93 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАЗА АУЫЗ СУ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Ауыз су мәселесі бүгін де әлем­нің көп­те­ген елде­рін­де өзекті болып тұр десекартық айтпаған болар едікБұл мәселе біздің еліміз үшін де өзектішалғай елді мекендерді тіршілік нәрімен қамту алдыңғы қатардағы проб­лема­лар­дың бірі болатынСон­дықтан да бұл ба­ғыт­та елімізде мақ­сатты да ауқымды жұмыстар атқа­ры­лып келеді. Оның айқын көрінісін біздің облыста жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан кө­руге болады. 

«2017 жылға қарай еліміздің барлық қалаларының 90 пайызы сумен жаб­дық­таудың орталық жүйесімен қамтылады, 30 мыңнан астам ком­муналдық желі қайта жа­ңар­тылады», – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ­Назарбаев «Нұр Отан» пар­иясының XIV съезінде сөйлеген сөзінде.

Облыс аумағындағы елді ме­кендерді «Арал-Сарбұлақ», «Жи­делі» және «Октябрь» топтық су құ­быр­лары арқылы қам­тамасыз етіліп келеді.

Облыс әкімі Қырымбек ­Көшер­баев­­тың бастамасымен топтық су құбырларының жұмыс тиімділігін арт­тыру мақсатында бір оператор құру қолға алынған-ды. Соған орай, облыс аудандарындағы оқшау ауыз сумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етілген 87 елді мекеннің ауыз сумен жабдықтау жүйелерін респуб­ли­­калық меншікке «Қазсушар» РМК «Арал»  салынып жатқан кәсіпорындар біріккен дирекциясы филиалы теңгеріміне беріп, филиал базасында Қызылорда облысы елді мекендерінде ауыз сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру бойынша бірыңғай оператор құру жұмыстары басталып кеткен болатын.

Бұл туралы «Арал» СЖКБД филиалының директоры Имамадин Оңғарбаев тарқатып айтып берді. Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған және Қызылорда қаласына қарасты 85 елді  мекеннің оқшау ауыз сумен қамту жүйелері 2017 жылдың 1 маусымынан бастап филиал теңгеріміне қабылданды. Сонымен қатар, осы қабылданған елді мекендердің ішінде, кейбір жекелеген елді мекендердің, атап айтар болсақ Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің және Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті мен Талдыарал ауылының сарқынды суларды бұру (канализациялық) жүйелері де республикалық меншікке өткізіліп, 1 маусымнан бастап филиалмен пайдаланылуда.

 Қазіргі таңда «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалы Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған аудандарының 211,5 мыңнан аса халқын немесе 93 елді мекендерді ауыз сумен «Арал-Сарыбұлақ», «Жиделі» және «Октябрь» топтық су құбырлары арқылы қамтамасыз етеді.Топтық су құбырларына қо­сыл­ған 59 елді мекеннің, ауыз сумен жабдықтау мәсе­лесі толықтай шешілген 24 сағат/тәулігімен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 29 елді мекен ішкі су тарату желі­ле­рімен қамтамасыз етілген, бірақ қоғамдық колонкалар арқылы ауыз су беріліп отыр, 5 елді мекен ауыз суды тасымалдап ішіп келеді.

Жоғарыда көрсетілген елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында об­лыс­тық бюджет қаражаты есебінен жалпысметалық құны 10,2 млрд теңге болатын 13 нысаннның жоба-сметалық құжаттамалары дайындалған болатын. Осы жобаларға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы 4 жоба бойынша 4,4 млрд теңге, 2017 жылы 9 жоба бойынша 5,7 млрд теңге қаражат қарастырылды және 2018 жылға 3 млрд теңге жоспарланып отыр. Филиалдың 2016-2021 жылдарға арналған 3,4 млрд теңге көлемінде инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Осы инвестициялық бағдарлама аясында 2016 жылы Қазалы ауданының 3 елді мекенінде ауыз су жүйелерін әр үйге дейін жеткізу бойынша 202,5 млн теңгеге жұмыстар жүргізілсе, 2017-2021 жылдар аралығында жыл сайын 666 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Ағымдағы жылы «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының бас су алу кешенін қайта жаңғырту, Әйтеке би кентінде сыйымдылығы 7000 текше метр болатын екі су қоймасының құрылыс және Қазалы ауданының Жалаңтөс баһадүр елді мекенінде ауыз су жүйелерін үйге дейін жеткізу жобалары жүзеге асырылуда.

Бір операторға бірігу тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда бір топтық су құбырында магистральді құбырларымен және ішкі таратушы желілерімен бірге бір саясат жүргізуге қол жеткізіліп, бір кәсіпорынмен басқаруға мүмкіндік туды. Магистральді құбырлар және ішкі су тарату желілері бойынша барлық пайдалану шығындары бір салаға тоғыстырылып, бірыңғай тариф бекітіліп, бірнеше басқару операторлары бір операторға оңтайландырылды. Ауыз су тарату қызметтеріне бекі­тілген бірнеше тариф оңтайландырылып бірыңғай тариф бекітіліп, ауыз сумен жабдықтау жүйелеріне инвес­тиция тартуға мүмкіндік туды. Авариялық жағдайларды уақытылы жоюға, материалдар мен техниканы керек болған жағдайда орталықтандырылған оператордан бөлуге қол жеткізілді.

Қазіргі таңда облыс аумағында орналасқан «Арал-Сарыбұлақ», «Жиделі» және «Октябрь» топтық су құбыр­ларына қосылған 93 елді мекеннің ішкі су тарату желілері, 85 елді мекеннің оқшау ауыз сумен жабдықтау жүйелері және Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің және Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті мен Талдыарал ауылының сарқынды суларды бұру (канализациялық) жүйелері, облыс аумағындағы бірыңғай оператор филиалмен пайдаланылуда. Алдағы уақытта Қармақшы ауданының Төретам және Ақай елді мекендерінің оқшау ауыз сумен жабдықтау жүйелерін қабылдау жоспарланып отыр. Соның арқасында «Қазсушар» РМК «Арал»  СЖКБД филиалы Қызылорда облысының 178 елді мекен­де­рінде шоғырланған 331,585 мыңнан аса халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2017 г. 857 0