Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екеніміз айтылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
629
0
Елді жаудан азат еткен батырлардың, қазақтың басын біріктірген хандардың, бір тоқтамға шақырған билердің есімі бүгінде ұрпақ жадында. Тәуелсіздіктің дәмін тата түскен сайын біз де тарихқа терең бойлап келеміз. Бірер жыл бұрын ықылым заманда, Арқаның адырлы белінде дүниеге келген Кетбұқа баба өмірін ұрпаққа тәлім етсек деген бастама көтерілді. Сәйкесінше, Жезқазған жұрты, “Қазақтың Кетбұқасы” бірлестігі біршама тағылымды іске ұйытқы болды. Таяуда Сыр өңірінде де баба даңқын дәріптеу мақсатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Абыз тұлға, аңыз тұлғаны сөз еткен келелі жиынның басы-қасынан Қорқыт ата атындағы ҚМУ табылды. “Х және ХІІІ ғасырдағы түркілер қоғамы мен оның тарихындағы Кетбұқа орнын” қаузаған жиында баяндамашылар пайымды пікірін ортаға салып, ғылыми мақалаларын ұсынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
753
0
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Қазалы ауданындағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған толымды тірліктерді көргенде осындай тұжырымға келетінің анық. Аудан бойынша 38 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, әділет басқармасынан 392 адам бірігіп тіркеуден өткені сөзімізді нақтылай түседі. Оның ішінде 23 кооператив өткен жылы құрылса, қалғаны биылғы жылы өз жұмысын бастаған. Енді осынау кооперативтердің қандай бағытта жұмыс атқаратындығына тоқтала кетсек. Бүгінгі таңда 27 кооператив мал шаруашылығы, 9-ы егін шаруашылығы, қалған екеуі мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру және көкөніс өнімдерін өңдеу саласын қамтиды. Осынау кезеңде 2016-2017 жылдары кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 225,6 млн теңге қаржы алып, жұмыстар жүргізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
723
0
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
1 873
0
Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында 4-6 қазан күндері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Astana Media Week» бірінші қазақстандық медиа апталығы өтті. Шара Елбасының бастамасы – Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдылықтарын орындау мақсатында елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
651
0
Байқоңыр – ғарыш саласының жаһандық діңгегі. Қазір Байқоңыр ғарыш кешенін Қазақстан мен Ресей бірлесіп игеруде. Екі жақ жиырмадан астам жобаны жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі – «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру жөніндегі жұмыстар болса, оның стратегиялық бағыттары айқындалды. Бұл – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ерекше назарындағы аймақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
538
0
Біз, облыстың ауыр атлеттері, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен «Арай» спорттық-сауықтыру кешенінің тренажер залында кездестік. Әлемдегі ауыр атлетикадан жетекші позициядағы елдердің қазіргі жағдайына Елбасы да алаңдаулы екен. Қазақстаннан өзге ауыр атлетикада жүлделі орындарды бермей жүрген Қытай мен Ресей де алдағы Әлем чемпионатына қатыспайды. Беларусь, Әзербайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдовия да қатыспайтын елдердің қатарында. Аталған елдердің бәрі бір жылға жарыстардан шеттетіліп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
490
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі онда ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз – елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
1 262
0
Алтын күздің алғашқы күнінде соғылған қоңырау үні білім ұяларындағы қарбалас тірлікті бастап кеткелі де екінші ай. Жаңа оқу жылымен қатарлас келген ұстаздар мерекесі аясында аудандағы береке қонған ауылдардың бірі – Саздыға жол түсті. Мақсатымыз – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ж.Түменбаев атындағы №60 орта мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін қаламгерді құрметтеп, ұстазды ұлықтаған шараны оқырман қауымға жеткізу.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
648
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде болғаны белгілі. Бұл музей түркі дүниесіне ортақ ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ, гуманист, қобыз аспабын алғаш жасаушы өнерпаз, абыз Қорқыт баба мұраларын бүгінгі және ертеңгі күннің игілігіне айналдыратын мәдени кешен болып табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қазан 2017 г.
477
0