БАҚ-тың БАСЫН ҚОСҚАН МЕДИА АПТАЛЫҚ

Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында 4-6 қазан күндері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Astana Media Week» бірінші  қазақстандық медиа апталығы өтті. Шара Елбасының бастамасы – Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдылықтарын орындау мақсатында елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев  қатысты.

Аталған шараға 2000-нан астам қонақтар, оның ішінде елімізден бөлек Орталық Азияның 8 мемлекетінен ақпарат саласына жауапты мемлекеттік органның басшылары, ірі ақпараттық медиа корпорациялары, телерадиокорпорация өкілдері қатысты.

«Astana Media Week-2017» шарасының негізгі мақсаты – отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету, – деп атап өтті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев.

Бағдарламаға сәйкес бірінші күні контент-маркет бойынша тапсырыс берушілердің, ірі телевизиялық және радио-компаниялар, өндірістің жеке нарығы өкілдері, продакшн-студиялардың, творчестволық ұжымдардың, продюсерлік орталықтардың, ақпарат, медиа-сауық, музыка және кино саласындағы авторлық жобалардың арасында пәрменді диалог алаңы құрылды. Ал, медиа аптаның екінші күні «Astana Digital Forum» деген жалпы атаумен  форум өтті. Ұйымдастырушысы Қазақстанның жетекші медиа-компанияларының бірі «Select Communication Group» болды. Форум кең спектрлі мәселелер бойынша сандық маркетинг құралдарынан бастап криптовалюта нарығын шолуға дейін пікір алмасу мүмкіндігі мен халықаралық деңгейдегі спикерлердің сөз сөйлеуіне арналды.

Үшінші күні ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұлттық БАҚ баспа нарығы дамуының ең өткір мәселелерін, жаңа конвергентті формаларға өту кезіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылау мақсатында Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының өңірлік форумын өткізді. Сонымен қатар Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен «PR күні» өтті. Осы шара аясында «Қазконтент» АҚ ұйытқысымен «Жылдың ең үздік баспасөз қызметі» байқауы жеңімпаздары марапатталды. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтетін болды. 

Сара АДАЙБАЕВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 651 0