Біз әдемі уақытта, керемет мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтар секілді мен де елімізде болып жатқан орасан зор өзгерістермен мақтануға құқылымын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
612
0
Өзге аймақтар тәрізді Қазалы ауданында да жұмысы жанданып, шаруасын дөңгелентіп отырған іргелі ұжымдар бар. Солардың алдыңғы легінде «Рза» акционерлік қоғамы тұр. Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы, білікті кәсіпкер Самұрат Имандосов басқаратын аталған қоғамның атақ-даңқы баршаға жақсы мәлім. Өзінің жұмысын ғасыр тоғысқан тұста бастаған рзалықтар арада өткен жылдарда небір асулардан өтті, талай биіктерді бағындырды. Әрине, табыс өзінен-өзі келмейтіні тағы рас.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
963
0
Осыдан он жыл бұрын облыс орталығы – Қызылорда қаласында аумағы 16,6 гектар болатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ бой көтерді. Осынша уақыттың ішінде жас шыбықтар саялы бәйтеректерге айналған. Аумағы он гектардан асатын Тұңғыш Президент саябағында жеміс ағаштарымен қатар гүлдің де түр-түрі өседі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
523
0
Тәуелсіздік алған алғашқы уақыттан бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынды. Елімізде қаншама өнер жәдігерлері қалпына келтіріліп, түгелденді. Сыр бойындағы ескі қалаларға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Тарихи-мәдени, сәулеттік ескерткіштер есепке алынды. Оларды қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
603
0
Бүгінде Сыр өңірінде төрт түліктің ең көбейген кезі 1993 жылдан да асып түсті. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асылтұқымды мал өсіріп, халықты сапалы әрі отандық өніммен қамтып отырған шаруашылықтар кәсібін дөңгелентіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауларында аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту үшін арнайы жобаны қолға алу қарастырылған болатын. Осы мақсатта ауыл шаруашылығына қаржылай көмек беретін «Сыбаға» бағдарламасы дүниеге келді. Ол мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін көтеруді көздейді. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында берілетін бұл несиелерді еліміздегі қаржы институттары жүзеге асырып отыр. Мысалы, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ның шарттарына сай ең жоғары несие көлемі 18 миллион теңге деп белгіленген болса, оны қайтарудың ең ұзақ мерзімі 84 айға дейін жетеді. Сондай-ақ алғашқы 3 жыл ішінде шаруаларға бірқатар жеңілдіктер де жасалады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
700
0
Ауыз су мәселесі бүгін де әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып тұр десек, артық айтпаған болар едік. Бұл мәселе біздің еліміз үшін де өзекті, шалғай елді мекендерді тіршілік нәрімен қамту алдыңғы қатардағы проблемалардың бірі болатын. Сондықтан да бұл бағытта елімізде мақсатты да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Оның айқын көрінісін біздің облыста жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан көруге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
857
0
Ғарыш әлемі туралы әңгіме қозғалғанда Байқоңырға тоқталмай кету мүмкін емес. Өйткені, бұл ғарыш айлағынан адамзат баласы тұңғыш ғарыш кемесін ұшырған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
1 413
0
Шығыстық үлгіде жаңғыртылатын Сырдарияның сол жағалауы бүгінде «Жаңа қала» атанып үлгерді. Бұл аймақты кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленген. Десе де, бұл бағыттағы жұмыстар мерзімінен бұрын басталды. Дәлел ретінде өткен жылы пайдалануға берілген Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын көпірді атап өтуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
487
0
Мемлекет болашағын жастарға қарап бағамдау ежелден бар. Елдің ертеңгі иесі саналатын жас өрендер отансүйгіш, белсенді, бәсекеге қабілетті болса, келешектің кемел болары сөзсіз. 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен Елбасы Жолдауында да жастарға артылар жауапкершілік жүгі мол. Жоғарыда айтқанымыздай, жастар – ел болашағын жарқын етер шырағдан. Қозғаушы күш білімді, әлеуметтік белсенді болуы тиіс. Әрине, белсенділік жөнінен Сыр жастары ешкімге дес бермейді. Олардың бағамды бағыты талайды тамсандырады. Тірлігі мығым, бағдары байыпты. Мемлекет болашағын жастарға қарап бағамдау ежелден бар. Елдің ертеңгі иесі саналатын жас өрендер отансүйгіш, белсенді, бәсекеге қабілетті болса, келешектің кемел болары сөзсіз. 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен Елбасы Жолдауында да жастарға артылар жауапкершілік жүгі мол. Жоғарыда айтқанымыздай, жастар – ел болашағын жарқын етер шырағдан. Қозғаушы күш білімді, әлеуметтік белсенді болуы тиіс. Әрине, белсенділік жөнінен Сыр жастары ешкімге дес бермейді. Олардың бағамды бағыты талайды тамсандырады. Тірлігі мығым, бағдары байыпты. Облыстағы жастар саясатының даму қарқынына тоқталатын болсақ. жастар саясатының даму қарқынына тоқталатын болсақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 қазан 2017 г.
754
0
Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 қазан 2017 г.
1 338
0