Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округіне ауданның прокуроры Бекпанов Мадияр Ертарғынұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ибраев Нұрлан Мерғалиұлы және аудандық бөлім, мекеме басшылары тұрғындарға халыққа құқықтық, әлеуметтік, кәсіпкерлік салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары қатысты.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет қазіргі таңда іске асып жатқан "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының тиімді жолдарын, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова әлеуметтік саладағы болып жатқан өзгерістерді айтып өтті.
Жалағаш ауданының прокуроры Мадияр Бекпанов ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жиналысты қорытындылаған ауыл әкімі қонақтарға алғыс білдіріп, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.