« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шығыстық үлгіде жаңғыртылатын Сырдарияның сол жағалауы бүгінде «Жаңа қала» атанып үлгерді. Бұл аймақты кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленген. Десе де, бұл бағыттағы жұмыстар мерзімінен бұрын басталды. Дәлел ретінде өткен жылы пайдалануға берілген Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын көпірді атап өтуге болады.
Қаланың бас жоспарына сәйкес, аталған аймақтың 1500 гектарын игеру көзделген. Негізінен, сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Атап айтқанда, тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалдық аймақ және 3 ірі парк пен бульварлар қарастырылып отыр. 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 132,9 млн теңгеге Сырдария өзенінің сол жағалауына инженерлік-геологиялық және геодезиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы осы аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Бүгінде бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша Рухани жаңғыру орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда 1925 жылы этностың аты «Қазақтар» деп ресми аталған тарихи шешім қабылданған болатын. Оның бір жағы мұражай да, екінші жағы Рухани жаңғыру орталығы болады.
Бұған қосымша жаңа қаланың бірінші шағын ауданында 18 көппәтерлік үй, 320 орындық балабақша құрылысы, Жастар ресурстық орталығы, «Болашақ» университетінің ғимараты салынуда. Сондай-ақ, осы жерде салынатын Неке сарайы, 300 төсектік аурухана мен бір ауысымда 100 адамға арналған емхананың жобасы жасалуда.
Осы ретте, жақында ғана «Болашақ» университетінің студенттер қалашығының құрылысы басталғанын айта кеткен жөн. Сол жағалауда «Болашақ» университетінің бүтін бір қалашығы бой көтереді. Атап айтқанда, 12 қабатты әкімшілік ғимарат, оқу корпустары, Студенттер сарайы, клиникалық құралдармен жабдықталған медициналық колледждің және «Болашақ» колледжінің ғимараты, балабақша, дендросаябақ пен мегаорталық орналасатын болады.
А.АҚЫЛБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |