« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Жақында әлеуметтік желіге жүрек тебірентерлік бейнежазба шықты. Бас-аяғы 2 минутқа жетпейтін жіптіктей баянда шешен қызының әңгімесі «Құрметті қазақ достарым! Біздің түріміз бөлек болғанмен, сіздер бізге бауырсыздар» деп басталады.
Одан әрі:
– Қасиетті Сыр елі қиын кезде біздің бабаларымызға пана болды. Сіздерге деген ықыласымыз айрықша. Біз осы уақытқа дейін ақ құрт пен сары бауырсақтың дәмін, қазақ домбырасының үнін жүрегімізге сақтап келеміз. Сыр бойының халқына шексіз алғысымды айтамын. Арамыздағы сыйластық арта берсін, – деп лебізін қазақша жеткізді.
Ойын орыс тілінде жалғап:
– Мен құрмет тұтатын қазақ халқым. Сіздерге бақытты балалық шағым үшін, адамзаттың барлығын туған бауырдай жақсы көруді үйреткеніңіз үшін рахмет!– деді.
Оның көңіл айнасы – көзінен туып-өскен жерге деген сағынышы байқалады. Жүрекжарды тілегін бастауыш сыныпта оқып жүріп қазақ тілінен пәндік олимпиадаға дайындалғанда жаттаған өлеңімен қорытындылады.
– Қазақстан дейтін менің
бар елім,
Жатыр алып жарты
дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға
ту алған,
Бұл даланы көріп
алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда
жоқ арман!
Әлеуметтік желіде тарихи Отандарына қоныс аударған өзге ұлттардың қазақ еліне алғыс айтқан мұндай жазбалары жиі жарияланады. Қиын-қыстау кезеңде ұлы даладан пана тапқан ата-бабалары қазақ халқына құрмет көрсетуді ұрпақтарына айтып кеткен. Тарихқа зер салсақ, депортация жылдарында шешен ұлты да көп қиындық көрді. Бейнежазба кейіпкері туралы деректерді іздестіруге облыстық ассамблеядағы әріптесіміз Әсел Абзал көмек көрсетті.
Оның аты – Марема Исламқызы Губанова. 1992 жылы Жосалы қыстағында дүниеге келген. Сондағы 250 мектеп-лицей түлегі. Алматы медицина институтында оқыған. Қазір отбасымен Шешенстанда тұрады. Серноводск аудандық ауруханасында еңбек етеді әрі Горск аграрлық-техникалық университетінде сырттай оқиды.
Сан ұлтқа саялы бәйтерек болған Сыр еліне сағынышын жеткізген Маремаға біз де туған жердің сәлемін жолдаймыз.
« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |