« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ғарыш әлемі туралы әңгіме қозғалғанда Байқоңырға тоқталмай кету мүмкін емес. Өйткені, бұл ғарыш айлағынан адамзат баласы тұңғыш ғарыш кемесін ұшырған.
Жер кіндігі саналатын «Байқоңыр» – Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Оның іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы сынды басқа да жер жағдайлары ескерілген.
Ғарышқа жол салған «Байқоңырдың» бүгінде екінші тынысы ашылды деуге де болады. Қазір «Байқоңырды» ғарышқа бағытталған моноқала есебінде ғана емес, өнеркәсіп пен жоғары технология орталығы ретінде дамыту қолға алынды. Айлақтан «Бәйтерек» жаңа ғарыш зымыран кешенін салу көзделіп отыр. Бұл байыпты бастамаға Қазақстанмен бірге Ресей тарапы да мүдделі. Еншілес екі мемлекет дамудың жаңа жобасын жасап, тиісті шараларды бастап та кеткен.
Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында «Байқоңырды» дамытудың бірлескен жобасы туралы келісімге келгенін атап өту керек. Жобаның жүзеге асуымен жалға беру жағдайында қаладағы инженерлік нысандарды және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту көзделіп отыр. «Байқоңыр» кешеніндегі жаңалауға жататын қондырғылар мен инженерлік инфрақұрылымдар Ресей Федерациясының жалға алуынан шығарылып, облыстық әкімдіктің иелігіне жеті жылға, оны әрі қарай ұзарту құқығымен берілетін болады.
Жаңа тұрғын үйлер құрылысына қатысты да жағымды жаңалық бар. Бұл қалада жаңа құрылыстар басталатын болады. Қазақстан жағы бұл жерде жаңа шағын аудан тұрғызады. Ондағы бес үйде 250 байқоңырлық отбасы қоныстанады деп күтілуде.
1957 жылдың 4 қазанында «Байқоңырдан» тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Биыл бұл ғаламдық жаңалыққа 60 жыл толып отыр.
Бұл жерден 1961 жылы адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин аспан әлеміне көтерілді. Еліміз тәуелсіздік алар тұста 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» кемесімен Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Тоқтар ағамыздан кейін Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов көк төсіне самғады.
Жалпы, бүгінгі Байқоңырды әлемдік ғылым мен техниканың ең озық жетістіктерінің тоғысы, адамзат ақылының шоғырланған жері десек, қателеспейміз. Қазіргі күні Қазақ елі Ресей Федерациясымен тізе қосып, ғарышты игеру жолында ауқымды жобаларды қолға алып отыр.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |