« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Осыдан он жыл бұрын облыс орталығы – Қызылорда қаласында аумағы 16,6 гектар болатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ бой көтерді. Осынша уақыттың ішінде жас шыбықтар саялы бәйтеректерге айналған. Аумағы он гектардан асатын Тұңғыш Президент саябағында жеміс ағаштарымен қатар гүлдің де түр-түрі өседі.
Саябақты отыз адам күтіп-баптайды. Алғашқы жылдары мұнда боз арша, терек, үйеңкі, қытай шағаны, сән ағаш, жиде сияқты ағаш түрлерінен 20 мың көшет егілді. 2013 жылдан бері жыл сайын 3-4 мың түп ағаш отырғызылады. Қазіргі күні мұнда отырғызылған ағаштар ұзын саны 35 мыңға жуықтап қалды. Жыл сайын көгалдандыру-көркейту жұмысы жүргізіледі. Оған қажетті қаражат қалалық бюджеттен бөлінеді. Бұған қоса, жылына екі мәрте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Міне, он жылдан бері, таза ауа, жасыл бақ, хош иісті гүлдері қызылордалық тұрғындардың көңілін көтеруге қызмет жасап тұр. Қалада жастар көп болғандықтан болар, бұл орынның бос тұрғанын көрмейсің. Кешкі қаланың көркін келтіріп, сырттан келген меймандардың назарын аударып тұрған Елбасы паркіне соңғы жылдары шаңырақ көтерген жас отбасылар, орта мектеп, жоғары оқу орнын бітірушілер ат басын бұрады. Жасыл желек жамылған, көздің жауын алатын әсем гүлдердің жанына келіп, естелік суретке түседі.
Сырдария өзенін жағалай Тәуелсіздік даңғылы салынғаннан кейін саябақ тіпті жақын көрінеді. Сондықтан қала тұрғындары тек демалыс күндері ғана емес, күнделікті келіп демалуды әдетке айналдырған. Әрине, ниет білдірген кез келген адам үшін демалыс орнының есігі айқара ашық.
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы жергілікті саябақ көзтартарлық, әрі тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Жайлы орта, жанға тыныс сыйлайтын, өткен күнді ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретін ашық алаң іспетті. Жан жадыратар мезгілде аймақ ажарын ашатын көрікті орындардың көп болғаны жақсы. Мұнда қалалық мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрады.
Шынар БЕКБАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |