Жасөспірімдердің психологиялық және психикалық денсаулығы. Бұл неге өте маңызды?

Жасөспірім шақ – 13 пен 18 жас аралығын қамтитын ерекше кезең. Өмірдің осы сатысында жасөспірім физиологиялық және морфологиялық өзгерістерді басынан өткереді, мұның психологиялық салдары болады. Жас өскін әр түрлі сыртқы факторларға қалай жауап беру керектігін білмейді. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер эмоцияларын игере алмай, қызуқандылық танытып  жатады. Жасөспірім кезеңге аяқ басқан шақта олар ересектерден тәуелсіз болуға және дербес шешімдер қабылдауға ұмтылады, себебі «мен – ересек» ұстанымы қалыптаса бастайды. Бұл жерде ересек адам ретінде өзін сезінуі –  жасөспірімдік тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жаңаруы. Сондықтан жасөспірімнің психологиялық және психикалық денсаулығына ерекше назар аудару қажет.

Жасөспірімдерде ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста өзін-өзі көрсетіп, білдіру қажеттілігі болады. Бұл жастағы өзін-өзі танытуүлгілеріжағымды:өзін-өзі жетілдіру, жақындарына қамқорлық, күрделі отбасылық мәселелерді шешу, спорт, білім игеру т.б. және жағымсыз болуы мүмкін:  мінез-құлық нормаларынан ауытқудың түрлі формалары. Өзіне-өзі сенімсіздіктің сыртқы көрінісіне реніш, бірбеткейлік, жасөспірімнің агрессиясы, жанжалдасу, эмоциялық қозу, көңіл-күйдің құбылмалы болуы, ештенеңі жақтырмау жатады. Егер жасөспірім үшін «мен – мінсізбін»қолжетімді болып көрінсе, онда ол өзін-өзі тәрбиелеу мен жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастайды.

Өзін-өзі бағалаудың белгілі бір деңгейі жасөспірімнің өзіне деген сенімділігін, сынауын, немесе асқан сенімділік пен бірбеткейлікті тудырады. Әдетте өзінің бағасын білетін жасөспірімдер жоғары әлеуметтік мәртебеге ие және оқуларында да күрт өзгерістер жоқ. Өзін-өзі төмен бағалайтын жасөспірімдер депрессия мен пессимизмге бейім келеді.

Психологияда баланың психикалық денсаулығы оның дамуының маңызды факторына жатады. Мұндай рухани денсаулық психикалық ауытқушылық және бұзылулар призмасы арқылы бағаланады: белгілі бір патологиялық симптомдарың болмауы шартты түрде деннің саулығына теңестіріледі.  Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жарғысында денсаулық дегеніміз тек қана аурулар мен физикалық кемістіктердің жоқ болуы ғана емес, физиологиялық, рухани және әлеуметтік әл-ауқаттың болуы деп көрсетілген. 

Сарапшылар психикалық денсаулықтың көптеген проблемалары балалық және ерте жасөспірімдік кезеңде кездесетінінайтады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 12 мен 17 жас аралығындағылардың 4 пайызы және 18 жастағылардың 9 пайызы түрлі салдарға душар ететін психикалық бұзылыстардың кең тараған түрі күйзелістен зардап шегіп келеді екен. Барлық психикалық денсаулық бұзылыстарының жартысы 14жастан басталынады, алайда көпшілігі байқалынбайды және емделмей қалып кетеді, салдарында бұл өмір бойы адамның психикалық денсаулығына әсер етіп отырады.

Қазіргі таңда ересектерде байқалған көптеген психикалық бұзылулар балалық шақтан бастау алады деген дәйек мойындалды. Жасөспірім кезеңде депрессия мен суицидтік мінез-құлық сияқты көптеген психикалық проблемалардың таралуы айтарлықтай артады.

ДДСҰ мәліметі бойынша еуропа аймағында шамамен екі миллион жастар психикалық денсаулық проблемаларымен – күйзелістен бастап шизофренияға дейін -зардап шегеді және олардың көпшілігі қандай да бір көмек немесе ем қабылдамайды. Ал дүние жүзі бойынша балалар мен жасөспірімдердің 20 пайызында психикалық денсаулық мәселелері кездеседі. Көптеген психикалық бұзылулар қайталанып отырады немесе созылмалы болып келеді. Қазіргі кезде психикалық бұзылулар бұрынғыға қарағанда жас қыздар арасында, әсіресе депрессиялық симптомдармен бірге жиі диагноз қойылады. Күйзелістің жастар арасындағы суицид мәселесіне қатысы бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес  2011 жылы шамамен 7000 бала және 13000 жасөспірімдепсихикалық және мінез-құлық бұзылуының бастапқы диагнозы қойылған, бұл сәйкесінше балалар мен жасөспірімдер арасында 100 000 тұрғынға шаққанда 170,1 және 166,9 жағдайға сәйкес келеді. Бұл шын мәнінде, тіпті үлкен алаңдаушылық тудырады, себебі бұған дейін 53 000 науқас шизофрения және 3500 аффективных бұзылулары бар 3 500 науқас ем қабылдаған.

Психикалық денсаулықтың төменгі деңгейі жасөспірімдердің дамуына айтарлықтай әсер етеді жәнеолардың денсаулығы мен әлеуметтік мінез-құлқында теріс әдеттер: ішімдік тұтыну, темекі және заңсыз заттарды пайдалану, жүктілік, мектептен қалу және құқық бұзушылық пайда болуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдердің сау дамуы психикалық денсаулықтықамтамасыз етуде өте маңызды. Соңғы зерттеулер психикалық денсаулыққабайланысты проблемалардыңжастардың түрлі ауруларға шалдығуның басты себебі екендігін анықтады. Атап айтқанда, психологиялық ауытқу және депрессия өзіне-өзі қол жұмсауға мәжбүр етеді, жиі стресс жасөспірімдердің ішкі органдарының ауруларына әкеледі және т.б.

Психикалық саулық қоғамдық денсаулықтың басқа да маңызды басымдықтарын анықтауға әсер етеді. Бала он жастан асқаннан кейін психикалық денсаулық проблемалары аса маңызды. Зерттеу статистикасы бойынша, жасөспірімдердің психикалық бұзылулары төмендегі жағдайларға байланысты: балаға қатаң шараларды қолдану - 45%; ата-ана қамқорлығының жетіспеушілігі, бақылаудың жеткіліксіздігі - 25%; баланың денсаулығы, оның оқудағы жетістіктері, құрдастар арасындағы әлеуметтік мәртебесінөте мұқият қарау - 8%; баланың отбасы ішіндегі мәртебесін асыра көтеру - 5% немесе төмендету - 17% - бұл жағдайда баланы өз отбасындакөбінесе қорлап, ұрып-соғады.

Ата-ана, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің немесе мектеп мұғалімдерінің тарапынан бала тәрбиелеуде асқан қаталдық танытылатын болса, балаларқауіпсіздік, сүйіспеншілік, қарым-қатынас, ересектер арқылы қоршаған ортаны тану сияқты аса маңызды қарапайым қажеттіліктердің жетіспеушілігін сезінеді. Осы қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы  психологиялық ыңғайсыздық туғызады, баланың психикалық және физикалық денсаулығына елеулі әсер етеді.

Заманауи ғалымдар мен зерттеушілер психикалық денсаулық жағдайын зерттеу және онымен жұмыс істеу мүмкіндігіне қызығушылық танытып отыр. Басты мәселе  - баланың бүгінгі психологялық жағдайы қандай және ол ертеңгі ересек өмір сапасына қалай әсер етеді. 2011 жылы Мартин Селигман жоғары оқу орындарындағы студенттермен оқушылардың әл-ауқатын субъективті бағалаудың жаңа үлгісін ұсынды. Бұл әдіс жасөспірмідердің оң эмоцияларын, іс-әрекеттерге қатысу деңгейін, басқалармен оң қарым-қатынасын, ой қорытуын және жетістіктерінбағалаудықамтиды. Зерттеу нәтижесі 15-16 жас аралығындағы баланың оң психикалық денсаулық жағдайына қарап оның 27-28 жастағы білім деңгейі мен кәсіби дағдыларын болжауға болатынын анықтады. Демек, жасөспірімнің психикалық денсаулығы оның болашағын алдын ала анықтайды.

Байқалмаған, дер кезінде анықталмаған, емделмеген психикалық ауытқулар қоғамның әлсіз мүшелерінің өсуіне алып келеді. Ұзақ психикалық аурумен ауырған жанның өмірде өз орнын тауып кетуі қиын болады, бұл адамның өнімділігінің және жалпы экономиканың төмендеуіне әкеледі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайды.

Сарапшылар жасөспірімдердің өз-өзіне деген сенімін күшейту және әлеуметтік дағдыларын жетілдіру психикалық денсаулық саласында  мінез-құлықтағы ауытқулар, қорқыныш, күйзеліс және тамақтанудағы ауытқулар және басқа да қатерлі мінез-құлық үлгілерімен, атап айтқанда, жыныстық мінез-құлық өзгеруі, есірткі және басқа да заттарды тұтыну, агрессиялық мінез-құлықтың алдын алуға айтарлықтай әсер ететіндігін айтады.

2013 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы «2013-2020 жылдарға арналған психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын» бекітті. Жоспар ДДСҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің психикалық денсаулықты нығайту жөніндегі нақты шараларды қабылдауын меңзейді. Іс-қимыл жоспарын іске асыру психикалық бұзылулары бар адамдардың психикалық денсаулық қызметтері және әлеуметтік қолдауға, жалпы денсаулық сақтау мекемелерінде білікті медицина қызметкерлері ұсынатын емделуге қол жеткізуге мүмкіндік береді; медициналық көмек олардың қажеттіліктерін асқан сезімталдықпен ескеруі үшін қызметтерді қайта ұйымдастыру, көрсетуді бағалауға қатысуларын көздейді; мүгедектік бойыншамемлекеттік төлемдер, тұрғын үй және басқа да бағдарламаларға қатысуда жеңілдіктерге қол жеткізуге жол ашады.

ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, адамдардың психикалық денсаулығын қорғау бойынша елдердің орташа жылдық шығыны жан басына шаққанда 3 АҚШ долларынан кем болмауы керек. Өкінішке орай, орта және табысы төмен елдерде мұндай шығындар жылына бір адамға 0,25-1 АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, көптеген мемлекеттер өздерінің психикалық денсаулықты қорғауға бөлген қаражаттарының 70 пайызын психиатриялық ауруханалардағы ұзақ уақыт күтімге жұмсайды (бұл мемлекеттер ішінде Қазақстан да бар). ДДҰ сарапшылары, егер елдер бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен кеңес беру деңгейіне бөлінетін шығындарды көбейтсе, онда адамдардың ауқымды бөлігін қамтуға болады және көптеген  ауруларды болдырмауға, қымбат тұратын стационарлық көмекке деген қажеттілікті төмендетуге болатындығын айтады.

Жалпы алғанда, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы көптеген факторларға тәуелді: дұрыс тамақтану, күнделікті тәртіпті сақтау, таза ауада жүру,  қозғалыс белсенділігі, шынығу процедуралары, психологиялық жайлылық. Бұған қоса, білім беру жүйесі баланың дамуында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды денсаулық факторы болуы керек. Бүгінгі таңда білім беру ортасында жасөспірім ақпараттық және эмоциялық күйзелісті бастан кешіруде. Сондықтан, білім беру үдерісінің негізгі мақсаты жасөспірімдердің тұлғалық дамуында қауіпсіз мектеп оратсын жасау болуы тиіс.

Осылайша, жас ұрпақ дамуында психикалық денсаулық маңызды рөл атқарады. Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің психикалық ауытқуларының алдын алу өте маңызды. Себебі, бұл ел болашағына тікелей әсер етеді. Егер бұған бізбүгін күш салмасақ,  ертең тым кеш болады.

Айсұлу Молдабекова 

әлеуметтанушы 

“Bilim Foundation” ҚҚ

ҚОҒАМ 13 желтоксан 2017 г. 2 160 0