Хұсейн ӘМІР-ТЕМІР:  «Театрдың миссиясы –  адам жанын руханияттың  күшімен тазалау»

Хұсейн ӘМІР-ТЕМІР: «Театрдың миссиясы – адам жанын руханияттың күшімен тазалау»

Театр афишасынан Хұсейн Әмір-Темірдің есімін көрсеңіз, спектакльдің сапасына алаңдамауға болады. Қызылордалық өнерсүйер қауымда осындай сенім қалыптасқан. Мәселе режиссердің 20-дан аса рөлді сомдап, 200-ге тарта қойылымды сахнаға шығарғанында, бай тәжірибесінде ғана емес. Бастысы – ол жетекшілік еткен спектакльдің ұлттық бояуы қанық, туындының тоқетері көңіліңді астан-кестен етіп, қуатыңды еселейтіндей күшке ие болуында. Театрдың жаңа маусымы қарсаңында облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн ағамен әңгімелесудің сәті түсіп еді, өмір мен өнер турасында бірер сауал тастадық. Сонымен, «Сыр бойының» «Сыр-сұхбат» айдары сөйлейді.
Cұхбат 28 тамыз 2019 г. 1 097 0
Ташкентті таңғалдырған Сыр өнері

Ташкентті таңғалдырған Сыр өнері

Тамыздың 14-15 күндері Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениеті мен өнері күндері аясында Сыр елінің мәдениет майталмандары Ташкент және Науаи қалаларында болып, өнер көрсеткен еді.Осы шаралардың барысы жөнінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуовамен еркін әңгіме құрдық.
Cұхбат 27 тамыз 2019 г. 1 238 0
Бидас Рүстембеков, жырау: Көшенейдің қазасы әлі күнге жұмбақ

Бидас Рүстембеков, жырау: Көшенейдің қазасы әлі күнге жұмбақ

Қазақ руханиятының шоқтығы биік бір саласы – жыраулық өнер. Ханнан бастап қарашаға дейін бас иген ұлы жыраулар халық тарихының мәңгілік жыр-шежіресін жасап кетті. Алаштың өр рухы мен болмыс-бітімін бедерлей таңбалап, ешқашан ескірмес үлгі қалдырды. Отаншылдық сарын тұнып тұрған қайраткер жыраулар поэзиясы – туған ел мен жерге адалдық, ар-намыс пен адамдық қадір-қасиеттің туын биікке көтерген асыл мұрамыз, баға жетпес рухани қазынамыз. Тарихтың теперішін көп көрсе де осынау бірегей тарихи-мәдени құбылыс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әлем мәдениетінде теңдесі жоқ бұл өнердің бір тармағы – Сыр сүлейлерінің мектебі. 
Cұхбат 22 тамыз 2019 г. 1 266 0
Қажылық сапар Қазақстанда неге қымбат - Жәнділла Бекжігітовпен сұхбат

Қажылық сапар Қазақстанда неге қымбат - Жәнділла Бекжігітовпен сұхбат

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясының Қажылық министрлігімен келісімшарт жасап, қажылықтың маусымдық жұмысына кіріскен болатын.Аталған мақсатта Бас мүфти бастаған делегация елімізден шамамен 3200 адам қажылыққа барады деп жоспарлап, осы санға квота алып келісімшартқа отырған еді. Содан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларды апаратын 18 туристік компанияға сенім артты. Бүгінде қасиетті сапарға аттанған отандастарымыз елге оралып жатыр. Осы орайда қажылық сапар қалай ұйымдастырылғандығы, азаматтарымыздың қауіпсіздігі қалай қорғалғандығы, қажылық сапардың бағасы қанша болғандығы жайында ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовтен сұрап білген едік.
Cұхбат 20 тамыз 2019 г. 789 0
Білім беру жаңаша сипатта дамиды

Білім беру жаңаша сипатта дамиды

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне, тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне,  салт-дәстүріне берік, рухы мықты, танымы мен тағылымы кең тұлға ретінде қалыптастыруда ұстаздарға артылатын салмақ аз емес. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен тамыз конференциясында мұғалім мәртебесі мен алдағы жаңа міндеттер сөз болды. Санаулы күннен соң басталатын жаңа оқу жылының алдында тың серпінді қажет ететін білім саласында қандай өзгерістер бар? Бүгінгі заман талабына сай білім берудің мазмұны мен алдағы оқу жылында атқарылатын істер туралы газет тілшісі облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебековамен әңгімелескен еді.
Cұхбат 20 тамыз 2019 г. 2 104 0
Тату ел табысты, алға оздырар әр істі

Тату ел табысты, алға оздырар әр істі

Бастауын іздесең бірнеше ғасырдың  қойнауынан хабар беретін, әр тасы мен аққан суы қарт тарихтың сырын айтатын Жалағаштай киелі өлкеде заманынан озық туған даралар көп болған. Мұнда өткеннің ізіндей, көненің көзіндей тарихи һәм мәдени орындар жетерлік. Атыраптың әр төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр.  Ежелгі Женттен бөлек, аттандап жауға қарсы шапқан Бұқарбай мен Сәрке батырдың, қара қылды қақ жарған Құба би мен Өмірбай, Бостай, Шортанбай шешендердің кіндік қаны тамған киелі орын екені белгілі. Темірбек Жүргеновтей ел мүддесіне жұмыс істеген қайраткерлердің туған жері бұл. Қомшабай Сүйенішов, Асқар Кіребаев, Темірше Сарыбаевтай ел руханиятына сүбелі үлес қосқан ардақтыларды неге айтпасқа?! Жалағаш дегенде, жалпақ жұрттың есіне алдымен осылар түседі емес пе?!
Cұхбат 10 тамыз 2019 г. 2 156 0
«Біздің міндет – салық төлеушіге сапалы қызмет көрсету»

«Біздің міндет – салық төлеушіге сапалы қызмет көрсету»

 Мемлекеттік кіріс органдары – жоғары тиімділіктегі басқару жүйесі бар, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ерікті түрде төлеуге және еркін халықаралық сауданы ынталандыру және адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы ортаны жасаушы, клиентке бағдарланған қызмет. Мемлекетіміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы тақырып Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновпен жасалған сұхбатқа  арқау болған еді.
Cұхбат 10 тамыз 2019 г. 1 268 0
Сыр бойы құрылысшыларының қолтаңбасы айқын

Сыр бойы құрылысшыларының қолтаңбасы айқын

  Биыл Сыр құрылысшылары төл мерекелерін толымды жетістіктермен, оң көрсеткіштермен атап өткелі отыр. Себебі, облыстың құрылыс саласының құрылғанына 75 жыл! Мерейлі мереке қарсаңында газет тілшісі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріковпен сұхбаттасқан еді.
Cұхбат 08 тамыз 2019 г. 3 297 0
Қалқазбек ӘЖІБЕКОВ: «Біздің өміріміз ауылмен байланысты»

Қалқазбек ӘЖІБЕКОВ: «Біздің өміріміз ауылмен байланысты»

 «Сыр бойы» газеті тағы бір жаңа айдарды жүргізеді. «Сыр-сұхбатта» қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі тұлғалар, түрлі саланың майталман мамандары газет тілшілерімен еркін пікір алмасып, бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігін ой сарабынан өткізеді. Бүгінгі санда газет тілшісінің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаржыгер Қалқазбек Әжібековпен әңгіме-сұхбаты жергілікті басқару мен ауыл өмірінің өзекті мәселелеріне арналып отыр.
Cұхбат 03 тамыз 2019 г. 956 0
Қылышбай БИСЕНОВ: “Өңір дамуына үлес қосу депутаттық қана емес, азаматтық парызым”

Қылышбай БИСЕНОВ: “Өңір дамуына үлес қосу депутаттық қана емес, азаматтық парызым”

Депутат – халық қалаулысы ғана емес, елдің жауапкершілігін, сенімін арқалап жүрген жан. Халықтың алдында айтылған уәдені орындау, әрдайым көп ортасынан табылу, қоғамдағы өзекті мәселені қозғау ең алдымен осы депутаттарға жүктелетіні белгілі. Халық алдында берілген уәде, айтылған сөз қаншалықты орындалуда? Осы орайда, облыстық мәслихат депутаты, мәслихаттың әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  Қылышбай Бисеновпен болған сұхбатты ұсынамыз. 
Cұхбат 01 тамыз 2019 г. 2 110 0