты, жүзден астамы олармен қарым - қатынаста болып, оқшауланды. Ауылымыз тұтастай карантинге жабылды. Аудан, облыс орталығымен қатынас тоқтады. Тұрғындар көшеге де шықпайтын болды. Ауылға кіреберіске тосқауыл бекеті қойылып, ешкімнің сыртқа шықпауы, сырттан кірмеуі қатаң қадағаланды. Қамсыз отырған ауыл тұрғындары үшін бұл жағдай оңай болған жоқ. Бірақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қиын сәтте бізді көп болып қолдады. Облыс, аудан орталығынан тиісті сала мамандары, медицина қызметкерлері келіп, тұрғындарды сабырға, төтенше жағдай талаптарын орындауға шақырып, ақпараттық, түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Алғашқы науқас тіркелісімен-ақ, ауылда тынымсыз тірлік басталып кетті. Бар үмітіміз ең алдымен ақ халаттыларда болды. Індет ілмегіне іліккендер мен олармен байланыста болғандарды жедел жәрдем көлігімен ауданға, облыс орталығына алып кетіп жатты.
Залалсыздандыру жұмысының өзіне әскерилер көптеп тартылды. Көрші облыстан, ауданнан да әскерилер арнайы көліктермен келіп, ауыл түгел залалсыздандырылды. Әскери қызметкерлердің де еңбегі орасан зор болды. Мұндай жағдайда басты шарт – тәртіпке бағыну. Осы орайда әскерилер бір адамның сыртқа аттап баспауын қатаң қадағалады. Күндіз-түн демей өз міндеттерін мінсіз орындады. Соның арқасында ауылда тәртіпсіздік орын алған жоқ.
Тұрғындар қандай жағдай болмасын бір-біріне көмектесуге әзір еді. Аудан, ауыл әкімі тарапынан тұрмысы төмен отбасыларын қолдау шаралары ұйымдастырылды. Ауылмен қатынас тоқтағандықтан азық-түлік, дәрі-дәрмектер тосқауыл бекеттеріне дейін жеткізіліп, әрі қарай үйлерге таратылды. Өзге аймақта, ел ішінде жүрген ауылдан шыққан азаматтар да қоғадай жапырылып көмек қолын созды. Олар өз қаржыларына азық-түлік сатып алып, оны көпбалалы отбасылары мен мұқтаж жандарға үлестірді. Атап айтқанда, ауылдағы «Төңкеріс» ұжымы ұн, күріш таратса, мал сойып, етпен қамтамасыз еткендері де болды. Сонымен бірге ауылдың ерікті жастары да ақша жинап, көмектерін ұсынды. Құдайға шүкір, ел ішінде жүрегі мейірімге толы, қолы ашық, пейілі кең жомарт жандар баршылық ғой. Әлі күнге дейін қайырымды жандардан көмектер көрсетілуде. «nur otan» партиясы мен аудан әкімдігінің беріп жатқан көмегі өз алдына. Олар азық-түлікпен қатар, қорғаныш құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде індет жұқтырған азаматтар аурудан айығып, отбастарына оралып жатыр. Күдікпен карантинге жатқызылғандар да үйлеріне келуде. Бұл, әрине, дәрігерлердің еңбегі екені белгілі.
Ең бастысы, басымызға түскен сындарлы шақта біз өзіміздің жалғыз емес екенімізді түсіндік, көптің тілеуін, қолдауын сезіндік. Сол себепті де ауылдастарымның атынан алғыс айтамын. Енді аз күнде ауылымыз карантиннен шығады деп отырмыз. Еліміз, халқымыз аман болып, қиындықтың бәрі артта қалсын деп тілеймін.
Құрманбек ҚАРАКЕЕВ,
Ш.Қодаманов ауылының тұрғыны,
еңбек ардагері.
Шиелі ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |