« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде болғаны белгілі. Бұл музей түркі дүниесіне ортақ ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ, гуманист, қобыз аспабын алғаш жасаушы өнерпаз, абыз Қорқыт баба мұраларын бүгінгі және ертеңгі күннің игілігіне айналдыратын мәдени кешен болып табылады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бұл «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне екінші мәрте келуі. Алғаш рет ел Президенті Н.Назарбаев 2005 жылы облысымызға сапары барысында аталған ескерткіш кешенге арнайылап соқты. Ал 2014 жылы Президенттің тікелей тапсырмасымен кешенде қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Қазір ол толықтай жаңартылды.
Облыс орталығынан қашықтау болғанымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында орналасқандықтан және қайта жаңғыртудан өткізілгеннен кейін мұнда келушілер легі күрт артты. Мәселен, биылғы жыл басынан бері бізде 13 мыңнан аса турист болды. Оның ішінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген шетелдік қонақтар да жетерлік. Осылайша, бұл мәдени кешен отандық туризмді ілгерілетуге өзіндік үлес қосуда.
Президент кешенді аралап, музейдегі жаңартылған жәдігерлермен танысты. Әсіресе, ортағасырлық Жанкент қаласы орнынан табылған көне дүниелерге қатты қызығушылық танытып, мұқият танысып шықты. Соңында мемориалдық кешенде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Кездесу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт бабамыз мәңгілік өмірді аңсап өткенін, бүгінде ол Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» идеясының бір тармағы ретінде астасып жатқанын атап өтті.
Айгүл БЕРМАХАНОВА,
«Қорқыт ата» мемориалдық
кешенінің экскурсоводы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |