« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Ішкі істер министрлігінде қызмет мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кезекті қоғамдық тыңдауға тікелей бейнебайланыс арқылы Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері қатысты.
Кеңесте «Жиналыс, митингтер, демонстрациялар, шерулер мен бас көтерулер, конституциялық құқықты пайдалану» тақырыбында баяндамалар тыңдалып, талқылаулар жасалды.
Кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамов, Кеңес мүшелері – ЕҚЫҰ бағдарламасының Бас офисі басшысының орынбасары Диана Дигол, қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтис, Халықаралық көші-қон саясатын дамыту жөніндегі орталық жобалардың үйлестірушісі Роман Макуха пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Қоғамдық тыңдау барысында Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха елімізде жиналыстар, митингілер, шерулер, бас көтерулер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жайында Заңда көзделген нормалар туралы айтты. Және осы шаралардың өтуі барысындағы қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде акцияға қатысушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекке қойылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта елімізде азаматтардың жиналу бостандығы және олардың өз тілектері мен пікірлерін тыйым салынбаған әдістермен шешу үшін барлық жағдай туғызылған. Атап айтсақ, жиналыстарды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі халықаралық құқықтық нормаларына және шетелдік жалпыға бірдей қабылданған тәжірибеге сәйкес келеді.
Кеңес отырысында заңгер Евгений Жовтис, үйлестіруші Роман Макуха баяндамалар жасап, озық тәжірибелерді ұсынды.
ІІМ Қоғамдық кеңесі заңнамада көзделген қоғамдық бақылаудың 4 нысанын іске асыруда. Олар – қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау және сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау.
Мәселен, 2016-2017 жылдары Кеңес ғылыми шеңберде ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғамның басқа да институттарын қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелері бойынша 5 тыңдау өткізді. Жалпы, Қоғамдық кеңес құрылғаннан бастап 12 отырысы өткізілген. Кеңес мүшелері азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттемелеріне қатысты 298 нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың 73 арызын қараған.
Кеңес отырысында тыңдауға қатысушылар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстарға орай қорытынды хаттамалар жасалды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |