ЕЛБАСЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді.
Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.
– Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
***
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2017 г. 1 338 0