« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біз әдемі уақытта, керемет мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтар секілді мен де елімізде болып жатқан орасан зор өзгерістермен мақтануға құқылымын.
Тәуелсіздігіміздің 25 жыл шеңберінде қазақстандықтардың жүрегі, менікі секілді Отан үшін қаншама мәрте мақтанышқа толды. ЕҚЫҰ саммиті, әлем діндері көшбасшыларының съезі, қысқы Азиада ойындары, маңызы жоғары халықаралық іс-шаралардың өтуі – Қазақстан Республикасының әлемдегі беделінің биіктігі мен аса қадірлі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мықтылығының куәсі деп білеміз. Жақында ғана әлем қоғамының көңілі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткен біздің бас қаламыз Астана шаһарына назары ауды. Бұл маңызды оқиға – Мемлекет басшысының жеңісі деп білеміз!
Мен – орыспын, бірақ Беларусьте тудым. Бейбітшілік пен татулық орнаған, әртүрлі этнос өкілдері мекен еткен бірегей ел Қазақстанда тұрып жатқаныма 45 жылдан асты. Саналы өмірімнің барлығын Қызылордаға арнап, осы күнге дейін қасиетті Сыр елінде еңбек етіп келемін. Қазақстан – мен үшін туған үйім. Ол мені мейірімділігімен, қонақжайлылығымен баурап алды.
Мен 20 жыл дерлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табыламын. Біз баршамыз үлкен жұмыс жасап келеміз. Еліміздің дамуына үлес қосып, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етудеміз. Бүгінгі күні қазақ, орыс, кәріс, татар, өзбек, неміс және өзге де этнос өкілдері достықта өмір сүріп, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне еңбегімізді аяған емеспіз. Біздің күшіміздің, дамуымыздың да кепілі осында. Біз – бір бүтінбіз, мақсатымыз да ортақ. Біздің күнделікті өміріміздің ұраны – «Бір Отан, Бір Тағдыр, Бір Елбасы!»
Еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың барлығын құптаймын. Біздің жылу мен жарыққа толы ортақ үйіміз гүлденіп, көркейе берсін. Ол үшін біз барлығымыз, әрі жеке дара жауаптымыз. Бұдан әрі де ортақ үйіміздің татулығы мен бейбітшілігін біздің соңымыздан өсіп келе жатқан келешек ұрпақ үшін сақтап, қорғауымыз тиіс. Мен өз елімді жақсы көремін және сол үшін халқыма алғысымды білдіремін!
Галина ЩЕРБАКОВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
Қызылорда облыстық «Славяне»
қоғамдық-мәдени орталығы»
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |