ҚР Ішкі істер министрлігінде қызмет мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кезекті қоғамдық тыңдауға тікелей бейнебайланыс арқылы Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері қатысты.
ҚОҒАМ
14 желтоксан 2017 г.
1 104
0
«Нұр Отан» партиясының жаңадан тағайындалған хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов өңірлерді аралау жұмысын жалғастырды. Апта басында ол Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.
ҚОҒАМ
14 желтоксан 2017 г.
555
0
Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округіне ауданның прокуроры Бекпанов Мадияр Ертарғынұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ибраев Нұрлан Мерғалиұлы және аудандық бөлім, мекеме басшылары тұрғындарға халыққа құқықтық, әлеуметтік, кәсіпкерлік салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары қатысты.
ҚОҒАМ
13 желтоксан 2017 г.
739
0
Жасөспірім шақ – 13 пен 18 жас аралығын қамтитын ерекше кезең. Өмірдің осы сатысында жасөспірім физиологиялық және морфологиялық өзгерістерді басынан өткереді, мұның психологиялық салдары болады. Жас өскін әр түрлі сыртқы факторларға қалай жауап беру керектігін білмейді. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер эмоцияларын игере алмай, қызуқандылық танытып жатады. Жасөспірім кезеңге аяқ басқан шақта олар ересектерден тәуелсіз болуға және дербес шешімдер қабылдауға ұмтылады, себебі «мен – ересек» ұстанымы қалыптаса бастайды. Бұл жерде ересек адам ретінде өзін сезінуі – жасөспірімдік тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жаңаруы. Сондықтан жасөспірімнің психологиялық және психикалық денсаулығына ерекше назар аудару қажет.
ҚОҒАМ
13 желтоксан 2017 г.
2 159
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында облыстық соттың ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамындағы билер соты төрелігінің заманауи сот жүйесінде жүзеге асуы» атты тақырыпта ғылыми конференция өтті. Оған жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылар, сот жүйесі қызметкерлері, мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және студенттер қатысты.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
916
0
Бүгінгі күні саяси сипаты мәнді, халықты елең еткізіп, ескінің жаңғыруы негізінде жаңа бастамаға бағыттайтын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының астары адамдарды біріктіріп, рухани қатынаста әрекет етуге меңзейді.Әлеуметтік өркендеудің жаңа жағдайында еліміз тәуелсіз мемлекет жолымен нық басып келе жатыр. Ендігі мақсат қоғамның басты мәселелерінің бірі адамзат санасының рухани жаңғыруын жүзеге асыру болып табылады. Рухани жаңғыру еліміздің әрбір азаматының жан дүниесінің сипатына негізделеді. Тұлғаның рухани әрекет етуге қабілеттілігін бірнеше жағдайларға сүйеніп тұжырымдауға болады. Бірінші жағдай – бұл ерік күші. Ерік күші – алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн адамзат сапасы. Мақсатқа жету жолында жеңген кедергi, бөгеттер неғұрлым күштi болса, соғұрлым ерiк күшi мықты болады. Біздің мемлекетіміз мақсаты айқын елдердің қатарында. Себебі, осы кезеңге дейін халқымыздың басынан қаншама зұлмат заман өтсе де, елін, жерін, ұрпағын және салт-дәстүрін сақтап қалды.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
1 102
0
Елбасы өз мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – деді. Осы ретте «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өткенді жөн санап отырмыз. Жыл басында аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау бойынша акциялар өткізіліп, тарихи мәліметтермен көне жәдігерлер жинақталуда. Ауданымыздың тарихи киелі жерлерін кеңінен насихаттау мақсатында саяхат, экспедициялардың кестесі әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Қасиетті жерлердің мәдени-географиялық белдеулерінің толық тізбегі қайта жаңартылып, тарихи деректері толықтырылды. Рухани құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында мұражайлар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып, білім беру мекемелерінде туған жердің тарихын оқыту жұмыстары жүргізілуде.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
717
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жерге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патроиотизмнің маңызды көрінісі» деген болатын.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
1 322
0
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жастардың рухани таным деңгейін арттырып, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында қаладағы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінде арнаулы орта оқу орындарындағы қыздар клубтарымен кездесу болып өтті.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
661
0
«Елу жылда – ел жаңа» деп дана бабаларымыз айтқандай, Іңкәрдария ауылының елу жылдық еңселі тойы үстінде өткенге көз сала отырып, елмен бірге өзім куәсі болған оқиғаларды еске алып қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.
ҚОҒАМ
12 желтоксан 2017 г.
629
0