« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазір қауіпті кеселдің бетін қайтару басты назарда тұрғаны әмбеге аян. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан атқарылып жатқан толағай тірліктерге қоса көптеген азаматтар да аты жаман індетке қарсы күресте белсенділік танытуда. Олардың қатарында түрлі мамандық иелері, еріктілер мен кәсіпкерлер де аз емес.
Арал ауданында кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық жасауды қолға алған болатын. «Садақаны сауда бер!» қағидасын ұстанған дархан пейіл қанға сіңген дағды екені тағы рас. «Жақсының жақсылығын айт...» демекші, жомарт жүректі жайсаң жандарды оқырманға паш етсек.
Облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Жұмашев аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратып, тұрғындарға 5000 дана бетперде үлестірді. Ал облыстық, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер Қадірберген Бедер мен Ақыл Сәдуақасова, жеке кәсіпкер Қуанышбай Ердіқалықов мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпкер Төребек Игіліков тұрмысы төмен отбасыларына балық шабақтарын таратып, Нұрсұлтан Ақмұрзаев аудандағы блок-бекеттердегі жауапты қызметкерлерге сусын үлестірді. Еріктілер мен кәсіпкерлер бекет басындағы азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді.
Мұндай ізгі шаралар кент, ауылдық округтерде жалғасып, мұқтаж отбасыларды демеу мақсатында азық-түлік өнімдерімен қамтуда. Кеселдің тарауына байланысты тұрғындар арасында жеке қорғаныс құралдарына да сұраныс артқаны белгілі. Індеттің алдын алуға және бетперде тапшылығын болдырмауда ауданымыздың тігін шеберханалары мен білім беру ұйымдары ұйымшылдықпен әрекет жасауда. Жеке кәсіпкер Индира Жұмашева мен Фатима Сәрсенбаева тігін шеберханаларында тігілген бетперделерді көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін таратты. Осынау ізгі бастаманы аудан еріктілері мен №14, 13, 83, 220, 262, 71 мектеп ұжымдары, Арал индустриалды-техникалық колледжі жалғастырып, қолдан бетперде тігіп, аудан тұрғындарына үлестірді. Осылайша аралдықтар уақытша қиындыққа қарсы күресте көп болып жұмылуда.
Арал ауданы.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
«Сыр бойы» .
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |