ЖЕҢІСКЕ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

Біз, облыстың ауыр атлеттері, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен «Арай» спорттық-сауықтыру кешенінің тренажер залында  кездестік. Әлемдегі ауыр атлетикадан жетекші позициядағы елдердің қазіргі жағдайына Елбасы да алаңдаулы екен. Қазақстаннан өзге ауыр атлетикада жүлделі орындарды бермей жүрген Қытай мен Ресей де алдағы Әлем чемпионатына қатыспайды. Беларусь, Әзербайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдовия да қатыспайтын елдердің қатарында. Аталған елдердің бәрі бір жылға жарыстардан шеттетіліп отыр.

– Мұның бәрі де уақытша, сендер жаттығуларыңды тоқтатпаңдар. Спорттағы жетістіктер маңдай термен, үздіксіз жаттығумен келетінін білесіңдер. Чемпион болу маңызды емес, бастысы – денсаулықтарыңды шыңдайсыңдар. Адам бақытының 90 пайызы, байлығының 90 пайызы, табысының 90 пайызы  денсаулықта. Сондықтан денсаулықты жас кездеріңнен бастап сақтаңдар, – деді ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сол жерде Елбасы соңғы уақытта жақсы нәтиже көрсетіп жүрген атлеттер туралы сұрады. Жас зілтеміршілер Е.Ломанов, Н.Құрманбай, Д.Қыпшақбайдың жетістіктері туралы баяндадым. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшылар әлемдік жарыстарда  ел намысын қорғау үшін жаттығуда.

Нұржан СМАХАНОВ,

ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 490 0