ТАҒЫЛЫМ
12 қыркүйек 2017 г.
1 127
0
(Рельс үстінде көл жатты немесе 40 жыл бұрынғы оқиға)
ТАҒЫЛЫМ
09 қыркүйек 2017 г.
631
0
Ел басына күн туған заманда жауға қарсы тұрып, қайсарлық танытқан аталарымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Қазақ қашаннан баба ерлігін ұрпақтан ұрпаққа өсиеттеп отыратын халық. Әрбір қазақтың бойында елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктің лебі есіп тұратындығы да сондықтан болса керек.
ТАҒЫЛЫМ
09 қыркүйек 2017 г.
777
0
Бұқаралық ақпарат құралы өкілі болғандықтан түрлі басқосуларда жиі болып тұруға тура келеді. Ондай жиындарға ардагерлердің де қатысатын кезі көп болады. Сондай да ақсақалдарымыздың арасынан үнемі бір кісіні іздейтінмін. Ол кісінің қатысып отырғанын көрсем неге екенін білмеймін бір серпіліп қалатынмын. Мүмкін ардагердің өзгелерден ерекшелендіріп тұратын шындықты бетке айтатын батылдығы, екі тілде еркін сөйлеп, келелі мәселелерді басшыларға кібіртіктемей жеткізетін батырлығы секілді қасиеттері әсер еткен болар. Алайда, бір өкініштісі, енді оны ешқашан да көре алмаймыз. Өйткені, біз айтып отырған Шайхислам Серікбайұлы осыдан бір жылдай уақыт бұрын дүние салған еді.
ТАҒЫЛЫМ
09 қыркүйек 2017 г.
647
0
Былайғы жұрт бұл кісіні Федя ағай дейді. Бұл есімді осыдан 50 жыл бұрын тереңөзектіктер Фанавей Батыровқа берген екен. Туған жері Башқұртстанның Балташ ауданы болғанымен, жиырма жасында Қазақстандағы нағашы жұртына келіп, өсіп өнген Федя ағай зейнетке шыққанша адал еңбекті серік етті. Оның кәсібі — фотограф.
ТАҒЫЛЫМ
08 қыркүйек 2017 г.
945
0
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болатынын айтып өтеді.
ТАҒЫЛЫМ
07 қыркүйек 2017 г.
1 592
0
Сыр елі – сүлейлердің бесігі. «Сырға барып жыршымын деме» дейтін сөздің астары соны айғақтап тұр. Тәңіршілдік пен Ұмай анаға бас иген түркі өркениетінде «сүлей» сөзі «соғыс құдайы» деген мағына береді екен. Қобыз бен домбыраның құдіреті бұл атауды «өнер құдайы» деген мәнге ауыстырған. Шынында қара бұлтты көшіріп, жаңбыр төктірген қобыз үнінің қасында мылтықтың дауысы ешкімді селт еткізбес еді. Ал, ұлының қазасы үстінде көзін қан қаптаған Шыңғысханға жан адамның дәті жетпеген жаманатты сайрап тұрып жеткізген домбыраның алдындағы қарудың қауқары қайсы?!
ТАҒЫЛЫМ
29 тамыз 2017 г.
2 546
0
Мемлекет тәуелсіздігіне қол жеткізу, оның негізін қалау түсінген адамға оңай шаруа емес. «Тәуелсіз ел болдық» деп бөркімізді аспанға атып қуану айтар ауызға жеңіл дүние болғанымен, шынайы экономикалық және ұлттық тұрғыдан Тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстан үшін оңай болған жоқ. Көк байрағымыздың биік желбіреп, төрткүл дүниеге дербес ел атанғанымызды нақты іспен көрсету үшін ұлтжанды азаматтар тоқсаныншы жылдардың басында жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігіне ие болған 1991 жылдары ең алғашқы Қазақстан Үкіметін басқарып, тәуелсіздіктің қазығын тереңге батыра қаққан азаматтардың көшбасында Ұзақбай Қараманов болды. Саналы ғұмырын Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жұмсаған тұлғаның өмір жолына көз салған адам ел Тәуелсіздігінің шежіресін оқып отырғандай күй кешеді. Иә, дәл солай. Бұл – артық-кемі жоқ, ешқандай әсіре-қызылсыз, боямасыз айтылған шын сөз.
ТАҒЫЛЫМ
24 тамыз 2017 г.
863
0
Ой тұманына тұмшалана отырып, қолыма қалам алғанмын. Құдайбергенқызы Бибігүл ұсынған жазбаларды парақтай отырып, марқұм Құдайберген Нұрболатов жүрген соқпақты да тоқпақты өмір жолы көз алдыма көлбеңдей тұрды. Елі кемел, жері киелі, қойнауы қазына Арал топырағынан талай тектілердің нәр алып, ел еңсесін тіктеуіне орасан зор үлес қосқандарын санамалап айту әсте мүмкін емес. Солардың бірі, бірі ғана емес бірегейі, сөзі уәлі, ісі ұлағатты болған, бітім-болмысы бөлек тұлға – Құдайберген Нұрболатов болатын. Әттеген-ай, бүгінде 70 жастың желкесіне мініп, бала-шағасының қызығына кенеліп отыратын ол мәңгілік сапарға мезгілсіз кетті. Бірақ тектен-тек кеткен жоқ, артында өлмейтұғын сөз, өшпейтұғын із қалдырды. Кеткісі де келген жоқ, өмір мен өлім арпалысына түсті.
ТАҒЫЛЫМ
22 тамыз 2017 г.
912
0
Қазалы ауданы облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасына байланысты шараларды жоғары деңгейде орындап келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін осы жылдың жеті айында 830 кәсіпкерге өз кәсібін ашу үшін 2320 кеңес берілген. Мұнан өзге, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша бүгінгі күнге дейін 93 қазалылық біліктілігін жетілдірсе, 110 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді. Қызмет алушылардың басым бөлігі бухгалтерлік қызметке жүгінген. Қазіргі таңда ауданда 4094 шағын кәсіпкерлік субъектісі есепке алынып, 2536 жеке кәсіпкер, 469 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Жыл басынан жаңадан 380 кәсіпкер тіркелген. Осы кәсіпкерлік саласы бойынша ауданның 8719 тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр. Қазалы ауданындағы тіршіліктің тынысы тым бөлек. Әсіресе кәсіпкерлердің өз өнімін өндіруге, өңдеуге деген ықылас-пейілі ерекше.
ТАҒЫЛЫМ
21 тамыз 2017 г.
1 158
0