Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгенмен жұмысын тоқтатпағандар қатарында орманшылар да бар. Туған өлке табиғатының жанашырлары саналатын мамандық иелері көктемгі көшет отырғызатын кезеңді тиімді пайдаланып қалуға бар күштерін салуда. Бұл істе «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы айтарлық нәтижелі жұмыстар атқаруда.
ҚОҒАМ
27 сәуір 2020 г.
1 008
0
1988 жылы «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысты ұйымдастырып, 1991 жылы Семейдегі полигонды жабуға қол жеткізген белгілі ақын әрі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов халқымыздың ұлттық мақтанышы. 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін халқымызды қаралау жүріп жатқан жылдары Мосвкадағы «Останкино» теледидары ұйымдастырған О.Сүлейменовтің жыр кешінде ақынға мынадай арандатушылық сұрақ қойылды:
ҚОҒАМ
25 сәуір 2020 г.
8 222
0
Кейбір дерек бойынша бүгінгі таңда бүкіл жер жүзі халқының үштен бірі немесе 2,6 млрд адам карантинде. Алайда, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Covid-19 індетінің таралуын тоқтату үшін көптеген елде енгізілген карантин шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің еселеп артуына ықпал еткенін мәлімдеді.
ҚОҒАМ
23 сәуір 2020 г.
693
0
Қазір қауіпті кеселдің бетін қайтару басты назарда тұрғаны әмбеге аян. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан атқарылып жатқан толағай тірліктерге қоса көптеген азаматтар да аты жаман індетке қарсы күресте белсенділік танытуда. Олардың қатарында түрлі мамандық иелері, еріктілер мен кәсіпкерлер де аз емес.
ҚОҒАМ
21 сәуір 2020 г.
632
0
Əлем карантин тəртібіне көшкендіктен қазір көптеген қызмет түрлері онлайн форматта көрсетілуде. Сəйкесінше адамдар қашықтан жұмыс істеу режіміне ауысты. Алайда бұл коронавирустық пандемияны хакерлер өмір бойы күткендей əсер қалдырады. Неге десеңіз, Google компаниясы бір аптаның ішінде COVID-19-бен байланысты 18 млн-нан астам жалған хабарлама мен зиянды бағдарламаны анықтаған. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық жүйелеріне бір тəулікте 2 мыңнан аса кибершабуыл жасалды. IT мамандары мұндай үрдіс бұрын-соңды болмағанын айтады. Осылайша жұқпалы індет қоғамның осал тұстарын бірінен соң бірін аша бастады.
ҚОҒАМ
19 сәуір 2020 г.
693
0
Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2020 г.
597
0
«Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» дейді халқымыз. Басынан өткесін, көзімен көргесін айтқан. Небір нәубетпен бетпе-бет келген қазақ едік. Соның бәрінде бір үйден өргендей, бір киім кигендей бірлікпен жеңгенбіз. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық» деген нақыл – сол кезден қалған ұран.
ҚОҒАМ
16 сәуір 2020 г.
629
0
Қала іргесіндегі Ж.Махамбетов ауылындағы жылыжай алғашқы өнімін бере бастады. Екі гектар аумақты алып жатқан нысан өткен жылдың аяғында іске қосылған. Кешен күніне 10 тонна өнім беруге қауқарлы. Бүгінде жиналған қияр көршілес елді мекендер мен Қызылорда қаласына жеткізілуде.
ҚОҒАМ
16 сәуір 2020 г.
846
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде қандай ауыл шаруашылығы өнімдерін квота бойынша экспорттауға болатыны және қандай азық-түлік тауарларын елден шығаруға толық тыйым салынғаны туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ
13 сәуір 2020 г.
501
0
Еңбек етіп, табысқа жетіп жатқан жастар қатары күн санап артып келеді. Мемлекет те оларға қолдау көрсетуде. Бірінің ісін дамытуға мүмкіндік берсе, бірінің жобасын құптайды. Сондай жастардың бірі Жаңақорған ауданында тұрады. Ол – Айдана Қаниева.
ҚОҒАМ
11 сәуір 2020 г.
658
0